ВЕРНУТЬСЯ

    Осы сәтті сағынып күткен Есен,

Түсінікті, Тәңірі Ием, түк деме сен.

Ай бола ма алтынмен аптамасаң,

Күн бола ма күміспен күптемесең.

Кім болғаным шынымды бүкпелесем,

Осы сәтті сағынып күткен Есен!

Күміс күлкі ме десем, күн жыры екен,

Айдын екен Айдан ақ сүт пе десем.

Кірім жуып Жем, Сағыз суларына,

Мен ризамын мамырда туғаныма.

Бозала таң, бозторғай, бота даусы...

Бұдан
артық не керек қу жаныма!

Ақындықтың жұлдызды
түн жары ма,

Ауламаймын қоянды, құлжаны да.

Әнші самал, әдемі
Ай, бақа даусы...

Бұдан
артық не керек бұл жаныма!