ВЕРНУТЬСЯ

    Ақын-депутат Мұхтар
Шахановтың «Түркістан» газетінде (20 қаңтар, 2005жж) жарияланған «Космополит
қазақтар » деген өлеңін оқыған соң, көз жасына

ерік беріп еңіреп
жылағым келді...

Күнделіктен.

Діңкеміз кұрып діл менен тілден кемдікте,

Нан тауып жедік - намысты қолдан бердік те...

...Жүрегім еріп, жас келді көзге «жүр-жүрлеп»

Елім деп мынау еңіреп тұрған Ерлікке!

Тұлданып рухы тұлан
түткендей тұтаған,

Қалмаған жұрт
ек қайда барса да құты аман -

Соры арылмаған басына салып басқыншы ел,

Соғыстар менен революциялардан жұтаған.

Қояндай өліп, қорлыққа көніп қазір де,

Қорқады
әлі көлеңкесі мен бұтадан.

Төрткүл дүниеге шашылып сосын тарыдай,

Сарғайтты қанша сағыныш атты сарымай!

Шолақ белсенді шотқағарлар шығып төбеге,

Атылып кетіп ел бағар ерлер ары бай,

Біз қазақ едік ұлып та қалған ұзаққа,

Ұлтына
тұлға боларлық ұлға жарымай.

Егемендіктің туын
көтергенде кеше біз,

Ежелден бергі қайтардай
көріп өсеміз,

Ел қазақ болып
ереуілге де шыққанбыз,

Қалжа жеген деп
бізді де тапқан шешеміз!

Өз жерімізде өгейлік шегіп тағы да,

«Бұл Қазақстан
кімдерге Отан?!» десеміз...

Тәуелсіздікке тәу етіп едік кеше біз.

«Интеллигенция» анау... ұлтын сүйгенді еш тұтқан,

Интеграция ұрандарына қостық шаң.

Мәңгіріп болдық
«Мәңгілік ынтымақтастық» пен

Терімді алып, керімді қазған «Достықтан».

Дүбәра туған дүмшеге намыс дарымай,

Мемлекеттік мінберден түспей, арымай,

Қандастарынды қанша рет жерге қаратты

Қарын мүдделі
қара бай менен сары бай!-

Мәртебесі биік мәжілістерде мән жоқ-ты,

Ұлтының
сөзін сөйлерлік ұлға жарымай.

Қыр көрсетер
деп сені қырғыз жұртына
асырған...

Наркескен етіп намысты,

Ойлантып жақын, алысты,

Оралдың елге, нарым-ай!

Бөркімізді атып, бөріше шулап теңдікте,

Бөкендей
болдық... намысты қолдан
бердік те...

Ризалықтан
да жылайды екен ғой пендесі,

Елжіреп іші ел деген қайсар ерлікке!

Құлдырандаған құлшылықтарды
құп алып -

Бодан ойлардан босағандай боп бұғалық,

Құдайы жолға құрбандық
шалып, дұға қып:

«Бүкпесіз айтқан Бүкілодақтық залға да,

Бір өзің бүткіл қазақсың!» десем, мына жұрт

Күпірлік санап, жазғырар ма екен жатып кеп:

«Қаймағы жоқ
бір қайдағы сөзді шатып?!»-
деп.

«Жұрт айтса - болды, кеп айтса - кенді» құлдықты

Надандық
білген налаға Абай батып тек.

Көптің мүддесі күн көріс
пенен қарында,

Космополит бай алады сатып арын да!

Тоқтықты ұқпас - тоқтышақтары жоғында,

Аштықты білмес - алдында қойы барында.

Сол кеп емес пе еді суырылып алғаш шығуға

Даусын бермеген ғарышкер Тоқтар,

намыскер Мұхтар-дарынға?!

Көптің мүддесі күн көріс
пенен қарында.

Қос арысымыздың қолына мандат бердік те,

Иншалла, енді сілкінер кезге келдік пе!

Жүрегім еріп, жас шықты көзден «жүр-жүрлеп»

Елдігімді жырлап еңіреген Мұхтар-EPJIIKKE!

Басылып калған басын көтеріп бұққандар,

Ығады енді ұлтына карсы шыққандар!

Әуезов Мұхтар, Мағауин Мұхтар, Шаханов.

Қазақта, өзі, әуелден аз ғой MҰXTAPЛAP!