ВЕРНУТЬСЯ

     Қарауылбек Қазиевтың рухына

Қауышып жылда жатпасаң,

Қарайлар едің қамығып.

Алпысқа толған ақ Қалқам,

Достарың келді сағынып.

Арғымақ-арман
баптасаң,

Аңқылдаушы едің ағылып.

Алыстап кетіп, ақ Қалқам,

Артыңда қалдық сағынып.

Ақтарылып өттің жұртыңа,

Ағыңнан кілең жарылып.

Ассалаумағалейкум рухыңа

Айтуға келдік сағынып.

Құштар ең тауға,
шың-құзға

Құлпыртқан
айдың орағы.

Айналдың ерте жұлдызға,

Жұлдызың сенің жоғары!

Ақ ерке Ай да асқардан

Ақ шуақ төге тамсанып,

Сызылып шыққан
тастардан

Сыңғырлы бұлақ
ән салып;

Саз қосып
сайлар сырнайлы,

Бәйшешек дәурен бөктерлер,

Қарауылбек
боп жырлайды

Қаз қанат
әлем - көк пен жер!

Жан дүниең сонда елжіреп,

Жаз шығып келе жатады -

Ақ бантик
сынды желбіреп

Алғашқы махаббат әні!