ВЕРНУТЬСЯ

      Кесірдей аттаны мен сүрені көп,

Кез екен көңіл ашар реңі жоқ.

Қалқам-ай, ағаңа сен ұрыспашы

Қабағың түйіліп кіл жүреді деп.

Бассам да табаныма талай кілем,

Басымды байлаулы құл, малай білем.

Сұрқылтай
уақыттың сұрын көріп,

Сұстанбай,
қабақ түймей қалай жүрем.

Жидіді күлкі деген абат жидем,

Көптен бір сәті келмей сабақты инем.

Қан қырғын соғыс жылғы сәбилерміз

Қаз тұра...
дүниеге қабақ түйген.

Ойлама қоян ілер тазыңдай бір,

Көңілдің шахтасынан қазылмай нұр,-

Жастықта келген бейнет қартта кетпес,

Қабақтар қазір-әлі жазылмай жүр.

Жарылсам ағымнан да расымнан,

Жап-жарық бала екенсің бір асыл жан.

Мен өзім көп күлмеймін, айналайын,

Ал күлсем - бұлттанған
күн ашылған!

Жазмыштың етті "сайра, жайна" шағы,

Болғанда Үркер алтау, Ай қашады.

Қабақтың түйілуі ойдан шығар,

Көңілді
кейде ойшыл қайғы ашады.