ВЕРНУТЬСЯ

      Тілекші менің қарағым,

Тірлігім қамын
жейсің де:

«Жаздың ба өлең жаңа бір,

Жағдайың қалай?» дейсің бе!

Итжеккен сапар түзеді

Италақаздың құмайы...

Жарылқар мені күз еді,

Жарытып жырға бір айы.

Жарқылдай алмай жанымен,

Жақсы
үміттерім дүр ұшып,

Суытып заман...

қалып ем

Бір уыс шал боп бүрісіп.

Қақаған
қыстың ішінде

Қандай жел екен көтерген?-

Өңімде және түсімде

Төгілтгі-ай нөсер төтеннен!

Береген, жомарт Тәңірім

Берейін десе, қиын ба?!

Жүргізіп маған әмірін,

Жүрегімде де миымда

Өлең жүр! Өлең, жарығым,

Күркіреп жатқан көлдердей!

Мінбей де түспей арыдым,

Ашаршылық
та шөл көрмей.

Әдірә қалды ұйқым
да,

Күмірә болды күлкім де.

Арбалдым шабыт - сиқырға,

Аман-сау шығу мүмкін бе?!

Сабырға берік дәт едім,

Сарқылған тұста екінді...

Сақалыменен әкенің

Ойнаған бала секілді

Сезінем қазір
өзімді,

Өзімді солай сезінем!

Ілейін десем көзімді,

Іле өзен-жырға кезігем.

Өзенге шүйгіп қонар каз,

Өмірге жоқтай
өкпем де.

Өлмеген құлға болар жаз,

Жақындап келдім көктемге!

Абай да
бай уайымға, мен де баймын,

Уайымымды желге емес, елге жайдым.

Сарнамаймын салдығын құрмадым деп

Керқұла аты қолда бар Кендебайдың.

Мұңы деме жырымды қара бастың,

Ақындарға ондай сын - жарамас сын.