ВЕРНУТЬСЯ

   -          Қайтпайсың
ба, ауып кетті екінді?

-          Күтем әлі
айналғанша іңірге.

Әкіматта есіктер бар не түрлі...

-          Ашпадың ба?

-          Аша алмадым
бірін де.

-          Қызметіңді
болар ма екен білуге,

Атшымысыз?

-          Иә, әрине,
атшымыз.

-        Кірмейсің бе?

-        Рұқсат жоқ деп кіруге,

Жібермейді алдындағы хатшы қыз...

-        Мұндай қысың бұрын-соңды болмаған.

-        Қалаң анау ақ
түтекке оранған.

-        Балаң нешеу?

-        Үскірікте он
балам

Үсіп өліп қалмаса игі бораннан.

-        Оңайлықпен
тоқтай қоймас бұл еркең,

Кәсібің не, үйің бар ма, шырағым?

-        Боқшанамен
қоқыс тасып күнелтем,

Бір орыстың падбалында тұрамын.

-        Әй, қарындас,
кірсін мына кісіміз,

Жанашырлық жасасайшы пақырға-ай.

-        Онда сіздің
болмасын түк ісіңіз,

Рұқсат
жоқ, бастық өзі шақырмай!

-        Қой, кетелік,
беті бетпақ, қатты екен.

-        Қайта бергін,
асықсаң сен жүруге.

-        Аман боп тұр, бұлар бар ғой, атшекем,

Құдайға да: "Рұқсат жоқ!" дер кіруге.