ВЕРНУТЬСЯ

      Осы қазақ өзін- өзі
кұр алдап,

Құл болуға
неге сонша құлыкты?

"Ұлы
көсем жасасын!"деп
ұрандап,

Ұлып іші -
қырылғанын ұмытты!

Бүлк етпейді не бүйрегі, не беті,

Жағынуды кәсіп еткен кәрі кырт...

"Әкім-қара аман болсын!" деп отыр,

Әлқиссаға
аузын ашып әлі жұрт.

Сөйтсе, аспанның сиырлары желіндеп,

Қарық болар секілді кыр қазағы.

Сол ортада, еңіремей елім деп,

Ақын қалай
көңілді өлең жазады?!

Балқытам деп кеше қара тасты да,

Бар үмітін таусып алған тақ-тұқпын:

Жатып жастық болып Билік астына,

Шапан жауып иығына Шаттықтың.

Асан қайғы
салып берген жол қалып,

Кетбұғасы бұл заманның кер кетті...

Ежелгі жұрт -

"Мұң мен зарды қолға алып"-

Елімайлап еңірегенді Ер депті!

Абай аға, "ішіп бейнет сусынын",

Күйі тайған өлең
бүгін күйгелек.

Қалам алсам, кек пен ыза ушығып,

Қайғы жаққа әкетеді сүйрелеп!