ВЕРНУТЬСЯ

  (Қараш Есенғали
ақынша)

Адасып кеттік білем, шыда, бала,

Кәріні алжасты деп кінәлама.

Аршыған жұмыртқадай аппақ екен,

Қай қала: Актөбе
ме мына қала?!

Келгенде көңілдегі
астанама,

Бір таныс кездеспеуі масқара да!

Саудың да біз бейбакпен саудасы жок,

Өзге өмір, бөтен ұрпак, баска кала!

Жөн сілтер Смағұлдар майдан көрген

Женепті қосын артып қайран жерден.

Жаңа тел, жас гүл-кұрақ жамырайды

Жастықтың қозы-лағын жайған белден.

Жем күткен дүңгіршектің дүмшелері

Жерлесі екенімді білсе еді!

Үлымын Нұрпейістей жырдың десем,

Жеті жыл түрдым десем, кім сенеді?!

Бұл да бір біз көретін заман ба екен,

Жағдайы жақсы ма екен, жаман ба екен?

Алдымнан Идош неге шыкпай койды?

Ардагер Мұхтар ақын аман ба екен?..

...Адасып кетгік білем, шыда, бала,

Сен мені жазғырма да, сынама да.

Аршыған жұмыртқадай аппак қала

Қай кала: Ақтебе ме мына қала?!

Ақтөбе Алматы емес картаятын -

Көк мұзда жамбас қирап, жантаятын...

Қызмет жағынан да өсті дейді,

Әкімнің сыйлығын ап Ертай ақын.

Тілейік ірі тірлік біз ініге,

Титтей бір
реніштің ізі міне:

Апыр-ай, «қоса сал» деп айтса қайтер

Ағасын әлгі әйбат тізіміне?!

Өзі де қорытылған қорғасындай,

Сөзі де
бәйге атының жорғасындай -

Қонғаны жақсы болды-ау Мейірханның

Қос тігіп ойдың ұлы ордасындай!

Құлпырып кеткен екен кұба дала,

Қай қала аппақ қала, мына қала?!

Бастайық
Байғанинге гүл қоюдан,

Сонымыз дұрыс шығар, сірә, бала.

Үлкеннен кейінгіге үлгі қалып,

Түсті ғой дін жолына күллі халық.

Батыр қыз
Әлияға бас иелік,

Мешітте мінәжат қып
мүлгіп алып.

Ақтөбе - рухани әлем делік,

Бір әні біз екенін дәлелделік:

Тахаңның театрына тағзым етіп,

Сағидың көшесіне сәлем беріп...

Содан соң құшақ жайып сағынғанға,

(Мұрша жоқ
жазған құлда дамылдарға!)

Барайық ел
ағасы Елеусінге,

Кім білген: қабылдамас,
қабылдар да?!.