ВЕРНУТЬСЯ

     Жүргем жоқ кісісініп-місісініп,

Жүректе сағынышым түсі сынық.

Семейге, Атырауға, Қостанайға,

Ақтөбеме жатамын құс ұшырып.

Телегей құштарым
да теңіз менің,

Тебірентіп інілерім - егіздерім.

Алыста солар болып аңсағаным,

Ішкенше асығамын лебіз-демін.

Кеудемнен өлең деген өрт тарап та,

Ер салдым жем-суыма бөрткен атқа.

Түгел сай төрт құбылам
болса екен деп,

Кеудемнен құс
ұшырам төрт тарапқа.

Берген-ау маңдайыма
ырыс қып менің,

Абайдың елінде бар Тыныштықбегім.

Абайлап асыл түбін аңғарып ем,

Бөтен бе бауырымнан ұлы іс күткенім.

Жұмбақ бір
Әбдікәкім елем делік,

Жырларын жүрмін дертке дәрі, ем көріп.

Есен бе Есенағам деп жетер-ді

Семейден келген сайын сәлем беріп.

Маңғыстап ойым талай жатты аунап та

Маңғыстау деген мұнай - бақ бау-бақта.

Апырай, табан ізім түспепті бір

Адайлар өлкесіне - Ақтау жаққа.

Құмайға, мұнайға да түбек жари -

Ақтау ғой ақындықта жүрек бар үй:

Сабырсыз сазы керуен Сабыр Адай,

От алған Отпантаудан Светқали.

Жаныма жас шағында-ақ жақын дедім

Арқада ат оздырған Ақылбегім.

Қоңырау шалған кезде Қостанайдан,

Дән терер дауысынан дәтім менің.

Мінгенім Құлагер
ме, кер тай ма еді,

Селт етпес сертке берік серт-ай деді.

Ол жақта мені іздейтін, теңіз дейтін

Ақтөбе Мейірхан мен Ертай жері.

Құлыншақ құлдыр-құлдыр бала күнгі,

Құлдығым,
сағындым мен жанатымды.

Ғарышты құшам
десем, ұшам десем,

Екі інім көтеретін қанатым-ды.

Сағидай сазда өскен Жақсылығым

Жүр шығар баптап жырдың бақ шыбығын.

"Жүр-жүрлеп" інілердің ізіне еріп,

Жүрегім іздемеген тапшы күнім.

Сенімге серік етпес секектерді,

Екі Бауыржан - бауырым, екі өкпем-ді.

Біреуі редактор болып өсіп,

Біреуі бизнес деген жетекке ерді.

Азғантай ақын деген қауым елі

Шабыттың қосын тіккен ауыл еді.

Шақырып тұрады
сол шайырлардың

Орнатқан жырдан қашап тауы мені.

Болғанмен бақшасы да бауы бөтен,

Інілер шығар биік тауым екен.

Күркіреп көкектегі көк бұлттай,

Сіркіреп тауларыма жауып өтем!

Өлеңдей
өзек керіп өрт шұғылам,

Төрт жаққа
көңіл деген көртті бұрам -

Ар ма деп алыстағы
інілерім,

Түгел сай бар болсын деп төрт құбылам!