ВЕРНУТЬСЯ

     Қашты деп қар,
бораны аз қаладан,

Қаңқылдап хабар
айтты қаз даладан.

Жабығып қалмады
ма жалғыздықтан

Жапанда жалғыз үйді жазған ағам?!

Жан еді көңіл нұрын дария біліп,

Жарқылдар ел алдында жария жүріп.

Көзді бір жұмды
дағы көшті деді

Көкшеге ән
жетектеп, ария мініп.

Аттанса аяқ жөргем
жолда десіп,

Алдынан ашылады толған есік...

Қоғабай
Сәрсекеевке

Тарықпас түзде - сері, үйде - пері,

Тағдырын тарландардың ол да кешіп.

Өлеңнен кейде мұңды
жақұт құрап:

«Өтті-ау,- деп уайымдамас,- уақыт, шырақ

Торыны талға байлап мінбесе де,

Ақаннан гөрі аздап бақыттырақ.

Бас салып бақас иттер талайды-ау деп,

Бас бағу көрмепті
бір жан айла боп.

Қыр-сыры күйтшіл емес қыран екен,

Күтетін қызметші
малай да жоқ.

Бір сәлем жастық шақтан әкелсе кім,

Шертердей қалдырмай ес-қапер шерін -

Ақанның кезіндей боп, езіндей боп

Арқаның ардагері Сәкен серің.

Бұл ағам салт ұстапты Рухтардан

Мұраға сал-серілік ғұрып қалған.

Көңілі қалам болып, ғалам болып,

«Кел Қопа жағасында тұрыпты арлан!»-

Деп ертең ел жүрер
ме жаны үздігіп,

Таңдайын
шілде қақтап, тамыз жұлып...

Тірілткен Ақан сері ардагерді

Сәкен сері
бабасын аңыз қылып!