ВЕРНУТЬСЯ

...Қақ, төбеден қайырымсыз қоғамға

Қандай рахат отырсаңыз саңғытын

Тыныштықбек
Әбдікокімич

- Тұс келмеспіз тойға да, топырға да!

Торығып кеп кәбінге отырды ана...

Мағынасыз «ахаулап» бір ән бастап,

Машинасын секіртті шопыр бала.

Соза-соза сорлыда дауыс кұрғап,

Ырбаң жол да шыдамды тауысты ырғап.

Екі дүние патшасы екінді етіп,

Күнді түнге ойы бар ауыстырмак.

Күндізгі арман, ендеше, алыс тұрмақ!..

Күреңітті
лезде тау үсті жақ.

Тұңғиықта
тіршілік тұншыққандай,

Тұман түсіп, қарға ұшып, қар ұшқындап.

Құз-шатқалдың әлі
алыс кұмар таңы,

Тоңып қалды-ау
тоны жоқ шынар-талы!

Күмбезіне қарға
мен жарты Ай қонып,

Көне зират
көмескі мұнартады.

Көрмегенге ала жіп - ардан аттап,

Көрінер ме мұңдайда
жарқанат-бақ!

Аумағы да ұлғайып...

кеткен екен

Тауларымда мола мен қарға қаптап?!

Жатқандарға
жарықсыз, миық кермей...

Жаббар Ием, сәулесін иіп бергей.

Шұбалады қаласы
марқұмдардың

Жайлау іздеп шұбырған киіктердей.

Қарғалардың қарқылы
жаман екен,

(Қалай құстан «тоқтат!» деп талап етем?!)

Тірісінен қазақтың өлісі көп,

Жаксы болмағаны ғой заманекең.

Құзар шында ат өліп,
арба сынбай,

Құмығады құзғынша
жар басында Ай...

«Қайырымсыз қоғамға қақ төбеден

Саңғытар» ма ем Тыныштықбек қарғасындай!