ВЕРНУТЬСЯ

      Сансызбай Құттыбаевқа

Жалғызым өлең еді жалғандағы,

Әлі көп бұл
ағаңның арман-зары...

Әкімдік кеңселерде

қандай жақсы

Өзіндей ақындардың бар болғаны.

Көгерткен көп алғысы өмірлі етіп,

Ұлтыңның
бір ұлысың көңіл жетік...

Өтті ғой Өзбекәлі, Ілиястар

Тірлігін өнерпаздың жеңілдетіп.

Кетіп ем кеше ғана мен ел келіп,

Кең пейіл кішіліктен кемелденіп.

Сансызбай інім бар деп Ақтөбеде,

Жүрейін жүрегіме демеу көріп.

Жаныңнан кектемдегі далаға тең

Жақындық сезгендеймін алабөтен.

Ақынды билік бүгін іздемейді,

Әкімді
ақын іздер заман екен...

Алаштың арқаланып мол мұратын,

Ағаңыз ізгілерге болды жақын!..

Ескеріп Ел шайыры Есенбайды,

Іздей жүр есен бе деп сол бір ақын?!