ВЕРНУТЬСЯ

    Баяндап, хикмет айтып бісмілдамен,

Дүр-гауһар шәкірттерге
шаштым міне.

Еркіммен қан жұтып,
шер құштым да мен,

"Екінші дәптер"
сөзін аштым міне.

Жаратса, ықылас қойып ақылға кім,

Жалғанда тұтар
соны жақын жаным.

Жедім де жетім-жесір, пақыр қамын,

Жетесіз кердеңдерден
қаштым міне.

Қайда да қайырымдылыққа талаптан да,

Кемтарға қайрыла жүр, қарап қалма.

Жақын бол махшар күні Жаратқанға,

Мейірімсіз менмендерден қаштым міне.

Миғражда Алла адалдық ниетін берді,

Расул сүйді міскін, жетімдерді.

Қайтып кеп, ғарыптікке бекінген-ді,

Ізіне ізгіліктің түстім міне.

Байғұсқа,
үмбет болсаң, сыйыңды арна,

Айтылар аят, хадис жиын қалма.

Шүкір де Алла ризық бұйырғанға,

Шарабын қанағаттың іштім міне.

Расул мүсәпір болды Мәдине кеп,

Азабын ақыреттің пәниде жеп.

Құдайдың
сүйген құлы зар илемек,

Сорлы боп сол жолға аяқ бастым міне.

Ел кезіп Мұстафаша,
ақылды ал да,

Көңіл бөл жетім-жесір, пақырларға.

Дүниеқор, безбүйрекке жақын барма,

Бездім де, дариядай тастым міне.

Қасиетген құралақан
қалған залым -

Құранды
қайтсін мендей жалған ғалым.

Құрбанға
жоқ қой және шалған малым,

Құдайдан
қорқып, жалын жұттым міне.

Кебімен алпыс үште азабымның,

Кең Құдай
берер демей жаза бір күн,

Ораза, намазымды қаза қылдым,

Иманды ойлап, уайым тұттым міне.

Дариға, махаббаттың татпай дәмін,

Тәрік қып қараорманым жатпай бәрін,

Батпаққа батып барып Хақты ойладым,

Өлерде, шайтанға еріп, састым міне.

Жебеп бір кезімде сол шырылдаған,

Жетті ғой жеті кәміл пірім маған.

Қалпында қашты
ібіліс бұрылмаған,

Нұр иман -
билхамдилла аштым міне.

Пірмұған
қызметінде зыр жүгірдім,

Күндіз-түн сетін білмей бір мігірдің.

Аластап албастыны, тірлігімнің

Түтіні түзу ұшып
қайттым міне.

Ықылас бейбақтарға суытпастан,

Бағын аш, басқа ойларды қуып бастан.

Мейман қыл мейірленіп, туыс тапсаң,

Бұл сөзді
Хақтан естіп айттым міне.

Болса кім жетімдерге ұдайы жар,

Күнәдан Тәңірі алдында бұл айығар.

Біліп қой: жыртық үйдің Құдайы бар,

Мұстафа
уағызын айтып тұрмын міне.

Жетіде Арыстан бабқа арнап келдім,

Мұстафа
өсиетіне қанбақ болдым.

Сол шақта мың бір зікір сарнап бердім,

Алаңсыз Аллаға бет бұрдым міне.

Құрметтеп,
басым сипап, құрма берді,

Жөнелді жан дүнием жырлап енді.

Кеудеден ашып басқа нұрлы әлемді,

Мектепте қайнап-тасып, толдым міне.

Оқып мен "Инна фатахна" мәнін ұқтым

Танғанша естен сонша табыныппын.

Таяқтап молдам ұрсып,
қамырықтым,

Қан жылап, қам-қапалы болдым міне.

"Ей, надан!"- деп ұқтырды нұсқап тұрып

Содан соң құла
шелдер қыспақ қылып,

Әупірім әзәзілді
ұстап мініп,

Әләулай
әуеніне түстім міне.

Зікірден диуаналық жедел өттім,

Алладан басқа мұнда
не демекпін!

Күйімен шәкірттікте
көбелектің

Таулардан күйіп-жанып ұштым міне

Алла деп алып білім, тәлім көрдім,

Анадан қайта туған сәби болдым.

Арылып күнәсінен пәни жолдың,

Адалдық мақамына қайттым міне.

Кетпесең дін сүндеттен безіп егер,

Кектенбе кәпірге
де, кезі келер.

Жазасын бір Құдайдың
өзі берер,

Бұл сөзін
даналардың айттым міне

Ұстанып
сүндеттерін, үмбет болдым,

Маздатып жер астында нұрлы от лебін.

Мақамын сопылардың құрметтедім,

Жалғанның қызығынан бездім міне.

Бұруға нәпсім жолдан бекінеді,

Емінтіп, елге қадірім кетіреді.

Ол серік сайтанға да етіп еді,

Еліртпей, басын жаншып-ездім міне.

Құл Қожа
Ахмет, өмірің өтті надандықпен,

Бойда күш, көзде нұр жоқ - тамам, біткен.

О дүниеде
көріселік амандықпен,

Қайтерсің, керуендей көштім міне.

2-ХИКМЕТ

Ей, достар, құлақ
салың гәпке ішқапа,

Сондықтан алпыс үште кірдім жерге.

Миғражда рухым көрді Хақ Мұстафа,

Сондықтан алпыс үште кірдім жерге.

Сұрады
Жебірейілден Хақ расул:

"Тәңірі бұл неткен рух тәні ғасыл?!

Көзі жас, халыққа бас, жаны да асыл",-

Сондықтан алпыс үште кірдім жерге.

Жебірейіл: "Үмбет ісі бір сізге хақ,

Көкке ұшып,
періштеден алар сабақ.

Сыйлайды жалынғанға жеті табақ*",-

Сондықтан алпыс үште кірдім жерге.

Арнап сөз Хақ Мұстафа,
перзент деді,

Аруақтар сәлем берді жер-көктегі.

Теңіз боп телегей нұр тербеп мені,

Сондықтан алпыс үште кірдім жерге.

Жарылқап жаным пида жалқы Құдай,

Зікірді айт дегенде балқыдым-ай!

Хақ расул мейірімінен қалқыдым май,

Сондықтан алпыс үште кірдім жерге.

"Үмбет боп төрт жүз жыл соң жерге шығып,

Халықты бұр
жолынан пендешілік,

Он төрт мың мұджаһетті
делбеші ғып!"-

Сондықтан алпыс үште кірдім жерге.

Жеті қат көк дегені.

Тоғыз ай, тоғыз күнде түстім жерге,

Тұра алмай
тоғыз сағат, ұштым демде.

Баспалдақ ғаршы-гүрсі құштым мен де,

Сондықтан алпыс үште кірдім жерге.

Көкте мен намаз оқып көктедім-ай!

Кез жасын Хаққа қарап төккенім-ай!

Көріп бір көлгір сопы, сөккенім-ай,

Сондықтан алпыс үште кірдім жерге.

Жан кешпей уһілеуі - ол да жалған,

Жалтақтан жөн сұрама
жолда қалған.

Азат сол - Хақты тапқан, сол ғой арман,

Сондықтан алпыс үште кірдім жерге.

Төрт жаста Хақ Мүстафа құрма берді,

Көрсеттім адамдарға тура жолды.

Менен бет Қызыр бабам бұрмады енді,

Сондықтан алпыс үште кірдім жерге.

Бес жаста шариғатты зәуде білдім,

Дін жақтан, ораза ұстап, сәуле міндім.

Күндіз-түн зікір сарнап, тәубе қылдым,

Сондықтан алпыс үште кірдім жерге.

Алтыда пәни
деген кәрі шалдың

Бетімді пендесінен әрі салдым.

Аспанда періштеден дәріс алдым,

Сондықтан алпыс үште кірдім жерге.

Жетіде жетгі Арыстан баба бір күн,

Қайырлы болатынын қадамымның

Болжапты, әрбір сөзін нама қылдым,

Сондықтан алпыс үште кірдім жерге.

Әзірейіл жаназа соң жанын ішкі

Жеткізді жұмағына
сағынышты.

Періште рухын көкке алып ұшты,

Сондықтан алпыс үште кірдім жерге.

Аллалап, жер астында аялдады,

"Раббың кім?"- мәңкұр, нүңкір таянғаны.

Арыстан дін исламды
баяндады,

Сондықтан алпыс үште кірдім жерге.

Жұрт үшін,
ақылың болса, қинап жанды,

Оң жолға салғандарды сыйлаң мәңгі.

Құрметте
теріс жолдан тыйғандарды,

Сондықтан алпыс үште кірдім жерге.

Әрбір таң көктен хабар жамыратып,

Зікірді айтып жүрдім аңыратып.

Сегізде сегіз жақтан жолдар өрді,

Бір сәуле:
"Сен хикмет толға",- деді.

Пір шарап билхамдилла сонда берді,

Сондықтан алпыс үште кірдім жерге.

"Жақсылық пайғамбардан күнде тілеп,

Жанынды, жар ғып көркін, нұрлы етіп өт.

Жалбарын Мұстафаға
үмбеті боп!"-

Соны айтып алпыс үште кірдім жерге.

Тоғызда толғанбадым тура жолға,

Жұрт
мақтап әлгі сөзін шулағанға

Қуанбай, қаштым шөлге - қу далаға,

Сондықтан алпыс үште кірдім жерге.

Он жаста ұлан
едің, Құл Қожа Ахмет,

Қожалық мұнара
соқтың мұрат үдеп.

Құр жатсаң
қожамын деп - бұл ақырет,

Сондықтан алпыс үште кірдім жерге.

3-ХИКМЕТ

Құм қапты
құдайсыздар, Тәңір атып,

Сондықтан ғашық жырын өрдім міне.

Ізгілік он бірімде тасытты өлең,

Ібіліс, Алла деп ем, қашып менен.

Астамдық, әсірешілдік асып белең,

Жемісін он екіде көрдім міне.

Он үште нәпсіге еріп тауға бардым,

Тауып ап жүз мың пәле, дауға қалдым.

Талқан қып тәкаппарлық жаулап алдым,

Он төртте топырақ боп тойдым міне.

Он бесте хор қыздары бұралып кіл,

Құрметпен
қол қусырып, құрағытты.

Бейіштен Фирдус атты сыр ағытты,

Бәрін де Құдай үшін қойдым міне.

Күллі аруақ он алтымда медет берді,

Алғысқа адам келді бөлеп мені.

Өзімнің перзентім деп ебектеді,

Түркістан он жетімде тұрдым міне.

Шілтенмен бөлді он сегіз нұрдың дәмін,

Зікір caп,
жұтып күнде жүрдім жалын.

Жаннат кеп, құшып-сүйдім үр қыздарын,

Жамалын көрдім расул пірдің міне.

Қаймағым он тоғызда бұзылмаған,

Жетпіс мақам тосты дәм-тұзын маған.

Қайда да қолдап жүрді Қызыр бабам,

Рахым шарабына тойдым міне.

Жалындар жиырма жасқа жаңа жеттім,

Қызметін билхамдилла тамам еттім.

Ұшқан құс, құрт-құмырсқа сәлем
етті,

Сондықтан Хаққа жақын болдым міне.

Құдайсыз -
хикмет айтып жыламаса,

Сөзіне білгендердің құламаса,

Мәнісін
аят, хадис сұрамаса,

Сондайды көк төсінде көрдім міне.

Жүрегім көлгірлікпен келіспеген,

Жүздестім жүз мың түрлі періштемен.

Жолында бейнет бар ма мен ішпеген,

Пида ғой Хаққа жан мен денем міне.

Құл Қожа
Ахмет, жиырма бірде ақсадың-ай,

Күнәдан
тау арқалап жаста бұлай.

Қинаса қияметте патша Құдай,

Ей, достар, не деп жауап берем міне?!

4-ХИКМЕТ

Құлаққа хош ғайыптан хабар жетті;

"Жазасын Жаратқанның табар",- депті.

Жарандар топырақпен жабар бетгі,

Сондықтан Хаққа сыйынып келдім міне.

Жігіт боп жиырма екіде қырға шықтым,

Кеудемнен дертке дауа сырды ашыппын.

Жалған мен кейпін көрдім шын ғашықтың,

Сондықтан Хаққа сиынып келдім міне.

Ей, достар, жиырма үшке толды жасым,

Есіру, екі сөйлеу болды, расым.

Қинайды-ау қиямет күн, сорлы басым,

Сондықтан Хаққа сиынып келдім міне.

Бейбақ боп
жиырма төртте жүресі едім,

Берермін ақыретте бір есебін -

Өлгенде жүз мың таяқ дүре соғың,

Сондықтан Хаққа сиынып келдім міне.

Артынан жаназамның дертті боп бір,

Сүйрелеп, тас жаудырып, тепкілеп кіл,

Көрге атың, құлдық
қылмай кетті деп бұл,

Сондықтан Хаққа сиынып келдім міне.

Жетті ғой жырлап жиырма бес дегенің,

Зікірмен көкейімді тес те менің,

Көмектес, Сұбхан
Ием, ескер өзің,

Сондықтан Хаққа сиынып келдім міне.

Саудамды жиырма алтыда біле қалдым,

Астамшы Мансұр
сипат жүрек алдым.

Дерт пен шер, пірсіз жүріп, тілеп алдым,

Сондықтан Хаққа сиынып келдім міне.

Пірменен жиырма жетіде бір едім мен,

Шығармай әрбір сырын жүрегімнен,

Басына Аруақтардың түнедім мен,

Сондықтан Хаққа сиынып келдім міне.

Ғашық боп жиырма сегіз жасымда мен,

Жан кешіп, мехнат шегіп, бас ұрған ем.

Алдымнан Дидар көрер ашылды әлем,

Сондықтан Хаққа сиынып келдім міне.

Торығып жиырма тоғыз толдым жасқа,

Асықтық жолында өлмей, болдым қасқа.

Арылмас азабы тұр сордың баста,

Сондықтан Хаққа сиынып келдім міне.

Отызда қу нәпсіні
қойдым енді,

Рухтар отқа қақтап сойды мені.

Опасыз дүниеге тойды деді,

Сондықтан Хаққа сиынып келдім міне.

Құл Қожа
Ахмет, дүние қумасаң текке-бекер,

Көкіректен шыққан даусың көкке жетер.

Өлерде Мұстафа
ма өкпелетер,

Сондықтан Хаққа сиынып келдім міне.

Түсіріп күллі әулие жүзін маған,

Кеудеме Хақ сөулесін салды, достар.

Медеті дайын тұрар
Қызыр бабам

Қолымды мейірлене алды, достар.

Шараптап отыз бірде Қызыр бабам,

Көңілімнен қуып жынды ызыңдаған,

5-ХИКМЕТ

Сүйіп ем, бұрды
Құдай жүзін маған,

Содан соң адал жолға салды, достар.

Ой кешкен отыз екіде шағым мәлім,

Хақ айтты: "Пенделікке қабылдадым.

Өлгенде болар сенің пәк иманың",

Бұл сөзден
төбем көкке жетті, достар.

Ризамын, келді елден адамдар бір,

Сөкті, тепті - шыдап-ақ бағам да кіл.

Көз ілмей, әзір
болдым, ғаламда бұл,

Кекірлік, қызықшылдық кетті, достар.

Сақи боп отыз үште, ырыс балдың

Тостағын тоя жұтып,
дұрысталдым.

Шайтанмен, әскер
түзіп, ұрыс салдым,

Қос нәпсім, Шүкіралла, өлді, достар.

Ғалым боп отыз төртте данасынғам,

Құдайым
хикмет айт деп, аласұрғам.

Шілтенмен шарап іштім, жарасып жан,

Жан дүнием Хақ нұрына
толды, достар.

Мешіт кеп отыз бесте, қылып тәлім,

Ұйытып
шәкірттерді, ұлықтадым.

Тезге caп,
теріс жолдан бұрып берін,

Кен шарық көңілі жарық болды, достар.

Ынсап қып отыздың мен жетеуінде,

Алланың ынтықпадым шекеріне.

Еңіреп жас төкпедім етегіме,

Тәубемді етті қабыл Қожам, достар.

Отыздың сегізінде өмір өтті,

Өлер кез айналып жүр төңіректі.

Ажал кеп ала өгізін мөңіретгі,

Ғұмырым
ойламаппын озар, достар.

О, дәурен, қасіреттен сау шағым-ай,

Отыздың тоғызында қаусадым-ай.

Бүйткенше жақсы-ақ еді алса Құдай,

Тағатсыз қызыл жүзім солды, достар.

Көңілім қара, құдай
ақ сақал-мұртым,

Кең Ием, кейін серіп қаһар бұлтын.

Күйетін күнәм
үшін тақалды күн,

Күллі періштеге күнәм паш болды, достар.

Пір шарап тамшысына масанданып,

Түн қаттым, жол таба алмай, бас айналып.

Жақсылық Шүкіралла жасай қалып,

Құс
көңілім өңін көкте салды,
достар.

Азаптың қайран қалдым әр түріне,

Аза боп қияметтің тәртібіне.

Сираттан зәрем
кетті зәр түбіне,

Алжасып ақыл, есім танды, достар.

Құл Қожа
Ахмет, қырықты шырақ қыл да,

Ақыретте есінді жи, жылап мұнда.

Иман - дін, мәні - дүние мұрат қума,

Үлесін Құдай
деген алды, достар.

6-ХИКМЕТ

Иә, Алла, құдіретіңе
сыр ағыттым,

Сиынып, патша Құдай,
келдім саған.

Тәубе қып, күнәм
үшін қүрағыттым,

Сиынып, патша Қүдай, келдім саған.

Жол таппақ болып қырық бірімде мен,

Өмірде өліп-өшіп тірілген ем.

Жүрдім ғой жүздессем деп пірімменен,

Сиынып, патша Құдай,
келдім саған.

Білмекке қырық екіде талаптандым,

Сөзіне ұйып жалғыз Жаратқанның.

Жазмыштық жазуға көз қадап қалдым,

Сиынып, патша Құдай, келдім саған.

Көксеп, Хақ, қырық үште өз қасыңды,

Көл қылдым
егілгенде көз жасымды.

Асықтық тентіретіп шөлге асырды,

Сиынып, патша Құдай,
келдім саған.

Ғашық дерт қырық төртте ұрғанында

Айналдым махаббаттың құрбанына.

Мансұрдай
басым тіктім мұң-зарына,

Сиынып, патша Құдай,
келдім саған.

Құштарым
қырық алтыда өсіп-тасып,

Нұрыңнан
шайтан кетті кешіп, қашып.

Енді ғой Хақтан шабыт есікті ашып,

Сиынып, патша Құдай,
келдім саған.

Ғашық сыр қырық тоғызда шертіп едім,

Мәжнүндей елден қашып, тентіредім.

Ешкім де таба алмады дертім емін,

Сиынып, патша Құдай,
келдім саған.

Елуде ермін десем, тақсыр, ішім

Ез екен, бола алмадым жақсы кісің.

Жүрер ем иттей қаңғып нәпсім үшін,

Сиынып, патша Құдай,
келдім саған.

Құл Қожа
Ахмет, ер болмасаң, өлген жақсы,

Қызыл жүз қара жерде сөнген жақсы.

Көзіңді көр топырақ көмген жақсы,

Сиынып, патша Құдай,
келдім саған.

7-ХИКМЕТ

А, құлдық, құлқу
Алла, Сұбхан Ием,

Бір Құдай, бар Құдай-ау,
көрінсейші.

Қай күні қасіретіңді
жұтпадым мен,

Бір Құдай, бар Құдай-ау,
көрінсейші.

Көз жасым елу
бірде құмға сінді,

Тауға да, тасқа да ұрдым бұл басымды.

Көре алмай дидарынңды - нұрлы
асылды,

Бір Құдай,
бар Құдай-ау, көрінсейші.

Баз кештім елу екіде жиғанымнан,

Мал-мүлкім артық емес бір жанымнан.

Бездім ғой одан да һем иманымнан,

Бір Құдай, бар Құдай-ау, көрінсейші,

Несіп қып елу үште сол шарапты,

Жөн жолға салды мендей қор шолақты.

Көзімнен қуаныштың моншағы ақты,

Бір Құдай,
бар Құдай-ау, көрінсейші.

Еңіреп елу төртте
құштарым-ай,

Мағрипат майданында түсті арындай.

Сарп еттім ғазіз жанды Ысмағұлдай,

Бір Құдай,
бар Құдай-ау, көрінсейші.

Елу бес -
дидар тілеп тұрған шағым,

Күйіп кеп күлге айналған құрбан шағым

Ада боп, билхамдилла нұрды аңсадым,

Бір Құдай,
бар Құдай-ау, көрінсейші.

Е, тәубе, елу алтымда азап салмай,

Көз жаспен іштің
шерін тазартсаң-ай!

Бұл жұрттан көңілім қайтты ләззаттанбай

Бір Құдай,
бар Құдай-ау, көрінсейші.

Жүйткітіп елу жетіде ғұмыр әні,

Ей, достар, ескен желдей зымырады.

Пірмұған құйды
нұрын шұғылалы,

Бір Құдай, бар Құдай-ау,
көрінсейші.

Қанағат елу сегізде сезіндіріп,

Тыя гөр, қаһарлы Ием, өзің біліп,

Қуайын қу нәпсімді безіндіріп,

Бір Құдай,
бар Құдай-ау, көрінсейші.

Жазасы елу тоғызда Хақтың мәлім,

Жақсымды жан берерде жад қалмадым.

Бетім жоқ тендік сұрар, тарттым зарын,

Бір Құдай,
бар Құдай-ау, көрінсейші.

Мұрғасыз
алпыс келді мұршамды алып,

Жақсылық бір ісім жоқ, тұрсам бағып.

Жүріппін жазы-қысы құр сандалып,

Бір Құдай,
бар Құдай-ау, көрінсейші.

Алладан жұтып
алпыс бірімде мұң,

Көп қорқып күнәлардан, дірілдедім.

Жар болғай Жаббар Ием, пірім дедім,

Бір Құдай,
бар Құдай-ау, көрінсейші.

Азабым алпыс екіде қалмап еді,

Азат қып - жерге тартты Алла мені.

Жан мен діл,
ақыл-есім Алла деді,

Бір Құдай, бар Құдай-ау,
көрінсейші.

Жүректі алпыс үште дүрсілдетті:

"Жанымен құлым
жерге кірсін,- депті,-

Нәпсіні
қырып, көңілі тынсын",- депті,

Бір Құдай,
бар Құдай-ау, көрінсейші.

Құл Қожа
Ахмет, аян нәпсі көнбестігім,

Одан соң сәулем таптым - сөнбес күнім.

Жан беру дертін шектім өлмес бұрын,

Бір Құдай,
бар Құдай-ау, көрінсейші.

Күйзелтіп жарандарды опық өні,

Күллі әлем
сұлтаным деп тоқырады.

Қан жұтты
Хақтың адал сопылары,

Аза боп Мұстафаға
кірдім міне.

8-ХИКМЕТ

Таңсәрі, дүйсенбі
күн жерге кірдім,

Маза жоқ, Мұстафаға
кірдім міне.

Сүндетке алпыс үште пенде білдім,

Аза боп Мұстафаға
кірдім міне.

Қоштасар жер үстімен келді кезім,

Пәниді тастап, Хаққа елжіредім.

Зікір caп,
өлдім, күйдім мен бір өзім,

Аза боп Мұстафаға
кірдім міне.

Түнімен Таһаны оқып, көз ілмедім,

Ораза, намазымнан безінбедім.

Осы хал жер астында сезінгенім,

Аза боп Мұстафаға
кірдім міне.

Алпыс түн, алпыс күнде білдім тағам,

Намазбен таң атқанша мұңым шағам.

Болды ғой алпыс үште ғұмыр тамам,

Аза боп Мұстафаға
кірдім міне.

Жебеп кеп Расул-рух бұл бұрылып,

Жер асты бар періште құлдық ұрып,

Жұбатты,
иманымды нұрлы қылып,

Кіріп ем аза тұтып
Мұстафаға.

Үмбет қып, миғраж түні перзентім деп,

Көркімді көктен таптым, жерден тілеп.

"Берік тұт
сүндет жолын",- берген тілек,-

Кіріп ем аза тұтып
Мұстафаға.

"Адассаң, қияметте салам жолға,

Дос тұтсаң
Мұхаммед деп, жанам да онда,

Жетектеп жаннат кірем, алаң болма!"-

Келім ем қайғы жұтып
Мұстафаға.

Жараңдар,
бұл сөзді естіп қанаттандым,

Жарығы жан дүниеме тарап таңның.

Жарқ етті ақ дидары Жаратқанның,

Кіріп ем аза тұтып
Мұстафаға.

Жүз көріп, рухым ғарыш асып бұл күн,

Мұсадай
жалынында жасып мұңның,

Мәжнүндей ағайыннан қашып тындым,

Аза боп Мұстафаға
кірдім міне.

Жер асты қорлық көрдім көп машақат,

Тастан қып төсек, жастық, шектім мехнат.

Ей, достар, бұл
дүниеде жоқ дүр рақат,

Аза боп Мұстафаға
кірдім міне.

Бейнетсіз пайғамбардың нұры қайда,

Бос жүрген, қызмет қылмай, құрымай ма?!

Болуды Хаққа пида бұрын ойла,

Аза боп Мұстафаға
кірдім міне.

Танды есім жерге енген сол тұста тағы,

Көз ашып, көрдім бірден Мұстафаны.

Үмбеттей ғаси, жафи іш қапалы,

Аза боп Мұстафаға
кірдім міне.      

"- Қанеки, ей, перзентім, не тілегін?

"-
Қайғы-шер,- деді үмбет,- көкірегім.

Жанымды Хаққа пида етіп едім!"-

Аза боп Мұстафаға
кірдім міне.

"- Әзің кеш құлдарымды құлақ кеспе,

Жұмада,
әй, Мұхаммед, бір-ақ шеш те.

Сәжде қыл Тәңіріге жылап кеште!"-

Аза боп Мұстафаға
кірдім міне.

"- Күнәні
үмбетке төн кеш те бекем,

Мынаны, әй,
Мұхаммед, ескере көр.

Жәмиғың, Ахмет, сені не істер екен?!"-

Аза боп Мұстафаға
кірдім міне.

Ұят-ау
періштеден жасырғаным,

Аллаға мәлім арзан, асыл жағым.

Көз ілмей, тағат қылсам, тасыр бағым,

Аза боп Мұстафаға
кірдім міне.

Әумин деп, жерге
кірдім бейықтияр,

Әлеумет,
сахабалар һәм шәрияр.

Үмбетің күнәсін кеш, Перуардігар,

Аза боп Мұстафаға
кірдім міне.

Құл Қожа
Ахмет, "Дәптер сәни" мен сарнаттым,

Шарапқа екі жиһан қызығын саттым.

Өксіктен өлмес бұрын
әмірем қаптым,

Аза боп Мұстафаға
кірдім міне.

Тәңірім құдіретімен
бұрып бетті,

Құлшынып
жер астына кірдім міне.

Пәниден
ғарып пендең жүріп кетті,

Құлшылық,
жер астына кірдім міне!

Зікір caп,
Хаққа шалқып жеткен едім,

Дүние қызығын талақ еткен едім.

Бар күшім зая кетті текке менің,

Мұндық боп
жер астына кірдім міне.

Ісімнен тау-тас, қаһар шашып сонша,

Сілкінді: "He бітірдің асып-толсаң?!

9-ХИКМЕТ

Әуелі Алланы сүй,
ғашық болсаң!"-

Құлдық деп жер
астына кірдім міне.

Сіз, бізді жаратты Хақ тағат қыл деп,

Ғажап іс рақат үшін - ішіп-жемек.

Рухым мехнат шегіп, зар илеме

Сұмдық боп
жер астына кірші міне.

Қаңғыртты қара басым Хаққа бақпай,

Безеріп, бейқапа бір боп таң атпай.

Нәпсі мен мен мендікті
отқа жақпай,

Аптықпен жер астына кірдім міне.

Құл көріп
- қызмет қылсам естен танып,

Жолыңда
топырақ болсам, көштен қалып,

Ғашықтар күлі болсам өшкен жанып,

Дат қып мен жер астына кірдім міне.

Қан жұтып,
қасірет-қайғы жойды, асқынды,

Жарылқап Алла деуге тоймас құлды.

Тозақта қалмауымды ойластырды,

Шаттықпен жер астына кірдім міне.

Ойымның алпыс үште тұнық таңы,

Көңілім Хақты таппай құмыққаны.

Сұлтан деп
жердің үсті ұлықтады,

Шүкір деп жер астына кірдім міне.

Құрғақ сөз
шайқымын деп сапырғам құр,

Сәлдемді
сатып келдім бақырға тұл.

Қу нәпсім отырғызды тақырға ақыр,

Күпір боп жер астына кірдім міне.

Құм қапты
өзімді де, көзімді де,

Рухым Хаққа қарай безінді де,

Күнәсін сезіп жүрек езілді де,

Қысылып жер астына кірдім міне.

Пір берген шарапқа елтіп, қара бастым,

Шәблідей
жан дертімен жағаластым.

Ат-тонды ағайыннан ала қаштым,

Ісініп жер астына кірдім міне.

Құл Қожа
Ахмет, ақылың тасып бара жатса,

Өзіңе айт, өле сүймеу жарамас та!

Дауа жоқ қас наданға қара қасқа,

Түсініп жер астына кірдім міне.

10-ХИКМЕТ

Басынан әркімнің бұл жалған өтер,

Баянсыз - жатпай жиған мал да бекер

Қарындас, атаң-анаң қайда кетті?

Ағаш ат әлі-ақ бір күн саған жетер.

Хақты сүй, пендешілік қамын жеме,

Кісінің, қыл көпір тұр, малын жеме.

Қарындас, қатын-бала кімнен қалмас,

Құл Қожа
Ахмет, сынды, сорлы, сағың неге?!

Белгісіз қалды енді қанша ғұмырың,

Берік бол, жалғыз Хақты барым де де.

Адамның асыл тегі су мен күл ғой,

Күл болмақ қайта айналып жалын дене

11-ХИКМЕТ

Ей, достар, пәк махаббат мұрат тұттым,

Пәниді дұшпан санап жүрдім міне.

Сиынып Хазретке - қуат күттім,

Мансұрдай
ғашық ғұмыр сүрдім міне.

Ниетпен белді
буып Хаққа бақпақ,

Ақ жолда өтті
Мансұр асқақ аттап.

Қорлады ит терісін басқа қаптап,

Мұсылман,
мен де Мансұр болдым міне

Қан жүрек ғашық жырын қозғап тағы,

Ән Мансұр
"Әнәл Хақты" боздатқаны.

Қылғынып қыл тұзақта
озбақ шағы,

Хақ жүзін дарға асылып көрдім міне.

Талша боп қылша мойын баратқан-ды,

Талай дос қайран-асыр қарап қалды.

Талайы иітті ме Жаратқанды,

Дидарын, нұр
шашылып, көрдім міне.

"- Еңіреп, жаныңды жеп, езілме бек,

Болаттай бола түсер төзім керек.

Тимең деп әмір еттім, өзім жебеп!"-

Жазмыштың жазуынан көрдім міне.

Жайған сөз үш жүз молда жамиғатқа,

Бір рауаят қоссам мен де шариғатқа.

Жар бол, Хақ, Алла жолы ақиқатта;

Шын сырын басым беріп білдім міне.

Бір белгі қалса екен деп, балшекерлеп

Жыр жаздым, мәніне зер салса екен деп.

Дүр-гауһар сөзімді еске алса екен деп,

Жайымды ғашықтарға айттым міне.

Жалғыз сөз қорлықпенен жалмады да,

Ада боп ессіз Мансұр қалмады ма!

Хал-жайын ешкім білмес, Алла куә,

Қан жұтып,
мен де көріп қайттым міне.

Мансұр шаһ
"Әнәл Хақпен" ер еді деп

Ақылды алжаспайды,- берері жоқ.

Азғынға ақиқаттың керегі жоқ,

А, Құдай,
жетті анық көзім міне.

Солқьлдап
сорлы Мансұр аһ ұрғанда,

Саһарда нұрын
құйды рахым Алла.

Шараппен шілтен жанын шақырғанда,

Шапағат даналарға сөзім міне.

Қас надан сөз қадірін қайдан білсін,

Қанеки ақ жолға бел байлар кісің?!

Иттесіп, адамдықтан тайған құрсын,

Пенде боп залымдарға, өлдің міне.

Ұят жоқ сұм-сұрқия, нас адамда,

Дәрусіз дәруіштер
мәз асағанға,

Жазықты болды тегіс Жасағанға,

Көңілді аят, хадис бөлдім міне.

"Қорласа зұлым
нақақ - Аллаға шақ,

Қол жайып, құлшылықпен
дұға оқып бақ.

Бермесе, сен жабырқап, кел, сабыр тап",-

Термелеп Тәңірі
сезін тердім міне.

"Зарарлы кетсе егер зар ұқтырып,

Арамды, күмәндіні тәрік қылып,

Адалдан дос талғай жүр парық біліп,

Залымға жүз мың пәле бердім міне.

Жаратқан залымның да мен түп-тегін,

Ұмытып
Жаратқанды, сен күтпедің.

Ілестің Ібіліске елтіп керім,

Залымның бердім ашып жолын міне.

Жарлығым саған жаза кесті менің,

"Алла емес, нәпсі көкей тесті" дедің.

Сөйлеп ем хақиқат сөз - естімедің,

Залымның қылдым ұзын
қолын міне.

Ей, мақұрым, Хаққа ойынды жуытпадың,

Қу нәпсі, харам дүние қуып қамын,

Безбедің, одан көңіл суытпадың,

Қан жұтып,
қайран болып тұрмын міне.

Залымды сылтауратпа, өзің залым,

Өтпейді тамызсаң да сөздің балын.

Көз тоймас түгел берсем дүние малын,

Тоймастың көзіне құм құйдым
міне!"

Жаратқан: "Жаным, тәнім, жамалым,- деп,-

Хаққа құл,
көзім гүлі, маған үмбет!

Шын сүйсең, шапағат қып бағамын",- деп,

Сыбырлап қызыл ерні айтты мұны.

Хақ сөзін Құл
Қожа Ахмет қозғап өтті,

Құдайға құлшылықпен боздап өтті.

Бүкпесіз бұрып
адал жолға бетті,

Мәнісін "Алла-ақиқат" толғап өтті.

12-ХИКМЕТ

Ынтық қып
ғашықтарды Ием Сұбхан,

Өртіңе ризалықпен
күйдім міне.

Көзімнен бұлбұл ұшып
екі жиһан

Жоғалды, жалғыз
Хақты сүйдім міне.

Жарылқар жалғыз Хаққа аштым да жан,

Айналдым ақ дарияға тасқындаған.

Тұп-тура Тәңіріге
бастым қадам,

Пәниді жүз мың талақ еттім міне.

Алдында ғашықтықтың иілмес кім,

Жеткізбес құдіретіңе миыңды ешкім.

От құшқан
пәруананың күйін кештім,

Жалғанның бұл
сырына жеттім міне.

Тәу етіп ойға түстім, қырға шықтым,

Тәуекел
жолдасы ғой шын ғашықтың.

Табаннан таңдар
атып, түн қатып мың,

Көрсем деп дидарын бір, жорттым міне.

Жапанда жаннан безіп жалғыз өзім,

Телміріп қарай-қарай талды көзім.

Көміл пір шарабымен салды сезім,

Алақтап айдалада торықтым міне.

Қадамын тариқатқа қарай басып,

Санадан сәулелі бір арайды ашып,

Бұл жолда
топырақ болды талай ғашық,

Сөзіне көптің көңіл қойдым міне.

Бастағы баянсыз бақ - тамшыға мас

Тариқат жолында өзін қамшыламас.

Отына жеті тозақ жан шыдамас,

Жараңдар,
қу тірлікке тойдым міне.

Іш-сырты күйіп-жану беп-белгісі -

Көз жасын қандария еткен кісі -

Тариқат мәніне сол жеткен кісі,

Көзімді қанды жаспен ойдым міне.

Шариғат - дүр ғашықтар әфсанасы,

Болмаса асып туған нақ данасы,-

Басқаның тариқатқа жоқ таласы,

Бұл сырға ғаршы үстінде қандым міне.

Махаббат бағын кезбей ғашық болмас,

Бейнетсіз нәпсің өліп, нәсіп қонбас.

Тамшыны татып көрмей тасып болмас,

Шым батып шын гауһарды алдым міне.

Ес-түсті ғашық дерті етіп мұнар,

Пәниден ол жаққа тез кетіп бұлар,

Мұратқа
жер астында жетіп тынар,

"Дүние сұм",- деді Расул, қойдым міне.

Бозарып қырмызы жүз сезім, ойдан,

Болмайды шын ғашықтың кезі жайраң.

Көзі - жас, көңілі - ойран, өзі қайран,

Аң-таң боп құдіретіңе тойдым міне.

Іңкәрлік
наласынан шөл кепкенде

Көз жасын Құдай
берер көлдеткенге.

Жолында Жаббар Ием өлмес мен бе,

Желпініп қалғаны бір ойдың міне.

Алаулап мұрат
үшін асыл, биік,

Жанарға ынтызарлық жасын жиып,

Жалбарып Жаратқанға басымды иіп,

Енгені жер астына бойдың міне.

Махшарда қалайсың деп сөзің лебі,

Жібітіп жүрек қаны, көзім көлі,

Жасаған, жарылқай гөр өзің мені,

Мен үміт рахымыңнан еттім міне.

Құл Қожа
Ахмет, ұста Хақты назарыңа,

Қорлық бар Тәңіріден жазалыға,

Ораза, намазыңды қаза қылма,-

Орындап, мұратыма
жеттім міне.

13-ХИКМЕТ

Кең Меулім кеңшілік қып кешіргенмен,

Бетім жоқ, Хазретке қалай барам?!

He таптым жолдан тайып, есіргеннен,

Бетім жоқ, Хазретке қалай барам?!

Жақсы ғой жамандыққа ұрынбаған,

Алла Хақ құйды,
рас, нұрын маған.

Пірім де жол көрсетіп, шырылдаған,

Бетім жоқ, Хазретке қалай барам?!

Маңдайға бұйырғанын көрем Хақтың,

Отан деп биік щықпай, төмен бақтым.

Өксіктен, өлмей тұрып, өрем қаптым,

Бетім жоқ, Хазретке қалай барам?!

Жалмардай жұтқынына
жарты әлемді,

Құмарым
ішпек-жемек арта берді.

Сазайын сұм
құлқынның тартам енді,

Бетім жоқ, Хазретке қалай барам?!

Өмірдің дүние демей мағынасын,

Ашсам деп үмбетінің бағын асыл,

Тірлікте тыншымады Хақрасул,

Бетім жоқ, Хазретке қалай барам?!

Көрмей ме танда махшар зарпымды Алла,

Көз тіксе таразыға тартылғанда -

Қылмысым бастан асып-артылғанда,

Бетім жоқ, Хазретке қалай барам?!

Күндіз-түн тынбай жыла, Құл Қожа Ахмет,

Құрмет
қыл, Расулға бол да үмбет.

Есіркер көңіліңді
сонда бірлеп,

Бетім жоқ, Хазретке қалай барам?!

Сал мені өз жолыңа, о, Жасаған,

Өлгенше арып-ашып, талдым міне,

Қаралап жалмауыздар боқ асаған,

Қатер мен қорқынышта қалдым міне.

Қуалап қыр көтінен дүние боқтың,

Соңынан сүмең қағып, итше жорттым.

Ақ жол мен Хақ өмірін тұтқан жоқпын,

Ей, достар, батсын қайда қарам міне?!

Әзәзіл құртты адамды -
"ілімменен"

Түйедей мұрындықтап
мінуменен.

14-ХИКМЕТ

Оң-солын қиын ба
еді білу деген,

Дариға, опа таппай барам міне.

Жанымнан жатса сұмдық балалап тек,

Жаратсын қайтіп Құдай, жамағат көп.

Ақыры шыға келдім қарабет боп,

Апыр-ай, болдым неге арам міне?!

Жақсылық еткендердің құрбаны боп,

Елпілдеп құрақ
ұшып тұрғаным жоқ.

Мен бейбақ құдіретіңе
бұрмадым бет,

А, Құдай,
тағдырымды бердім міне.

Көп күнәм өмірімде ақыр етіп,

Панаңа қашып келдім, қапы кетіп.

Назар сал Құл
Қожа Ахметке рахым етіп,

Мен сорлы, не қылсаң да, келдім міне!

15-ХИКМЕТ

Ей, достар, жолдас болып қас наданмен,

Өлдім де - өз қадырым жойдым міне.

Түк шықпас тура жолға бастағанмен,

Қан жұтып,
қайғы уына тойдым міне.

Кещемен күн
өткізсең - кұнаң асар.

Тозаққа бірге
кірген - бұл адасар.

Наданнан тозағың да тұра қашар,

Қазандай суық ұрып,
солдым міне.

Барма сен, бар ынтанды дұғаға сал,

Құтылсаң,
бір жақсылық Құда жасар,

Жүре бер, сорласа да сұрама хал,-

Наданнан жүз мың қорлық көрдім міне

Қайғыдан жетті енді аһ ұрғаным,

Қайдасың, қайырымды сақиларым?!

Жақсыдан жүз садаға пақыр жаным,

Жаманнан қашып, жерге кірдім міне

Қайғысыз қапа қылды шырқымды алып

Жыласам, күлкі күйлер жырқыл қағып.

Аш бақа, ала жылан, сыртын бағып,

Наданнан сасып, саған келдім міне.

Жаманға жазатайым басқан кезде

Жалынсаң, жабысады аспан жерге.

Жарамас қол беруге сасқан жерде,

Наданнан жасып, күдер үздім міне

Жалғыздық, жақсы кетіп, маған қалды,

Еститін бір жақсы сөз заман қалды.

Дананың бәрі
кетіп, надан қалды,

Қармалап қараңғыны сүздім міне.

Бейкүнә жерде мынау нұрға құмар

Болдық па бейқасиет құлдан ығар?!

Бейітті аят, хадис ұрғаны бар,

Қамырық қам-қайғыда жүздім міне.

Арылтшы дерт-азаптан айла тауып,

Арызым саған шақтым, қайда тәуіп?!

Мен - бейбақ, өзгеге Хақ нұры жауып,

Үлес бер, өлейін деп келдім міне.

Тәңірі деп
тәрік қыл да жиған малды,

Қой, сорлы, дүние ісі деп қиналғанды.

Жарылқар
Алла сақи иман жанды,

Баз кешіп, көрейін деп келдім міне.

Тарттым да "Дәптер сәни"
жебеп міне,

Ескерткіш қалдырдым мен өжеттіге.

Қастерлеп, аруағымнан медет тіле,

Арзу қып, Рахман Ием, келдім міне.

Хикметім: көздің
жасын бұлағанды -

Азат қып қу
нәпсіге құл адамды,

Жұбатсын
қанағат боп жылағанды!

Жан қиып, жанқалқамды көрдім міне.

Қайтейін қайран өмір қапыда өтсе,

Хал біліп, қамым жеңдер ақыретте.

Жол берің жолдан қалған Құл Қожа Ахметке,

Жол іздеп, тіленші боп жеттім міне.

Құл Қожа
Ахмет, тіленші боп пана Хаққа,

Басыңмен қызмет етіп, адал ақта -

Сұхбат қыл
алқа қотан жамағатқа,

Қауымнан іштей тілек еттім міне.

16-ХИКМЕТ

Ұнатпан көңіл
көзін ұйығанның,

Құптамас Құдай да оны - қандым міне.

Құлыққа
хақиқаттан құйыға алдым,

Қашан да Хақтан сабақ алдым міне.

Бір ием білім берді беделді етіп,

Жер-көктен шайтан безді жеделдетіп.

Шалқыдым шарап ішіп өлендетіп,

Қашан да Хақтан сабақ алдым міне.

Мұңдының
көңілін мұнда жарық қылар,

Махшарда бақытқа оны қарық қылар.

Алла ма сүйген құлын
тарықтырар,

Қашан да Хақтан сабақ алдым міне.

Көзімнен қан ағызып жад қылмадым,

Берсең де жүз мың бейнет, дат қылмадым.

Шер көңілім, сенен қорқып, шат қылмадым.

Қашан да Хақтан сабақ алдым міне.

Сақина тілеп алса сау басына,

Түспесе адал жолға - тәубасына,

Сене бер Алла нұры
жаумасына,

Қашан да Хақтан сабақ алдым міне.

Бәрі бір пақыр ғашық, патша ғашық,

Бұйрықсыз
сөз айта алмас Хақтан асып.

Құдайлы құлқын қумас бақталасып,

Қашан да Хақтан сабақ алдым міне.

Құл Қожа
Ахмет, жеті жаста сабақ білдім,

Сегізде дүние қызығын талақ қылдым.

Тоғызда бір Құдайды
қалап білдім,

Қашан да Хақтан сабақ алдым міне.

Құл Қожа Ахмет
тастай қашты нәпсі тағын,

"Аллаға ұюға"
арнап жақсы шағын.

Құс жүрек аңсай ұшты
Хақ құшағын,

Құлмын деп жылап
дұға қылам саған.

Шет қылма мен сорлыны - төкші нұрын,

Дем алмай жылап дұға қылам саған.

Дөңбекшіп түн баласы, көз шырымын

Мен алмай, жылап дұға қылам саған.

Алдыңа тәуекел
деп жетіп едім,

Шер толды, шерменде боп көкірегім.

Егіліп өткен
іске өкінемін,

Көз жасын бұлап
дұға қылам саған.

Түсінбей бақ екенін мен ғұмырдың,

Қадірін, қазан ұрып,
енді білдім.

Пәниді тастап, дінге белді будым,

Бұлбұл боп жылап дұға қылам саған.

Бұл жолда
құлқынды ойлап жасымаған,

Жүре алмас жанын баққан пасық, арам.

Пендесін Алла өзі асыраған,

Мұңлың боп
жылап дұға қылам саған.

18-ХИКМЕТ

"Алланы жиі есіңе ал",- деп келді аят,

Сарнап мен, сан қиналып жүрдім міне.

Жаратқан ғашықтарды, серт берді, аяп,

Сол жолда жан пида қып жүрдім міне.

Жасаған шыны ғашық жұратына

Жар болар, жетсе екен деп мұратына.

Жалғанды өртейді өз күнәсына,

Ынтызар ынт-шынтыммен құлмын міне.

Тілді алсаң, кәрстанның
хабарын біл,

"Болам-ау мен де сондай" - сабағын қыл.

"Өліңдер
өлмек бұрын" амалын қыл,

Есіме ап бұл
хадисті тұрмын міне.

Жаратқан: "Аз күлің",- деп қылады жар,

"Көбірек,-
дейді және,- жылаңыздар".

Мәніне бұл аяттың құлаңыздар,

Күлместен пәниде
осы жүрдім міне.

Ойсызға ыржақ-қылжақ ұнап жүрер,

Бойсұнған
еміріне - жылап жүрер.

Күндіз-түн көздің жасын бұлап жүрер,

Көз жасын көл қып ғұмыр сүрдім міне.

Ішінен дінге
карсы, сырты мұсылман, екі жүзді адам.

Кәпір.

Сұм нәпсім отқа
қақтап қайта жанды,

Өрт-жалын өн бойымды жайпаған-ды.

Иманын машырықтың шайтан алды,

Аузымды Алла деп тек аштым міне.

Сүйегін күтір-күтір уатып бір,

Тозақта күлін қуыр мұнафықтың.

Игілеп, имандыны жұбатып тын,-

Алладан иман тілек еттім міне.

Асырмақ болды нәпсім айласын кеп,

Басымды ап қаштым, пірім, қайдасың деп.

Құл Қожа
Ахмет, жан жаннатта жайнасын деп,

Құдіретке ұшқан құстай кеттім міне.

Алланы шын сүйгендер махаббатпен

Нәпсіден
безіп тынды қапалы еткен.

Құйды нұр Құдай өзі шапағатпен,

Содан соң дария болып тастым міне.

19-ХИКМЕТ

Дариға, не істемекпін ғарыптікте,

Шын сорлы
кезбе болып шықтым міне.

Хорасан, Шам, Ғиратқа барып, тіпті,

Қаңғудың көп қадірін ұқтым міне.

Қайтеміз Құдай
салса, бұғам бел мен,

Қынғаннан - Жүсіпті ол қуған-ды елден.

Мүбәрәк Түркістаным - туған жерден

Тасқа ұрып
бауырымды келдім міне.

Кезбелік - Мұстафадан
бата қалған,

Ол және отыз үш мың сахабадан,

Әбубәкір, Оспан, Омар аталардан

Жеткен жол екендігін айттым міне.

Ширатып шикі өкпе бір жас баланы,

Даналық мүшкілдіктен басталады.

Киім жоқ, табылса егер ас-тамағы,

Сондықтан Түркістанға қайттым міне.

Көрмесең жүз жыл тұрып жарып түк те,

Зындан ғой бақ пен тақ та, парық күтпе.

Құл болған
Махмұд сұлтан ғарыптікте,

Жараңдар,
кезбеліктен күйдім міне.

Жүргенде арып-ашып, Хақ біледі,

Іздеп кеп Арыстан бабам тапты мені.

Көрдім деп нұр
иманды, бақ тіледі,

Бұл сырды
көкейіме түйдім міне.

Жарасар елге тату, жайраң заман,

Сиындым аруағыңа, қайран бабам!

Кезімде кезбелікпен сайрандаған

Тағзым қып қанша есіме алдым міне!

Ескеріп естімеген құлақтарды,

Құдайдан Құл Қожа Ахмет сыр ақтарды.

Кезіп бір, кентіне кеп тұрақтанды,

Мазар боп Түркістанда қалдым міне.

20-ХИКМЕТ

Сүйген көңіл
аңсап алаң, Мұхаммед,

Ақ жолыңа жан садағам, Мұхаммед.

"Жаратқанға құлдық" жырын жатқа айтар

Саған үмбет барша ғалам, Мұхаммед.

Еңіреп жүріп екі жиһан кезейін,

Диуана қыл шаң сабаған, Мұхаммед.

Сүйем сені,
өлтір, ерте махшарда

Берсең жаза қанша
маған, Мұхаммед.

Қайтем налып, кереметім өзіңсің,

Үмбетім деп шаршамаған, Мұхаммед.

Күндіз-түні қасірет жеп, шеріңді

Шығарарсың, таң самалам, Мұхаммед.

Жұртың
үшін қайғыдан қан жұтар боп,

Ойлайтының айып-күнәм, Мұхаммед.

Қиямет күн біздейлерге жаза жоқ,

Шаһтың шаһы, сайыпқыран Мұхаммед.

Бәрін тастап, Мұхаммедтен
алғыс ал,

Қас қағымда ғайып болам, Мұхаммед.

Ел құдірет
деп, жалғыз тілек - тұтанды
от,

Жапа-шермен жасыт мені, Мұхаммед.

Теңсіз Алла теңіз етіп тамшымды,

Дариядай тасыт мені, Мұхаммед.

Жол иесі Ғафар, Сатар жар болғай,

Кетпе тастап, асып қараң, Мұхаммед.

Тамшы шарап нәсіп
маған әуелден,

Даңқың мақтау кәсіп
маған, Мұхаммед.

Қызыл қымыран ұсынды кеп Пірмұған,

Жақсылығын тасытты әман Мұхаммед.

Мақсатыма жеткіз мені, жан Алла,

Жұпар иіс
шашып маған, Мұхаммед.

Пердені ашып, жүзін жарық қыла гөр

Мен пендеңнің ғашық саған, Мұхаммед.

Қасқа Иасауи жаралсам деп жылайды

Қайта жерде басып қадам, Мұхаммед!

"Үмбетім емес кәззаптар",- деді Мұхаммед,

"Алдамшылдарға
азап бар",- деді Мұхаммед.

Ақ, тура жүрсе, арамдық жолда болмаса,

Үмбетім деуге, асылы, тоймас Мұхаммед.

Пендеңмін десе ол, Расул ісін қолдаса,

Шапағат күні мақұрым
қоймас Мұхаммед

21-ХИКМЕТ

Тәңірінің сөзін,
Пайғамбардың сүндетін

Алмаса кабыл, үмбетім демес Мұхаммед.

Үмбетсіп жүрсе бұйрығын
қьшмай кім де кім,

Үмітін үзер, онда ескермес Мұхаммед.

Күнәкар болған мүшкіл боп хәлі, жұтар бек,

Махшарда күйер, үмбетім демес Мұхаммед.

Қиямет-қайым болғанда сені, Құл Қожа Ахмет,

Құдай деп
жүрсең, құр қалдырмас Мұхаммед.

22-ХИКМЕТ

Рахыммен пермен қылды Хақ тағалам,

Зейін caп
жерге кірді Құл Қожа Ахмет.

Сүндетін алпыс үште сақтап адал,

Зейін caп
жерге кірді Құл Қожа Ахмет.

Тірі өлген жер үстінде дұғалықпын,

Сүндетті алпыс үште сұрап ұқтым.

Құлдық қып
жер астында құрағыттым,

Зейін caп
жерге кірді Құл Қожа Ахмет.

Еш көмек жүз
жиырма беске дейін

Ел-жұрттан ала
алмадым - не істемейін.

Ертеңнен егілмедім кешке дейін,

Зейін caп
жерге кірді Құл Қожа Ахмет.

Болсам ғой шын үмбеті Мұхаммедтің,

Бағы бар - үмбет жолын тұтар бек кім.

Мехнатын балдан тәтті шыпам деппін,

Зейін caп
жерге кірді Құл Қожа Ахмет.

Мұхаммед
қиды біз деп жанын неге,

Жалғандық, үмбет болсаң, қамын жеме.

Шаш та төк - бір бес күндік малың неге?!

Зейін caп
жерге кірді Құл Қожа Ахмет.

Елуде хабар келді: адам өлмек,

Аллаға пенделікті иман бермек.

Табысып таңда
махшар Дидар көрмек,

Зейін caп
жерге кірді Құл Қожа Ахмет.

Мұсылман,
шыңдық осы, жалғаны жоқ,

Баяндап бұл
дүниеде қалғаны жоқ.

Имансыз - десе біреу Алланы "жоқ",

Зейін caп
жерге кірді Құл Қожа Ахмет.

Құдайым тақуаны қашық көрмей,

Маңдайын
қияметте ашып бергей.

Махшарда мәпақа мен нәсіп бергей,

Зейін caп
жерге кірді Құл Қожа Ахмет.

Ей, милау, мехнатты мекенің қыл,

Шеккен шер - дүр ғанибет шекерің бұл.

Аманат ғазіз жаның екенін біл,

Зейін caп
жерге кірді Құл Қожа Ахмет.

Сүндет сол: алпыс үште табыт кермек,

Елшіге екі жиһан жарық бермек.

Сырына тірі өлмектің қанып көрмек,

Зейін caп
жерге кірді Құл Қожа Ахмет.

Жасырып сен де жерге дидарыңды,

Құл
болсаң, Мұстафаға қи жаныңды.

Жаның не, бермес пе едің иманыңды?!

Зейін caп
жерге кірді Құл Қожа Ахмет.

Құл Қожа
Ахмет алпыс үште болды ғайып,

Қасынан тауып Хақтың жолды лайық.

Сұлтан да,
ұлтан да боп қолды жайып,

Зейін caп
жерге кірді Құл Қожа Ахмет.

Он сегіз мың бұл
ғаламға сардар болған Мұхаммед,

Отыз үш мың
сахабаға арман болған Мұхаммед.

Аш-жалаңаш
ғарыптердің қанағаты Мұхаммед,

Жарылқаған кемдік
көрсе жамағаты Мұхаммед.

Түнде жатып көзін
ілмей, үмбет деген Мұхаммед,

Жетім-жесір,
пақырларды құрметтеген Мұхаммед.

Жолдан азған
күнекарға ғинаятты Мұхаммед,

Күні түскен
әркімге де инабатты Мұхаммед.

Әбужәһил
Әбулақапқа саясатшыл Мұхаммед,

Көңіл кірін жуатұғын
парасатты Мұхаммед.

Ораза, намаз ұстағанға
нұр сипатты Мұхаммед,

Тынбай тәпсі
тартқандарға ілтипатты Мұхаммед.

Әзәзілді
әшкерелеп, пәрмен қылған Мұхаммед,

Шариғаттың ісіне
көп жәрдем қылған Мұхаммед.

Адалдықпен
тариқатқа сол бастаған - Мұхаммед,

Сапарына
хақиқаттың жол бастаған Мұхаммед.

Жамандыққа
жақсылығын жұмсап келген Мұхаммед,

Аты шыққан залымға да ынсап берген Мұхаммед.

Жалбарынып, сәждеге
бас қойып өткен Мұхаммед,

Қанағатқа, қабыл болып, тойып өткен Мұхаммед.

23-ХИКМЕТ

Имамдық қып бес
уақ намаз иман берген Мұхаммед,

Миғраж асып барып сонда Дидар көрген Мұхаммед.

Қамқор болған ғаршы-гүрсі базарына Мұхаммед,

Ие болған сегіз бейіш ғажабына Мұхаммед.

Жетім-жесір, кем-кетікке сірә қорған Мұхаммед,

Міскін Ахмет құлына
бұл мұра болған Мұхаммед.

24-ХИКМЕТ

Қаһар атты
қаһарыңнан қорқып жылар Құл
Қожа Ахмет,

Рахым атгы рахымыңнан үміт қылар Құл Қожа Ахмет.

Кемшілігім тұман-ды,
кешір Алла, күнәмді,

Күллі құлдың
ішінде қылығы жоқ ұнам

«Ғаси» құл бар - Құл
Қожа Ахмет.

Мұнафықтар
жүрерлер, пасық тірлік сүрерлер,

Харам, күпір, кілең көр, жасын бұлар Құл Қожа Ахмет.

Тариқатты білмедім, хақиқатқа кірмедім,

Пір бұйрығын
ілмедім, сасып жылар Құл Қожа
Ахмет.

Ақырзаман болғандүр, хакім залым болғандүр,

Тобасыздар толған бір, басын бұғар Құл Қожа Ахмет.

Қайсар,
бағынбайтын.

Құмырша сайрап
бергенде, шын құлыңмын шерменде,

Арыстан бабқа бас
иіп, құлдық ұрар Құл Қожа Ахмет.

Жата қалып жалын,
құл, қанды жасың қамыр қыл,

Бөле тапсаң,
сабыр қыл, бөрі Хақтан, Құл Қожа Ахмет.

27-ХИКМЕТ

Жарылқар жалғыз Құдай
алдарынан,

Жасаған, не істесең де, ғашық қылшы.

Жаббарға жасым төгіп жалбарынам,

Жасаған, не істесең де, ғашық қылшы.

Жан бар ма іңкәрлікте жанып, солмас,

Ойранға дүние-малды салып болмас!

Сүймейше, Алла, сені танып болмас,

Жасаған, не істесең де, ғашық қылшы.

Түтеп бір шер түнегі басқанында,

Түп-түгел саған барғай сасқанында.

Қаратпас жеті тозақ қас қағымға,

Жасаған, не істесең де, ғашық қылшы.

Өлеңі шын ғашықтың жолық маған,

Өлгенше Закариядай болып бағам.

Құран аяттары болғандықтан, 25,26-хикметтер аударылған жоқ.

Айып та
азабынан қорықпаған,

Жасаған, не істесең де, ғашық қылшы.

Алұрып асық дерті кеудесінде,

Арман не өліп
кеткен пендесінде?!

Амал жоқ жолында жан бермесіме,

Жасаған, не істесең де, ғашық қылшы.

Қайдасың, іңкәр қылдың, амалым жоқ,

Күндіз-түн мақтаудан бір танарым жоқ.

Басқаға бір өзіңнен барарым жоқ,

Жасаған, не істесең де, ғашық қылшы.

Махаббат базарында сату болмас,

Бір Сенен өзгені ойлап жату болмас.

Сүйгендер дүниемен тату болмас,

Жасаған, не істесең де, ғашық қылшы.

Мен надан ғашықтықты дауға салдым,

Нәпсімен тасқа салдым, тауға салдым.

Сақина, өмірің қылмай, сауға салдым,

Жасаған, не істесең де, ғашық қылшы.

Құл Қожа
Ахмет, көзжас куә, ауаланба,

Дертіне ғашықтықтың дауа бар ма!

Дәруіштер
дұғасының даруы жоқ,

Топырлап жаманшылық толды, достар.

Ұстазы
ақырзаман залым болды,

Үзбеген үкілеуін ғалым болды,

Сәуегей шындықты айтқан жазым болды,

Ғаламат сұмдық заман жетті, достар.

Қиямет төніп келді, кетері жоқ,

Құл Қожа Ахмет айтқан сөздің бекері жоқ.

Ойламаң өзіне жар етеді деп,

Насихат халыққа айтып кетті, достар.

29-ХИКМЕТ

Ессіздер пір шарапқа елтіп, қанып,

Махшарда аузынан от шашар, достар.

Құдіретпен
жаратылған жеті тамұқ

Аһынан асықтардың қашар, достар.

Жақпақ боп тозақ сонда аққа қара,

Жалынып Тәңірі
аяғын құшар, достар.

Тілегін қабыл етпей Хақ тағала,

Ғашықтың көз жасымен ұшар, достар.

Асықтар барса зарын аспандатып,

Тамұғың тамтық қалмай өшер, достар.

Көз тастап, көкірек ашып, жас парлатып,

Күркіреп жеті қат көк көшер, достар.

Сақи боп Рахман Ием шараптаса,

Ағайын кешіруге жарап қалса,

Қағып ап жынымды Хақ хараптаса,

Күнәмнан
қалмас бойда нышан, достар.

Бездіріп ғашық дерті бақ, пайдадан,

Қожасы қос жиһанның - Хақты ойлаған,

Шын сүйіп, құдіретіңе шөк қоймаған

Асықтар бір Аллаға ұшар, достар.

Алмай көз, Аллалай бер алағызып,

Жаратқан емешегін саған үзіп,

Елжірер, жас орнына қан ағызып,

Әзәзіл, әлхамды айтсаң, күсер, достар.

Болса Хақ тамшы шарап - жеміс берер,

Кемелдеп айтсам зікір келісті егер,

Қызмет қып хор қызы мен періштелер,

Жұмақта
жібектен тон пішер, достар.

Алла өзі уағда қып ұшпағынан,

Шығарды қараңғылық қыспағынан.

Қан жұт
та, қамсыздықтың түс тағынан;

Сол ғашық нұр
шарабын ішер, достар.

Құл Қожа
Ахмет, рақатта болып анық

Жүрсе кім - қылмас Құдай оны қарық,

Алдынан ғаршы, лауқы жолы жабық,

Арамдар тозақ отқа түсер, достар.

30-ХИКМЕТ

Көзім - жас, көңілім - қайғы, жаным - жалын

Қайтсем-ай, не етерімді білмен, достар.

Қан жұтып
бұл қасіреттен арылмадым,

Қай жаққа кетерімді білмен, достар.

Ғаламат түрлі-түрлі жол бақпай ма,

Жарақат жүрегімді сорлатпай ма?!

Азаптан бірден азат болмақ қайда,

Апыр-ай, қайтсем екен, білмен, достар

31-ХИКМЕТ

Ғашыққа баян қьшсам ғашық мұңын,

Қаза боп аза бойы, сезер, достар.

Елсіздің ебелексіз басып құмын,

Ел-жұрттан,
үй ішінен безер, достар.

Ғашықтың азап-дертін ғашық білер,

Танымас артынан күл шашып күлер.

"Жынды" деп, таспен ұрып, тасып күлер,

Табанын табынғандар жалар, достар.

Иман жоқ сүймегенде, жаны да жоқ,

Болмайды Расул сөзін танып әлек.

Кереңге мың айтсаң да мағына жоқ,

Көңілі мақұрымның
қалар, достар.

Түбінде дарияның жақұт жатыр,

Кім сүңгіп алса - сол жан бақытты ақыр.

Нәпсішіл
нәпа таппас, сатып бақыр

Тиынға ар-иманың кетер, достар.

Алұрып
күйдім-жандым, төзім қашты,

Бұл қай
от: тіл байланып, сөзім қашты?!

Азабы махаббатгың көзімді ашты,

Мұратқа көзі
ашылған жетер, достар.

Жарылқар жанардан жас сырғығанда,

Адассаң, жүрер жолың нұр ғып Алла.

Қызмет қыл, қолынды алсын, Пірмұғанға,

Жемісін бейнеттенген көрер, достар.

Болды да заманақыр, рақым қалды,

Уағдасы Алларасул жақындады.

Жақсы құл
құлақ асып, ақылды алды,

Жаман құл
түра қашып, өлер, достар.

"Өмір шақ,- Мұстафа айтты,- бауырласып,

Үмбеттер, бірге тұрың қауымдасып!"

Жақсылар ертең ұшпақ
тауын басып,

Жамандар сазайын бір тартар, достар.

Ораза, намаз білмей, тасырлығын

Танытып, таза жүрмес пасық, зұлым.

Пысқырмас сүндет тұтқан Расул құлын,

Күнәсі күннен күнге артар, достар.

Дүниеқор малға тойып секіреді,

Астамсып, аспан тірер көкірегі.

Күпір боп, көрінде ертең өкіреді,

Иманнан жұрдай
болып өтер, достар.

Түбіне жетердей көз бойлатқанға -

Дүние жинауға бір тоймақ бар ма?!

Әзәзіл әңгіртаяқ ойнатқанда,

Жалғаннан жылай-жылай кетер, достар.

Құл Қожа
Ахмет, асықтық ісіңді аңғар,

Алла деп садақа бер - қысылған бар.

Дұға қыл:
мал қумасын мұсылмандар,

Мұратқа
ақыретте жетер, достар.

32-ХИКМЕТ

Махаббат шарабына тойып алмай,

Көңілді деуге болмас көтер, достар.

Алланы өліп кетсем ойыма алмай,

Өмірім өкініште өтер, достар.

Аллаға шын ғашықтар пырақ мініп,

Шырқырар құштарлығын
шырақ қылып.

Тариқат базарында құлап тұрып,

Хақиқат дариясынан өтер, достар.

Хақиқат дариясына шомған кісі -

Көзі - жас, өзі мұңдық болған кісі,

Дәмдіде соры қайнау - сол дәмдісі,

Бақытқа Дидар көру батар, достар.

Жүрегі бейнәпсінің
нұрдан жарық,

Жүз де мың құбылумен
құрбан бағып -

Жүреді жылпос сопы жылмаң қағып,

Бақырға бар ғаламды сатар, достар.

Жөн білсе, азап шекпей ғашық жатпас,

Хақ деген қу нәпсінің
қасын бақпас.

Пәнидің
қызығынан басынды ап қаш,

Бас тартсаң, менмендігің безер, достар.

Қыспағын қияметтің мол ұқпаған,

Тауқымет, тар лақаттан қорықпаған,

Жас төгіп Құдайына
жолықпаған

Тозақта жүз мың азап шегер, достар.

Дариға, нәпсіге еріп арам, залым,

Пида боп Хазретке бара алмадым.

Қылмадым Хақ өмірін, харам жаным,

Қасірет қаптар өлсем егер, достар.

Жетпеді шариғатқа сорлы басым,

Онсыз сен тариқатта болдырасың,

Мағрипты хақиқатсыз қор қыласың,

Жолына пірсіз қалай түсер, достар.

Құл Қожа
Ахмет, сұм нәпсімен сауда
қылып,

He таптың, ат-көлігің аударылып,

Аллалап қашып шықтың тәуба қылып,

Шат шарап Алла деген ішер, достар.

33-ХИКМЕТ

Жаратқан бір
Аллаға алып ұшып,

Жолынан жын-шайтанның қайтқын, достар.

Шарабын махаббаттың қанып ішіп,

Қан жүрек Хақ зікірін айтқын, достар.

Тостақты бір-ақ жұт та, ағыз жасың,

Топырақ боп қалар жолда ғазіз басың.

Қайғы-шер ақ жолында қабынғасын,

Қан жүрек Хақ зікірін айтқын, достар.

Бір аунап түскенше кіл аруақ қашан,

Қосылып сопыларға зар қақсасам,

Дүр теріп сол сүұхбатта
бармақтасам,

Қан жүрек Хақ зікірін айтқын, достар.

Жалғанды жалпағынан жайлап мұнша,

Жанымды тар лақатқа байлап тынса,

Расул: "Дінің не?"- деп айбат қылса,-

Қан жүрек Хақ зікірін айтқын, достар.

Қорлығы мәңкүр-нүңкір
сыйың болар,

"Раббың кім?"- деп шаққанда миыңды олар.

Е, сорлы, сонда халің қиын болар,

Қан жүрек Хақ зікірін айтқын, достар.

Өмірде кім шер ішіп, Аллалады -

Өлгенде шекер жеп сол, бал жалады,

Дана қып бір Құдай
деп салған ені,

Қан жүрек Хақ зікірін айтқын, достар.

Сөз - шырақ, халің - пілте, жасың - май-ды,

Баһрасыз неше айтсаң да бас ұрмайды.

Маңдайың
көз жабылмай ашылмайды,

Қан жүрек Хақ зікірін айтқын, достар.

Аллаға ұмытқан
соң бойсұнбағын,

Қалайша мал жинауын қойсын залым,-

Астамсып, арам қатар ойсыз ғалым,

Қан жүрек Хақ зікірін айтқын, достар.

Іш-сыртың бірдей
келіп жақсарсаң ба -

Жарылқар Құдай
өзі махшар таңда.

"Қап, қап" деп қапы қалған қақсар сонда,

Қан жүрек Хақ зікірін айтқын, достар.

Ғалым сол: Хақтан қорқып, жанын бұрса,

Ақырет, Құран,
намаз қамын қылса,

Алла деп көзден жасын ағылдырса,

Қан жүрек Хақ зікірін айтқын, достар.

Төрт болып екі көзі ондай ғалым,

Сәріде ерте тұрып
толғайды мұң.

Шоқ жұтпай шындық үшін болмайды құн,

Қан жүрек Хақ зікірін айтқын, достар.

Өліп-өш, өмірем қапсын кәпір нәпсің,

Өткенше бұ
дүниеден аһ ұрмақсың.

Тоздырып, ғалым, сені топырақ жапсын,

Қан жүрек Хақ зікірін айтқын, достар.

Мұндығын
Хақ Мұстафа құрметтеді,

Жадынан жазған құл
да бір кетпеді.

Жанынан қуат алды үмбеттері,

Қан жүрек Хақ зікірін айтқын, достар.

Ойында алалық
жоқ, таппай бәйек,

Ол жүрді үмбет үшін бақ қайда деп.

"Жаратқан бізді отқа жақпай ма?"- деп,

Қан жүрек Хақ зікірін айтқын, достар.

Құл Қожа
Ахмет, Хақ береді мұндайда
үлес,

Нәпсіңмен
Баязитше тынбай күрес.

Ашық бол, үмбетсің бе, қылмайды кеш,

Қан жүрек Хақ зікірін айтқын, достар.

Дидарға жанды құрбан
етпейінше,

Қылмаңдар Ысмағұлдай
арман, достар.

Tap кешіп, тариқатқа жетпейінше,

Айтпағын ғашықпын деп жалған, достар.

Ынтықтық шыбыныңды
ыршытқандай,

Жаратқан мехнат шексең тыншыққандай.

Жүрсең де қыр соңыңнан қырсық қалмай,

Тәңіріден өзгеге ой бөлмең, достар.

Басқадан өзін олар зор тұтады,

Хақ жолы, жанкештілік қорқытады,

34-ХИКМЕТ

Тойымсыз нәпсі
көңілін толқытады,-

Жалқаумен жолға шыға көрмең, достар.

Құр тілмен
ғашық жолын жүріп болмас,

Ол жақта, мұнда
еңіремей, күліп болмас.

Сарғаймай санаменен біліп болмас,

Әйтпесе, асықпын деп піспең, достар.

Мүршидке қызмет қыл, кел бекініп,

Мардамсу "мен өзім" деп - пенде қылық.

Тариқат жібереді жерге тығып,

Бұл жолға,
қаламасаң, түспең, достар.

Мүршидке қызмет қылсаң, нәпсің кетер,

Наданды қозғамағын, жатсын бекер.

Бұл жолда
рақатқа хас құл жетер,

Өлмексіз көрмек те жоқ Алла, достар.

Кәззапты Мұхаммед Хақ расулалла

Үмбетім емес деді, сол жадымда.

Жаннат жоқ жексұрынға,
олла-білла!

Ұятқа, жалған
сөйлеп, қалма, достар.

Тәрік қып дүние-мал деп жиғанды егер,

Қиындық кешсе жаның қинар нелер,-

Сол асық ақырында Дидар көрер,

Алланы, шашпа сырын, көрмей, достар.'

Байламас сырдан пайым надан болар,

Көрінде көрген күні қараң болар.

Жан кешкен асық жолда жанан болар,

Алмағын жаннан хабар өлмей, достар.

Құл Қожа
Ахмет, бастан кешпей, қақың бар ма,

Жар салма сүйемін деп, ақылды ал да.

Ғашықтық бір үлкен іс, ғапыл қалма,

Ғапыл боп Хақ дидарын көрмең, достар.

35-ХИКМЕТ

Шарабын
махаббаттың аса құнттай,

Аумаған дуана боп алды, достар.

Аш пен тоқ, пайда-зиян - бас ауыртпай,

Қызықпен сауық-сайран салды, достар.

Шадыман осынау бір шаққа бұлар

Пенде емес мал-мүлік пен таққа құмар.

Сиынып таңсәріден
Хаққа жылар,

Содан соң сауық құрып шулар, достар.

Ұмытып өзін өзі, ұшқындайды,

Байлықпен, ессіз жүріп, іс қылмайды.

"Тақсыр" де жүз мың адам - пысқырмайды,

Бір теуіп дүниені, дулар, достар.

Мақсатсыз ойын-тойға бұлай ынтық -

Аллалап ауызға алмас Құдайын түк.

Дүниеқор дәруішпін деп мүләйімсіп,

Думан қып дүние үшін жүрді, достар.

Дырдусыз ессіздерде маза болмас,

Ондайға Жаратқаннан жаза жолдас.

Көңілі, бойсұнса
да, таза болмас,

Сауықты сайтандықпен құрды, достар.

Шашыңды жүгіргенде жұлып сонша,

Құлдық қой
мұндайларда құлық болса.

Нәпсіқор,
дінсіз, бұзық ұлық болса,

Әзәзіл
ноқтасыз-ақ мінген, достар.

Болса егер айқай-шу қып шалықтасар,

Жер мөңкіп, Алла да бас алып қашар.

Жаратқан, жалбарынам: тамұққа сал!

Шалқып кіл, безді бұлар діннен, достар.

Думандар - жеңіп шықса дуаналық,

Хақ, пірден харам жанын тұл, ада қып,

Ерте-кеш әзір тұрмақ
күнә бағып,

Күлкімен күнәйім боп жүрді, достар.

Сайрандап Шәблі ғашық іш қапалы,

Көріп қап, сауал берді, Мұстафаны.

Құйқылжып,
көзін жұмып, құсша тағы,

Сондай құл
ойын-сауық құрды, достар.

Шақты зар: "Шат күлсем де бағы жоқпын,

Жебей көр, жеп бітірді лағынет мұң!"

"Иншалла,- айтты Расул,- қабыл еттім",

Рұқсат
алып сауық қып тұрды, достар.

Құл Қожа
Ахмет, құрмас болар сауық
тегін,

Табары сайқымазақ тамұқ дегін.

Жан дүнием бұл
сұмдыққа жабық менің,

Салтанат, Хақты тауып, құрды, достар.

36-ХИКМЕТ

Шарттарын ұққан
ғашық шариғаттың

Тариқат жосығын да білгір, достар.

Ада қып бар жұмысын
тариқаттың,

Хақиқат дариясына сүңгір, достар.

Табынбай Дидарға көз жетпек қиын,

Сағынбай сапарың оң етпек қиын.

Хақиқат дариясынан өтпек қиын,

Көз ілмей, Хақ дидарын көрдім, достар.

Ей, ғашық, ырғыт көзден жасынды ырғын,

Мехнатсыз мандай бағы ашылды кім?!

Зарланған жеріңе кеп басыңды ұрғын,

Бас тіккен мұратына
жетер, достар.

Бұл жолда
ат-көлігі жамалдатып.

Cop кешіп, мехнат шегер арам қатып.

Таң атпай зар жылаған табар бақыт,

Пәниден аһ ұрумен
өтер, достар.

Жыласа шын көңілмен, онда асық та,

Жасаған, жар болғайсың сол ғашыққа.

Түсінбей жол мәнісін, жолға шықпа,

Жөргемді жүрген аяқ ілген, достар.

Дариға, кеше ғана
жаралып ем,

Өттім ғой бұл
жалғанның амалымен

Дін тұтпай, дүние
қуу талабымен,

Халімнің не боларын білмен, достар

Шарабын махаббаттың сезбегендер,

Базарын Баязиттей кезбегендер,

Ісінен дүниенің безбегендер

Хайуан ғой, бәлкім, одан бетер, достар

Қайғысын ғашықтықтың қанат білсең,

Әдһамдай дүниені талақ қыл сен.

Мал қуып, ақылға ермей, ағат жүрсең,

Қинайтын қиямет күн жетер, достар.

Майсарап ішкен ғашық сыр шарабын,

Әлемнің алмайды оған мұнша бағын!

Қылп етпес жүз мың кеңес қылса да кім,

Жан сайрап, гүлгүл жайнап кетер, достар

Ілкі күн Құдай
өзі хабарласып,

Аруақтар айтар: "Жаны саған ғашық!"

Қарсы ұшып
Хазрет рухы амандасып,

Сол ғашық Хақ жамалын көрер, достар

Құл Қожа Ахмет, дүние-малдан тазамын де,

Еңіреп ақыреттің азабын же.

Болып бақ аза бойың қаза күнде,

Тілекті Тәңірім
сонда берер, достар.

37-ХИКМЕТ

Хақ танып, мүмкін
болсаң, табын соған,

Ұшпаққа тағат
қылған шығар, достар.

Жылама жүз мың пәле жабылса да,

Тек сонда ғашық сырын ұғар, достар.

Алланың асықтары балқи жанып,

Санамен Тәңірі берген сан қиналып,

Жолында өлуге әзір
жан пида қып,

Саһарда зар илеп бір тұрар, достар.

Ағайын, білмедім мен қайда бағым,

Салауат іске белім байламадым.

Сан-сапақ өсек болды сайрағаным,

Надандық өстіп жолдан бұрар, достар.

Күндіз-түн биғам қалдым ғажабында -

Зікір де пікір болмай назарымда,

Өзімді сатпай
ғашық базарында,

Сұм нәпсім жүз
мың тағам сұрар, достар.

Елпілдеп нәпсіге
еріп күбінбе құр,

Көз ілмей, ішпей-жемей жүгін де жүр -

Жаратқан жарылқайды түбінде бір,

Көреді көз ілмеген жамал, достар.

Өмірің зікір сарнау жолына бер,

Ей, ғапыл, дүние-малдан торыға гөр!

Қашан да жақсылардың соңынан ер,

Ақ жолда ақыр мұрат
табар, достар.

Дариға, арпалысып нәпсіменен,

Арманда өтті
ғұмырым жақсы деген.

Жан құсы
самғап, рухым қашты менен,

Наданның өмірі желмен жөнер, достар.

Ұйқы жоқ
дидар талап болар құлға,

Күндіз-түн зікір айтар олар мұнда.

Толықсып іші-сырты толар нұрға,

Адалға Алла нұрын
төгер, достар.

Өз жанын - білген ғашық жағып неге,

Өрттіге - шақпақ отын шағып неге?!

Былқ етпес, қанша
берсең, қарық деме -

Бейғашық бейғамнан да бетер, достар.

Құл Қожа
Ахмет, құрғамасын көзінде
көл,

Махаббат мәжілісінде өзің де бол.

Қайғыдан қан жұтсаң
да төзім деп өл,

Қиналсаң, Хақтан хабар жетер, достар.

38-ХИКМЕТ

Жебесе рух құсым
тезі мені,

Жеті қат шырқап, ғаршы жетер, достар.

Есті қүл зікірді бақ сезінеді,

Ет бауыр ғашық дерттен езіледі,

Кещелер кесапатқа кезігеді -

Жандары жаһаннамға кетер, достар.

Шайқысы бейтақуа ақырзаман,

Өң бояп, өтірікті тақылдаған.

Былшылды керемет деп қақылдаған,-

Ар сатқыш, елді аздырғыш екен, достар.

Өмірің өтіп кетті, ғапыл қасқа,

Амал жоқ ағызып жас, аһ ұрмасқа.

Бақ беріп,
сөйтсең, Алла бақыр басқа,

Сүйер де, құлын
азат етер, достар.

Өмірің өтпес үшін надандықпен,

Аллаға қызмет қыл адалдықпен.

Жаратқан сенен де ізгі қадам күткен,

Мұратқа
қызмет қылған жетер, достар.

Құл Қожа
Ахмет, хикмет айт жылап таңда,

Жараңдар
ықыласына құлақ сал да.

Хас гауһар
- ішкі асылын ұнатқанға,

Сырт баққан сырғаққа сөз бекер, достар.

39-ХИКМЕТ

Кел, достар, Алла деуден әсте танба,

Алла аты көңіл кілтін ашар, достар.

Айтқанда "Астапыралла - астапыралла",

Шыңғырып шайтан малғұн қашар, достар.

Сақ жүргін, саған дұшпан жын-ібіліс,

Тағдырдың шаттығынан мұңы дұрыс.

Алланың тар лақатта нұрын ырыс

Шашу ғып періштелер шашар, достар.

Хақ нұрдан қабір
іші жайнап жарық,

Қағілез малайктер
маймаң қағып,

Мұсылман мұны
көріп қайран қалып,

Жалғанның жарығынан күсер, достар.

Күллі аруақ мүбәрәкке жиылысып.

Жарылқар, қуаныштың күйін ішіп

Одан соң оңаша қап, сүйінісіп -

Рухтар құшақтаса
түсер, достар.

Жүріп кеп мәңкүр-нүңкір жеті қадам

Зілденсе, қарап болмас бетіне жан.

Шоқ шашқан екі көздің отына мән

Берер де, басын иіп, құшар, достар.

Мәңкүрге
пәк болуың жаман ғадет,

Көз жасын көл қылмасқа амал да жоқ.

Ақыры, Хақпенен тіл табам ба деп,

Аспанға құстай
самғап ұшар, достар.

Алладан хабар келді: "Жыладың не?

Қабірде хас құлымнан
сұрадың не?

Естіді, ей, бейәдеп, құлағың не?!"-

Тырағай меңкүр-нүңкір қашар, достар

Періштелер.

"Пәниде
білген рақат таппауды бұл -

Ес-дерті тек мен болған мақтанды құл.

Азаптан азат басы, ақтаулы құл!"-

Күнәсін
кешіп, бағын ашар, достар.

Жаратқан нұсқайды
адал жол қашан да,

Жатқандар риза болғай оңда-солда,

Қиын ба аруақ жебеп, қолдаса Алла,-

Хақ нұрын
қабірстанға шашар, достар.

"Хош келді - Шүкіралла, естен танып -

Көрмедік көр азабын, көштен қалып.

Тірілдік өліп қайта, өшкен жанып!"-

Қол жайып, Хаққа өтініш жасар, достар:

"Елеп не меңкүр-нүңкір енді жасын!

Құдірет,
не істесең де, сен қыласың.

Жар болсаң, жолымызды кең қыласың!"-

Сәжде қып,
шәкірт тілін ашар, достар.

Тағат қыл "Лә Иллаһа Илаллаға",

Пәниде
қолды сілте жиған малға.

Ақырет азабын жеп қиналғандар

Шарабын кәуіс-кәусар
ішер, достар.

Әзелде Хақ жамалын жазса басқа,

Қас қылған жүз мың шайтан қақсамас па?!

Аш талып, көштен қалып ақсамас та,

Дана боп Алла әлемін ашар, достар.

Махаббат майданында жүрген қатып -

Хақиқат дариясынан ілген жақұт.

Мағрипат оймен сүзіп, ділмен батып,

Ілімнен інжу-маржан шашар, достар.

Ғашық сол - Хақ деп безіп жан тұғырдан,

Азанда асса зары алты қырдан.

Алғысын жарандардың даңқы қылған

Сұлтан
боп, сәулет-нұры тасар, достар.

Адал құл
абыройын түсіргі емес,

Ишандық мақтан гәйлеу
ісім демес.

Құрмайды
міскіндермен қысыр кеңес,

Ғарып боп өлгенше
арып-ашар, достар.

Құл Қожа
Ахмет, нәпсі мешкей түк
тоймайды,

Жер-көкті түгел жұтсын - жұқ
болмайды.

Топырақ құшса
ғана бітті ол қайғы,

Бейнәпсі хор қызымен жасар, достар.

40-ХИКМЕТ

Біреу шын, біреу аңыз бекер дейді,

Сол күнде төрт жүз жаста екен дейді.

Қой айтып Хорасанға Баба Мәшін,

Ат айтып Түркістанға жетер дейді.

Мәшінге: - Өзі осында тұрар дейді,

Бір шайық Ахмет деген шығар дейді.

Мәжіліс қыз-қырқынмен құрар дейді,

Тыйғалы Түркістанға келді, достар.

Көре caп, түйіп қалды жерді дейді:

-        Сенбісің
аздырушы елді?- дейді.

-        Сол менмін,
көріп алдым көрді, мейлі!-

Деп оған Хазрет жауап берді, достар.

Белгі жоқ бетінде түк үрейден де,

Берді әмір Мұхаммади,
Сүлейменге:

-        ұрыңдар бұл наданға
бес жүз дүре!

Бағанға мықтап тұрып
таңар, достар.

Жүз кісі ала алмасты талап қылып,

Саудасын екі-ақ кісі харап қылып,

Соқты кеп бес жүз қамшы санап тұрып,

Сонда да былқ етпеді сабаз, достар.

Сойса да тастамады жан тұғырды,

Содан соң тағы байлап, зарпы қылды:

Бес жүзден бір қамшыны артық ұрды,

Ойбайға сонда барып салар, достар.

Мүридтер Ахметке толғай қапты:

-          Бес жүзден
азар-безер болмай бақты.

Неліктен соңғы қамшы ойбайлатты?!-

Сұрақтың
астына бір алар, достар.

-          Қорғайтын
перісі бар сасқанында,

Бес жүзі соған төнді
басқанында.

Арқадан дию-пері қашқанында

Соңғысы оған тиді,- деді, достар.

-          Уа, Ахмет,
өлдім!- деді Баба Мәшін,-

Келмесем, кер қылмай ма жамағатым?!

Көр артық,
қор болғанша қара басым!-

Еңіреп, арзу қылып еді, достар.

Ерлігі атасының дүр керінді,

Дүние қызығынан ірге бұрды.

Үш мәрте қылуетке бірге кірді,

"Оқ жонар ата көрген", тегі, достар.

Басшысыз мұрат
бар ма бақ табатын,

Болмайсың қызмет қылмай Хаққа жақын.

Күндіз-түн көздің жасын ақтарасың,

Көл қылмай көрмес жүзін Хақтың, достар.

Жадқа тұт
Құл Қожа Ахметті, жамағатым,

Мүридтер сұлтаны
еді Баба Мәшін.

Құрғатқай
Ғаси Жүсіп нала жасын,

Білсін деп мұны
жыр ғып бақтым, достар.

41-ХИКМЕТ

Бұл жолға салды
Қызыр, қайран бабам,

Содан соң дария болып тастым міне.

Шариғат базарында сайрандағам,

Мағрипат бақшасында жайрандағам,

Тариқат сарайында тайрандағам,

Хақиқат есігін мен аштым міне.

Пірмұған құюдан бір жалықпаған,

Шамамша шарабына қанып бағам.

Құл Қожа
Ахмет, жан дүнием шарықтаған,

Дүр-гауһар шәкірттерге
шаштым міне.

42-ХИКМЕТ

Хош ғайыптан сау етіп түстің бе аман, дәруіштер,

Бір зікірден басқаға іш бұрмаған дәруіштер.

Жолда шерін жалын қып, тәкбір айтар дамыл қып,

Жан көрсе сөз танырлық - ұшқындаған дәруіштер.

Жарылқаушы бір Алла, тынбай қызмет қылар да,

Жарлылықты ұрар
ма - мысқылдаған дәруіштер.

Жамау-жасық тәнінде, жүз мың арман әнінде,

Опасыз бұл
пәниге пысқырмаған дәруіштер.

Асалары қолында, асыл мұрат соңында -

Алланың ақ жолында "күстім жалған!" дәруіштер.

Арғы атасы күпілі, сүрген өмір жұпыны,

Керемет көп шүкірі - кемел ақыл дәруіштер.

Сыйлауды оны қыл әдет, жалбарынып жылап өт,

Пайғамбардан мұра
боп келе жатыр дәруіштер.

Құл Қожа
Ахмет, көріп бол, міскіндерден пікір біл,

Дәруіштікті дәріпте, өмір мәні зікір дүр.

Жол үстінде елпілдер тілдескенде дәруіштер,

Желбегейі желпілдеп күн кешкен де дәруіштер.

Асатаяқ - жасқары, белдорбада ас-дәмі,

Алла деуден басқаны білмес пенде дәруіштер.

Кір шекпені иінде, жүз мың арман ділінде,

Екі әлемді, біліңдер,
ілмес көзге дәруіштер.

Бедел Хақты қақсаған, бек әдепті жақсы адам,

Зікір атты бақшадан гүл кешкен де дәруіштер.

Жазығым көп елемей, жан дауа боп жебемей,

Көзден жасы телегей аға берген дәруіштер.

Тілеп медет әр қайдан, тіліменен зар жайған,

Ғашықтықта сарғайған санаменен дәруіштер.

Қу нәпсіні қуартар, қызыл жүзін суалтар,

Құл Қожа
Ахметке сол керек, наламенен дәруіштер.

44-ХИКМЕТ

Он сегіз мың ғаламға қайран болған ғашықтар,

Ой түбіне жете алмай - ойран болған ғашықтар.

Дәйім
басын жерге ұрып, көзі жұртқа телміріп,

Көкірегін шер қылып - пұшайман жан ғашықтар.

Жара қаптап тәнді аппақ, үсті-басы шаң-батпақ,

Болған зікір сарнап пәк, жылайды, ұғын, ғашықтар.

Белге азығын байланған, жүрек жалғап жайланған,

Безген сауық-сайраннан, бұлайды мұң
ғашықтар.

Кейде жүзі сарғайған, кейде миы айналған,

Тасбиқ тартып жалданған Құдай құлы
ғашықтар.

Құл Қожа
Ахмет, жақсы-ау ғашық хал, қалтқысыз

сыр ашып қал,

Алла өзі жар болса, бағы жанған ғашықтар.

45-ХИКМЕТ

Ғарып халін ғарып
біліп тұрады,

Бірін бірі жарық
қылып тұрады.

Алыс демей, барып біліп тұрады,

Қарындасты қадыр тұту мұрады.

Сусағанда бір жұтым
су деп келіп,

Мұқтаждықтан
қанша сорлы кетті өліп.

Дүр кісі боп ашып алған маңдайын,

Білгісі жоқ кемтарлардың хал-жайын.

Дүниеде не бар дейсің мәңгілік,

Олар да ертең міскін болар қаңғырып.

Кел, Құл
Қожа Ахмет, өзіңе бақ, обал тұт,

Кемсің сен де, міскіндерден нең артық?!

Хақ құлдары
дәруіштер хақиқатты білмейді,

Аққа ғашық болса да, адал жолға кірмейді.

46-ХИКМЕТ

Алла деп құр
жүргендер - алдап өмір сүргендер,

Аузы қанша айтқанмен, істе көзге ілмейді.

Құлқын құлы өмірді рақат кешу үшін дер,

Міскін Мұстафа
айтқан-ды: "Пақырлыққа түсіңдер.

Көңіл бөлмей дүниеге, арамдықтан күсіндер!"

Хақты сүйген адал құл халық бабын табады.

Дүние менікі дегендер - малға иманын сатқандар,

Құзғын құстай нәжіске белшесінен батқандар.

Молда, мүпти атанып - арамнан мал тапқан бар,

Ақты қара қылғандар тамұқта ертең жанады.

Бос дұғамен
қазы, имам босқа қинап бағады,

Боқ көтерген есектей боқташақ деп шабады.

Арам әкім араны бітеу жұтып параны,

Өз бармағын, өкініп, өзі шайнап қалады.

Жақсы киім киініп, жылы-жұмсақ піскен не -

Адыра қалар алтын тақ жер астына түскенде.

Аллаға адал құл
болу - құр сөз емес, іспен
де,

Дүние-малын сарп етіп, хор қызын сол өбеді.

Құл Қожа
Ахмет, ұққайсың, Хақтың жолын
тұтқайсың,

Тұтқандарға
Хақ жолын дидар нұрын төгеді.

47-ХИКМЕТ

Әй, дәруіштер,
бермен кел, Хақ кеңесі қайырлы,

Үлес алың, Алланың дастарқаны жайылды.

Сөз өнерін таныңдар,
өмірнама қаныңдар,

Жоқшылықпен күнетлкен, бар байлықты алыңдар!

Жыртып шапқат пердесін, жайнаса деп жан-жағым,

Көкіректен көзді ашып, сөз Құдірет
салғанын.

Нәпсі басын кескілеп арасымен Алланың,

Күн-түн қатып, шәкірттер, жанды құрбан шалыңдар!

"А, Құдай!"-
деп айналып, асық оққа жаныңдар,

Тәңіріні дәріптеп тәкбір айтып бағыңдар.

"Алла! Алла!"- деп еңіреп, Хақ демекте мағына бар,

Дидарынан үміткер, рахметіне қаныңдар!

Құл Қожа
Ахмет, құл болғын, жол
үстінде кұл болғын,

Тәліптерге тәлім бер, одан ғибрат алыңдар!

48-ХИКМЕТ

Дидар көрем десеңдер, әй, сопылар,

Жаннан кеш те, топ ішінде тоқып ал.

Ақтар атын айтып
шер, ақиқатқа қайтып кел,

Түн ұйқысын төрт
бөлмеген опынар.

Сопылардың, Алла өзіне жаққа жар,

Сор-наласы, көздің жасы ақталар.

Тасынғандар тартып тамұқ жазасын,

Тәкаппарлар тозақта әлі қақталар.

Қайда сенен бұрын
болған жараңдар,

Жылап өтті бейдүние боп ғаламда.

Бітті өмірің,
кезек келді саған да,

Күнәң үшін
тәубе қыл, әй, патшағар!

Айдауына жүрсең нәпсі, шақпа зар:

Аңырағанмен, болмас онда Хақ та жар.

Түн ұйқысын
төрт бөліп кім сақтанар,

Алла ісін сол адал, таза атқарар.

Басындағы, нәпсі қусаң, бақ қалар,

Жолдан азып, абыройың тапталар.

Ерттеп мініп шайтан малғұн шаттанар,

Нәпсіңді
теп, нәпсіңді теп, патшағар!

Нәпсің ақыр торға салып, қинар жан,

Діннен қуып, топастанып ми қалған.

Өлген кезде жұрдай
қылар иманнан,

Игілік көп ит нәпсіні тыйғаннан.

Қарун перғауын шайтанға еріп, нана бер,

Қақ жарылып жұтты
оны қара жер.

Ақылына Мұса
кәлим данагер

Құлақ қойып, құлағыңды сала көр!

Күнәң үшін тәубе қыл да налып кіл,

Кетермін деп жол басына барып тұр.

Кеткендерді көріп - ғұмыр танып біл,

Жатқан жерің жайлы болар жанып гүл.

Момын құлдар
бар өмірін пида қып,

Хақ жолында жан мен ділі қиналып,

Безді малдан - ақыретке жиналып,

Қам қылғанға хор мен нөкер сыйлар, ұқ.

Атар таңы ғарасаттың сұрапыл -

Айқай-ұйқай,
зар жылап, бас ұратын.

Дін сүндет қып, тәубе тұтып тұратын

Құлдарымен
сұхбаты бар құратын.

Ораза, намаз өтеуін ап, толар да,

Әлем халқы қолын соғар оларға.

Қияметте қинау көрмес болар да,

Ондай құлдың
басына бақ қонар да!

Арықтар бар: бірі - дәру су ішер,

Қанар оған қанағатқа туыс ер.

Тартып сонда пәни жалған қуы шер,

Басқа арықтан қара заһар у ішер.

Бұ
дүниемен есептей біл, сыр тіні:

Мың жылға тең қияметтің бір күні.

Жетпіс мың жыл ілінбейді кірпігі,

Тәубелінің шықпас онда шыр-пыры.

Алла жолын адал ғана аттамақ,

Кетсін әрі кеудемсоқтар Хаққа жат!

Құл Қожа
Ахмет, қылсам қайта бақ-талап,

Болар ма екен жанымды пір сақтамақ?!-

Енді ұққандар
еңіреп төгер зарын шын,

Қүұдайдың
ол құлағына шалынсын!

49-ХИКМЕТ

Тәубе қып, жұмақ
десең, зарла Хаққа,

Төрт арық шәрбеті
бар, жан рақатта.

Тәубесіз, Хақтан тайған ғашықтарға

Қатты азап, қасіреті бар тар лақатта.

Алудан үміттенген жұмақ мүлкін

Аллаға шүкірлікті мұрат қылсын.

Сол бір құл
алуан шапан таңдап киіп,

Алдында хор мен нөкер құлап тұрсын!

Хор қызбен өмірлі боп "елім" деген,

Олжа ма, ораза тұтсаң,
бөлінбеген!-

Хақ жомарт лайықты пендесіне,

Көсіліп жатар ертең керің де кең!

Көшпестей бұл
дүниеден тәубасыздар,

Өлсе де көр азабы жаумасы бар.

Құл Қожа
Ахмет, жаны қайтіп жаннат тапсын,

Күндіз-түн қорқатұғын нәубаты бар!

50-ХИКМЕТ

Бейіш, тозақ таласар, таласында не мән бар -

Тозақ айтар: мен артық, менде перғауын һаман бар.

Бейіш айтар: не дерсің, білмей айту жөн бе бұл,

Жүсіп Қынған менде бар, перғауын һаман сенде дүр.

Тозақ айтар: мен артық, отты шынжыр, кісенді -

Сараңдықпен атағын жайған жандар менде бар.

Бейіш айтар: мен артық, қанып кәусар ішер-ді,

Қаумалаған хор, нөкер пайғамбарлар менде бар.

Тозақ айтар: мен артық, алдында не тұрыс бар -

Азап, сұрақ
беретін жәйіт, мұндар менде бар.

Бейіш айтар: мен артық, алдында алуан ырыс бар,

Адалыңа
сенетін момын құлдар менде
бар.

Тозақ айтар: мен артық, менде залым құлдар бар,

Заһар менен у да бар көзін құртар залымның.

Бейіш айтар: мен артық, менде ғалым құлдар бар,

Аят, хадис, Құран
бар көңілінде ғалымның.

Тозақ айтар: мен артық, менде алаяқ сұмдар бар,

Оттан ескен кісен бар алаяқтар мойнында.

Бейіш айтар:
мен артық, менде сопы құлдар
бар,

Зікір, пікір, Сұбхан
бар сопылардың ойында.

Тозақ айтар: мен артық, бинамаз боп өлмек бар,

Бинамаздар мойнында бақа менен шаян бар.

Бейіш айтар: мен артық, менде дидар көрмек бар,

Рахым атты рахман Хақ жамалын аяңдар.

Тозақ сонда жеңілді, бейіш ақыл салды адал,

Құл Қожа Ахмет
не білді, білдіруші Алла бар.

51-ХИКМЕТ

Мұхаммед араб
еді, түсіне бер,

Тариқат күллі әдет қой жол білгенге.

Хақтықтан хабарсызды кісі демең,

Ұқсамас еш
нәрсеге ол мүлдем де.

Әлемде тендесі
жоқ, аңғар ұғып,

Бас иі де,
қалтқысыз сен бала жастан.

Қара жер қаһарланса қақ жарылып,

Жабысып жерге лезде қалады аспан.

Жұртына
рахымы жұпар бопты,

Бағы еді бар мұсылман
баласының.

Тіл жетпес сипаттауға Мұхаммедті,

Ардақты аты Әмина анасының.

Әкесі Әбділда ерте дүние салып,

Анадан тумай жатып жетім қалып,

Атасы Әбдімүтәліп қолына алып,

Өсірген Мұхаммедті
бағып-қағып.

Әкесі атасының еді Қасым,

Ағады естігенде көзден жасым.

Бастайды Әбдіманап баба басын,

Бұларды
білгендердің көңілі асыл.

Білсеңіз Расулдың төрт атасын,

Өмірде домалайды өрге тасың.

Бұлбұлың сегіз бейіш жырлатасың,

Көз жасын қияметте құрғатасың.

Жетіде атасы
өліп, құрып еді,

Көз қырын көкесі енді бұрып еді,

Ақылдың Әбутәліп тұнығы еді,

Арабтар қауымының ұлығы еді.

Жүреді іс басында Әбутәліп,

Қашан да Мұхаммедті
қасына алып.

Он жеті толған кезде оттай жанып,

Қалды оны Қадишаның көзі шалып.

Білсеңіз Мұхаммедті
- бейне сұңқар,

Қадиша көрген жерде-ақ болыпты іңкәр.

Көңілмен сүйіп оны шын ынтызар,

Жүрегі ғашықтықтан күйіп-жанар.

Тұрағын
күн-түн іздеп нақ қаңғыды,

Мұрадын -
ақырында тапқан мүны.

Қүданың қүдіретіне қараңыздар:

Түйесін болып шықты баққан қүлы!

Жүріпті Қадишада жалшылықта,

Жар қылды, жарылқап бір ақтан күні.

Қадиша, Қүдай беріп, шатта жүрді,

Расулға асыл дүрлер ақтарылды.

Қырына қырық жастың шыққан кезде

Алладан хабар келіп, бақ та күлді:

Мүхаммед падишалық таққа мінді,

Жар етіп кеңіліне Хақ Тәңірді.

Оңғарды Қүдай ісін жорықта бүл,

Барша жүрт етіп жолын толық қабыл.

Басында жүрді ағасы Расулдың,

Сахаба отыз үш мың болып кәміл.

Расул бәріне де жақсы үнады,

Жандарын қызметіне тапсырады...

...Бір жетім сәлем бере келіп бірде,

Сорлылық мүңын шағып, бақ сынады.

Күйдіріп мүшкілдік хал көкірегін,

Мүхаммед беріпті оның не тілегін:

- Мен дағы,- деді Расул,- жетім едім,

Жастықта жоқшылықта өтіп едім.

Әркім де жетім,- деді ол,- бәрің менен

Біліңдер:
ол - үмбетім қадірлеген.

Жетімді көрсеңіздер, зәбірлемең,

Әлсізге ауыр тимек әмір деген.

Қор екен бұл
жиһанда жетім деген,

Ғарып те жұрттай
тойып секірмеген.

Өтеді сәлге шүкір етуменен,

Бек ұят
тірі жетім бетін жеген.

Кемтарлар ертелі-кеш күйзеліп жүр,

Қайткенде кем болмастық кепілменен.

Пайғамбар әулетінен Ғали еді,

Ғалішер, сипаттасам, алып еді.

Кәпірді қызыл қанға малып еді,

Қанына ақ алмасын жанып еді.

Иманға келтіріп бір кәпірлерді,

Жолына исламның салып еді.

Кәпірдің дінге кірген басын қосып,

Басы ұшып
кірмегеннің қалып еді.

Қолына семсерін ап, мінсе дүлдүл,

Зәрқұт жоқ
кәпір естен танып еді.

Ұзарып зұлпықары қырық құлашқа,

Жапырып шабысқанда жарып еді.

Он сегіз ұлы
болды Ғалішердің,

Олардың әрбіреуі алып еді.

Ислам туын Ғали биік ұстап,

Қан жұтты
дін ислам деп түн қатып кіл.

Құл Қожа
Ахмет, ғарыптіктен сүйініш тап,

Пайғамбар әулетіне тіл қатып тұр.

52-ХИКМЕТ

Бірден сеніп жүрер болған Әбубәкір Сыдық дүр,

Тірек тұлға,
тіреу болған Әбубәкір Сыдық дүр.

Мұңдасқанда
мұңын бірге, ішкен бейнет
суын бірге,

Іш-бауыры езілген де Әбубәкір Сыдық дүр.

Алған беттен қайтпаған да, жатқа сырын айтпаған да,

Тыныштықтан безінген де Әбубәкір Сыдық дүр.

Сүйіктіге дос еткен де, қызын беріп қос еткен де,

Қол қусырған құрметпен
де Әбубәкір Сыдық дүр.

Сертген шыққан туды аларда, нәпсі, қызық қумаған да,

Хақрасулмен бір кеткен де Әбубәкір Сыдық дүр.

Мұхаммедке
ауыр еді, жетімдікпен бауыр еді,

"Жаббар Алла саған қорған!"- Әбубәкір Сыдық дүр.

Құл Қожа
Ахмет, белді бу да, соқпақ сырын ұғып,
біл,

Ғарыптікке адал болған Әбубәкір Сыдық дүр.

53-ХИКМЕТ

Екінші дос тар
жолдан - әділетті Ғұмар дүр,

Мұсылманға жар
болған әділетті Ғұмар дүр.

Балалыға азан шақыртқан, шариғатты оқытқан,

Діннің сөзін тоқытқан әділетгі Ғұмар дүр.

Қағба есігін нұр
қылған, барша жүзді бұрғызған,

Расул көңілін тындырған әділетті Ғұмар дүр.

Шариғатқа мықты-ды, тариқат шын тұтқыры,

Хақиқаттың құп
құлы әділетті Ғұмар дүр.

Ұлын
жырлап келтірген, дүре соғып өлтірген,

Туралыққа елтумен әділетті Ғұмар дүр.

Шырақ болып маздаған, дін жолынан жазбаған,

Қиянат қып азбаған әділетті Ғұмар дүр.

Міскін Ахмет, әлсізге тіректікті тұмар қыл,

Рухы сізді шат қылғай әділетті Ғұмар дүр.

54-ХИКМЕТ

Үшінші дос тар жолдан - сыпайы дүр Оспан-ды,

Әр кезде де жар болған сыпайы дүр Оспан-ды.

Расулдың күйеуі, дініміздің тіреуі,

Пендеде азат жақсысы сыпайы дүр Оспан-ды.

Аят оқып сарнаған, хадим айтып талмаған,

Мінбердегі уағызшы сыпайы дүр Оспан-ды.

Мінәжаты куәдүр, алғандары екі нұр,

Айтқандары түгел дүр, сыпайы дүр Оспан-ды.

Бәрі кеп бас ұрғаны,
шаһардан бет бұрғаны,

Хақ жолының құрбаны
сыпайы дүр Оспан-ды.

Құл Қожа
Ахмет, сен де өтін, шуағынан бос қалма,

Күмән-шүбә
келтірме сыпайы дүр Оспанға.

55-ХИКМЕТ

Төртінші дос тар
жолдан - Құдай шері Ғали дүр,

Миғражда да жар болған Құдай шері Ғали дүр.

Аузы рахман
рахим, жүзі нұр боп тұратын,

Кәпірлерді қыратын
Құдай шері Ғали дүр.

Белде - күші топ жарар, кеудесі іші - толған ар,

Зұлпықары
қолда бар, Құдай шері Ғали
дүр.

Мінсе дүлдүл, таң қылар, жерді сүрен шаң қылар,

Кәпір біткен қанжылар, Құдай шері Ғали дүр.

Бет қаратпай ақырды, қойдай қуып кәпірді,

Қайтпайтұғын
батыл-ды Құдай шері Ғали дүр.

Рахман қылсаң еркіңде, бір Құдайым,
жебеп көр,

Құдай шері
Ғали дүр, Құл Қожа Ахметке
медет бер.

56-ХИКМЕТ

Жапа шексе ғашық жаны жанып қап,

Он сегіз мың ғалам бүкіл қамықпақ.

Қанат қақса көңіл құсы шарықтап,

Бұлбұл болар қайта сайрап бұл жалған.

Махаббатқа жанын жалдап жұмсап-ақ,

Мағрипаттан табам десе мұнша бақ,

Ғашық рухы ішіп қанса сыр шарап,

Бақшасында бақилықтың гүл жарған.

He істесең де Аллаға аян, Ол білмек,

Айтады ақыл: "Зорлық қылма зормын деп"

Құдай
жолын ұстанғанға қорлық жоқ,

Тоба тілек қабылына толарсың.

Алғаш рет арам судан ішсе кім,

Көкнәр
шегіп, көкмилыққа түскенің.

Жаның, тәнің жанып - отқа піскенің,

Күйіп іштен, өртеніп күл боларсың.

Көзге мақтап, сырттан даттап күлгеннің,

Бақай есеп бағып ғұмыр сүргеннің,

Көңіл
күйін күйттеп қана жүргеннің

Қара пейілі қанша жусаң ағармас.

Тариқат дүр танып-білсе бәрі де,

Мағрипат дүр қанса білім нәріне.

Хақиқаттың жетпек сонда мәніне,

Басқа жолдан дәруіш бақыт таба алмас.

Құл Қожа
Ахмет, қатуланып жолға кір,

Құлды көрсең,
қызметшісі бол да жүр.

Құдай
берсе, қанағат деп толға жыр,

Боласың сен Аллаға адал сонда құл.

57-ХИКМЕТ

Пендесіне Сұбхан
ием асып-толса,

Өзек күйіп, ішіне өрт толады.

Әулиеге ат айтып ғашық болса,

Хақты іздеп екі көзі төрт болады.

Асық жырын жан кешпей біліп болмас,

Малдан безбей менмен бас иіп болмас.

Бар ынтамен берілмей сүйіп болмас,

Ондай ғашық жүрмейді -жақын көпке.

Жаратқанды ынт-шынтың, жаныңмен сүй,

Адал жас боп сорғалар қаныңмен сүй.

Дәрғаһына
лайық арыңмен сүй,

Жолында өлсең, қалқам дер, рахым етсе.

Ертелі-кеш еңірет, тасы, қайғы!-

Тәуекел деп тас жұтқан жасымайды.

Құл
болғандар Құдайға басыбайлы

Түн ұйқысын
төрт бөліп, шағар зарын.

Уа, дариға, ғашық жаннан түңілмесең,

Теріп гауһар, тереңге үңілмесең,

Қалып надан, бір Хаққа жүгінбесең,

Таңда махшар дайын тұр тағамдары.

Баязиттей қайғыда
басы қап кіл,

Ұйқы көрмей, қан
жұтса - ғашық-ақ бұл:

Дүние харам, оллаһи, шаш, лақтыр!

Шайтан мүлкі бір сәтте-ақ қараң қалар.

Таң атқанша зікір айт талмай жағың,

Тау мен шөлді бау-бақ қып қанды айдағын.

Тасқа соқпай ашылмас мандай бағың,

Өжет болар - кім жүз мың өкінеді.

Тастан қатты тас сүзген тақыр надан,

Дүние іздер ақырет деп аһ ұрмаған.

Аят, хадис айтсам - бас қатырмаған,

Шайтан болар залымның көкірегі.

Зікір сарнап - көзден қан жасты ағызғын,

Хикмет айтып - сөзден дүр тас тамызғын.

Гүлдер өссін орнында басқан іздің,

Гүлді күтсең, ашылып, гүлзар болар.

Табынғандар таң атпай күңіренер,

Пірмұғаннан
бір қалмай жүгіре бер.

Хақты сүйсең, жаныңнан түңіле гөр,

Жаны құрбан
шын ғашық ұлтан болар.

Бұл дүниеде жоқтықтан
қақсып әр күн,

Рақат деп біл азабын ащы зардың.

Құл Қожа
Ахмет, жанында жүр жақсылардың,

Қиямет күн сол адам сұлтан болар.

58-ХИКМЕТ

Мұны ұқпаған не
күтесің кісіден,

Қашан білер дәруіштердің
қадірін?

Үмбетпін дер дұға
қып тіл ұшымен,

Қашан білер Мұхаммедтің
қадірін?

Тариқаттың ләззатынан татқан жан,

Дүниесін дін жолына сатқан жан,

Күндіз-түні көзден жасы аққан жан

Қашан білер бұл
жалғанның қадірін?

Ертелі-кеш тағат қылса бұл адам,

Қашық болар пәнидегі
күнәдан.

Дәруіштерді ғайбат қылған сұм, арам

Қашан білер мағрипаттың қадірін?

Мұратқа
жеткен жинап жиһан бар малын,

Зая қылар есіл өмір, арманын.

Қамсыз күліп,
қаңғып жұртта қалғаның,-

Қашан білер махаббаттың қадірін?

Нәпсі бағып, бетжыртысар көп пенде,

Хайуандай мәз
ішіп-күйсеп беккенге.

Ораза жоқ, зекет бермес өткенге,

Қашан білер Хақтағала қадірін?

"Бір Құдайдан
қорыққандар, бірлік қыл!"-

Деді Расул, әй, Құл Қожа Ахмет, тірлік біл.

Қабыл қылмай, Сүрия бағы сырғып тұр,

Қашан білер пір қадірін надан ел?!

Алла әуені ғажап үнмен ерілген,

Асық жандар серуен құрар төріңде.

Құдіреттің
нұры түссе көңілге,

Жалғыз қалар, білмей өзін, бипыл қып.

Ол мақамның жолдарының сыры мың,

Құр
бетіңмен лағып кетсең - құрыдың.

Сирия елін солай атаған.

59-ХИКМЕТ

Шайтан малғұн
таңып саған ырығын,

Өз жолына салар діннен типыл қып.

Құяр мақам қожа керек құлаққа,

Жақсы керек жантәрікке тұрақта.

Сәруар керек жол бастайтын мұратқа,

Ондай көсем жұмақта
боп жайрандар.

Мал мен жанға айтар дағы талақты,

Мақамға сол жеткен ішер шарапты.

Хазрет тоба самғатып қос қанатты,

Ғаршы-гүрсі, Лауқы-кәләм сайрандар.

Харам қып мал, қамын же де Құданың,

Төк өмірде
өлем деп көз бұлағын.

"Балдан тәтті күндер-ай!"- деп, жұмағын

Берік құлға
сыйға беріп, бекемдер.

Ол мақамда Таухид атты дарақ бар,

Саясында құлдар
пырақ жаратқан.

Әр бұтақтың
мың жыл жарық таңы атқан,

Әрқайсысы өз орнында мекендер.

Ол дарақтың миуасынан татқан құл -

Дүние қызығын ақыретке сатқан құл.

Көр ішінде көз жұмулы
жатқан құл

Сәрілерде көзден жасын көлдетер.

Ықыласыңмен, Құл
Қожа Ахмет, байлап бел,

Махаббаттың отын жұтып, жайнап бер.

Жағанды ұстап,
таң атқанша сайрап көр,

Рахым қылса, мүмкін, жақын пенде етер.

60-ХИКМЕТ

Әркім қашар махаббатсыз халықтан,

Жақсы-жайсаң жүрмес оған жаршыға.

Күйіп-жанып, асық жолда зарықсаң,

Сұбхан Ием
мейман қылар ғаршыда.

Алла сүйген болса күйген бибағын,

Хақ көрсетер, олла-білла, дидарын.

Қайда барса, тәпсілері жиғанын

Ақ жолына шашулауды хош санар.

Айтсаң зікір Алла деп - нұр шашылды,

Албастыдан арашалап басыңды,

Дертті болсаң, құрғатар
көз жасыңды,

Ондай құлды
өзі тауып, дос санар.

Түн баласы
көкірегін өрт керіп,

Көзін ілмес ғашығы үшін серттеніп.

Еңіретер Құдай
емсіз дерт беріп,

Мұнда ұлтан қып, онда сұлтан тұтады.

Хаққа ғашық жатпайды ұйқы қандырып,

Мақсатына жетсем деп ой дал қылып,

Қамын жемес қатын-бала, мал-мүлік,

Ысмағұлдай
ғазіз басын жұтады.

Хақты тапты ол дуаналық жол бағып,

Нәпсіні ұрды
Хақ қылышын қолға алып.

Қайда да ашық сыр ақтарды толғанып,

Жомарт
кісі - еш бүкпесі жоғында.

Шайықпын деп Хаққа қарсы шыққандар

Шалқақтаумен серік болмас Сұбханға.

Құдайсызға
ем-дауа жоқ, бұқсаң да -

Зындан қылар бұл
дүниені момынға.

Ей, мұсылман,
тағат қылсаң, танбағын,

Ғазіз жаның - аманаты Алланың.

Харамдықпен, ұқ,
жиған мал жалғанын,

Қарыш атты жылан қылар малыңды.

Қайда Қарун мал жинаудан талмаған?

Өсиет шашқан қайда Перғауын һәм һаман?

Қайда Фархад, Шырын, Мәжнүн зарлаған?

Қаһарланса, жерге тығар жаныңды!

Көрдің бе адам өлмей тірі қалғанын,

Білдің бе енді бұл
пәнидің жалғанын?!

Дүние - талап, ризығы - алғаның,

Алла десең, көз жасы боп жауасың.

Ем табылмас ғашық дертке ексең де,

Іші-сырты жымысқыға бек сенбе.

Арың таза болса, жеңіс тек сенде,

Алла білер ғашық дерттің дауасын.

Шыққансиды жалған ғашық шыбыны,

Сырты жылмаң, іші арамдық жылымы.

Болмаған соң Құдай
сүйер қылығы,

Сарсаң қылар махшар күні пасықты.

Тән тілінде, жан тілінде нәпсі бар,

Алланы ойлап, арды тыңдар жақсылар.

Ғұламаларға
қызмет қып бақ сынар,

Сұлтан
қылар халыққа сол ғашықты.

Ғашық болсаң,
асық болғын әманда,

Жатпай түнде, жалбарынғын жан Алла.

Ақылың болса, сырыңды айтпа наданға,

Нағыз дәруіш
сыйынады ішпенен.

Дәруішсің бе,- тыңдап ұят әмірін,-

Шын тағат қыл, көріп отыр Тәңірім.

Ел қыдырма болсаң
- кетер қадірің,

Әділ патша арам жолға түспеген.

Ей, Жасаған, сол дәруішке пана бол,

Шын сүймесе, шыбын жанын ала бер.

Адасқанды өзің жолға сала гөр,

Құлдың
үйін қожам гүлзар етеді.

Дәруішпін
деп жұрт алдында дәрпілдеп,

Жүз құбылып
зыр жүгірер әркімге.

Құдай үшін
құлдық ұрмай нарқың не,

Шын дәруіштің
тау мен шөл ғой мекені.

Ғашық болсаң, асық жолда құрбан бол,

Дидарды іздеп, дүниеден бет бұрған бол.

Қайғы-дертке қайырымды нұрдан бол,

Қаза кезде қадір-құрмет ел қылар.

Шерменделер болып Хақты жұмсартпақ,

Шер түбінен іліп жауһар - дүр шақпақ,

Зарын тербер көзден жасы бұршақтап,

Тамшы жасы жердің жүзін сел қылар.

Хақ кәрінен қорықса ғашық түршігіп,

Періштелер алар жасын бір сығып.

Асық біткен аһ дегенде күрсініп -

Күйреп түсер апат болып көк пен жер!

Берді асыққа ғашық отын күймекке,

Зылиқадай өліп-өшіп сүймекке.

Қасіретпен жүзі солып жүрмекке -

Санаменен сарғайтайын деп берген.

Жарқ еткенде сиқыр қыздар хас қылық,

"Ала гөр!" деп шыбын жанын тапсырып,

Ғашық оты өртеп, дерті асқынып,

Асықтардың жүрек-бауыры қақталар.

"Қайдасың сен? Қайда?!"- ғашық құл айтар,

"Сабыр түбі - сары алтын",- деп Гүл айтар.

Аузы да айтпас, тілі де айтпас, ділі айтар,

Үш жүз алпыс тамырыңды ақтарар.

Қияметте ғашық халін аңғарып,

Көргей дағын - көкірегін қақ жарып.

Аузынан кіл атып жүргей пәк жалын,

Ақ аруды кімге қосса - бақ қонар.

Есі-дерті ғашықтардың жам шарап,

Бауыры жалын, аяулысын аңсап-ақ.

Рухы ғана бұл
ғұмырда бар санат,

Жеті ықылым жексен болар аһ ұрса.

Құдіреттің
өз еркінде қандай сәт -

Қыс қыла ма, құштыра
ма жайнар шақ.

Алламенен ойнай көрме, әй, найсап,

Күлің қалмас Ием қаһар шақырса.

Әркімді Алла жылатпағы анық қой,

Жыламақтық - сөндік емес, салық қой.

Құр
жылама, Құдайыңды танып қой,

Хақтағала боздақтарын боздатпақ.

Құл Қожа
Ахмет, пендемін деп қақсама,

Алдап тағат қылған - кәззап, масқара!

Ісі иманнан, тариқаттан басқада,

Ақыретте кәззаптарды сорлатпақ.

Ізгілік, рахым, көмек.