ВЕРНУТЬСЯ

      Теңіздің
буырқанған телегейін

Жарып шыққан
сүңгуір кемедейін

Күн шықты қақ
айырып қара бұлтты!

Желек бер шөптеріме, жебе дейін.

Сұрынан айрылып сұр тас тұман,

Күн шықты аңыратып бұлт астынан!

Күйіне жаңа келді жаратылыс,

Күмбірлеп дүниеде нұр тасқын ән!

Ой-қырда гулей ұшқан гүл көбелек,

Ойлайсың үлде менен бүлде ме деп.

Күнге шық, Күнікей қыз, үйде отырма,

Күн керемет, керемет, Күн керемет!

Жел есті салқын
сайдан жүлге жебеп,

Жүлгеден нұр
жұтуға үлгере жет.

Армансыз шалғынына аунап-қуна,

Керемет, Күн керемет, Күн керемет!

Аунап-кунау аржағын ескере кеп,

Тепсең сайға сенімін тексере жет...

...Келеді жаңа Ай жүзіп кемедейін,

Кеш керемет, керемет, кеш керемет!

Бейсауыт жолаушы жоқ жүрген ерек,

Ит те жоқ
әупілдеген үнге бөлеп.

Сыбырласқан,
сүйіскен ауыл маңы...

Керемет, түн керемет, түн керемет!

Ескі ауру төсегінде жатып бүгін,

Қарсы алдым ақ сәуленің ақық гүлін.

Бұл түннен өмір демі үзілген бар,

Аман-сау шыққаныма
бақыттымын.

Сәріден тіршілікті сәндеп өрек,

Бозторғай бозаң белде әнге бөлеп,

Тағы бір арай-арай аспан көрдім,

Керемет, таң керемет, таң керемет!

Ажалдың сезінгендей анық табын,-

Енді ұмыт ұзак
түнде тарыққаным.

Керемет, таң керемет, таң керемет!

Көзімнен
жоғалмашы, жарық таңым!