ВЕРНУТЬСЯ

       Жүрегі соғып және соқпай қалып,

Отпан таудан тіліне от байланып,

Төкпе ақын қарсыласын төпеп кетгі,

Еліріп, екі көзі
шоқтай жанып:

- Уа, "Семейдің қаласы,

Тобықтының баласы!"

Болмасын еш таласың,

Бес бересім жоқ саған,

Бар бірақ алты аласым!

Айтпасаң Ырғыз бенен Ырғызбайды,

Жидебай мен Семейде жыр қызбайды.

Отырсаң орыныңда
опақ қылып,

Ырғыздан ырғап-жырғап келген жыршы

Қара өлеңнен қаспақ та қырғызбайды!

Қара өлеңнен қаспақ та қырғызбайды!

Бір ысып жас жүрегің, бір мұздайды.

Абайдың ұлы
атасы ақтөбелік,

Ырғыздан бөлмеймін мен Ырғызбайды.

Сондықтан да көзіңе бақ дер едім,

Ырғызбай тумасы ғой Ақтөбенің.

Долыра берсең егер Домбауылдай,

Домбыраңды
алам да қақ бөлемін!

Көңілден өшкен
жай боп, көшкен жай боп,

Соны да білмейсің бе бөскенде-ай кеп!

Ырғызбай өскен бай боп, перзентіне

Өзіне сай ат қойған Өскенбай деп.

Бұл жерде
бұландама бүландай боп,

Көп ғасыр бүлдырайды тұмандай көп.

Абай жоқ Құнанбайсыз
дедің-ау сен,

Ырғызбай - Өскенбайсыз Құнанбай жоқ!

Суымыз бір ысып та, бір мұздап та,

Бәріміз өлең деген жүрміз бақта.

Болғасын ұлы
атасы Ырғызбай би,

Абай - мұхит
бастауы Ырғыз жақта!

Осында Жыр кіндігі кесілген де

Тағдырдың түйіншегі шешілгенде.

Ырғызым Ырғызбай боп ырыс шашып,

Тіл қатады Ертіске, Есілге де!.."

Осылай домбырасын төпеп төкті,

Төбені төкпе жырға "өтектетті".

Көздегі шоқтан шошып, бір кейуана:

"Қайтеді-ей мына қыран, көтек'!" депті.

Кенет шошып кеткенде әйелдер айтатын ескі одағай.