ВЕРНУТЬСЯ

    Бөрілі еді байрағың -

Бөріктің жауын қайдағы

Бөрліккен
койдай қашырған,

Айхай да түркі
аймағы!

Ер үсті болып тұғырың,

Ескен бір желдей ғұмырың.

Күнге де қарап құйғытып,

Айға да қарап ұлыдың.

Қадырқан қойын жайладың,

Қазы жеп, қарта
шайнадың.

Түмен де түмен жылқыны

Түн жазығына айдадың.

Өтүкен тауын жайладың,

Өжеттен
қаған сайладың.

Мұншама жерді жамбастап,

Мұртыңды қанға майладың.

Бекілі шөлін жайладың,

Беліңе садақ байладың.

Күркіреп тұрып
жауатын

Көктемгі бұлттай қайнадың.

Сырдан да кешіп өттің сен,

Қырдан да есіп өттің сен.

Бөріше ойнай қайда
да,

Бөрліккен қойдай еттің сен!

Құлыңның өзі құл
ұстап,

Күңіңнің өзі күң
ұстап,

Желпінген Көгмен жер-суы,

Жеңіспен ғана тыныстап...

Қағанағы карқ

Қағанды сол бір жылдары

Қаптап кеп Көктің ұлдары,

Тұлымдыңды құл қылғалы,

Бұрымдыңды
күң қылғалы,

Ордаңа ойран салғалы -

Құрыққа
сырық жалғады:

Ағылтып жұмсак
қазынасын.

Пүлішіменен алдады,

Күмісіменен алдады,

Бал тіліменен алдады,

Жылы сөз, жылтыр жүзінің

Жарқыныменен
алдады,

Жібегі сынды жіптіктей

Жүрісіменен алдады,

Күлісіменен алдады!

Байлық боп
сонда баққаның,

Байқамай қастық қақпанын,

Күміспен қамшы
күптедің,

Алтынмен арба аптадың...

Аға мен іні дауласып,

Таққұмар
бектер жауласып,

Кәнеки сөйтіп тапканың?!

Көншіген көңіл жайланып,

Көкала жылқың шайланып,

Көп иттің бірі көбімен

Көкбөрі - төбет
байланып,

Қағаның алтын шатырда

Төрт жағы түгел сайланып,

Төрдегі бекзат, батыр да -

Қамқа, жібекке оранған

Айналды семіз қатынға,

Қоласты - қойға
айналып!

Ашынған күндей құркірі

Басылған бұлар түркі-ді...

Табғаштар калың әскермен

Тап берді келіп бір түні!..

Дүр дүниеде дәурені

Дүркіреп тұрған
жұрт едің,

Кеп жауға салып әурені,

Күркіреп тұрған түркі едің.

Құрыкқа
сырық жалғап-ай,

Құлдыққа
табғаш салғаны-ай.

Күңіреніп Орхон бойында

Күлтегін тастың қалғаны-ай!

Егілтіп әлі күн-айды,

Күлтегін тас
жылайды

Еске алып Елтерістерді,

Елбиге қатын, Ұмайды...

Тәңіріден тілек сұрайды.

Сұрайды сұр
тас сыр төгіп:

«Көк Тәңірі ұлы түркі едік -

Көп дұшпанын түңілткен,

Бастылыны жүгінткен,

Тілерсектен бір салып,

Тізеліні бүгілткен -

Кекбөрі
көкжал түркі едім,

Көгменнің жерін жайлап ек...

Қағанды кеше жұрт едім,

Қағаным енді қайда?!»-
деп.

Жылайды күлтас Күлтегін:

«Жауды бір көрсек,
жайнап ек!

Ерлігі елді жұрт едім,

Елдігім енді қайда?!»-
деп.

Алданып қалған түркілер,

О, қайран аңғал түркілер!

Түре де қуып түркіні,

Түбіңе жеткен табғашың -

Қағып тұр келіп бұл күні

Қазақтың қасиет Қағбасын!

Қаптады (қараң
тұс білем)

Қап-қара
пиғыл-ауаңмен:

Қазақты ескі-құсқымен
-

Алам деп арзан тауармен!

Төнгендей зауал бір шағы,

Көңілі
бүгін күпті көп:

Қарындастардың
құрсағы

Қарақытайдан жүкті боп;

Қанар да қанар
қапшығын

Арқалай
қатын-қалаштар,

Армандап жүріп жақсы күн,

Аңырып қалған Алаш бар!

Көргенде көзің жұтайды,

Жаныңды
үрей жаңқалап -

Көген көздерім қытайды

Көтеріп және арқалап...

Ойым жоқ оған
өшікпек,

Ордамда менің басқа
сыр...

Күн шыққан шәрге
кешіп кеп,

Күлтегін тұғыр таста тұр.

Астана жұртқа арай мол

Айбарыменен мақтан
боп,

Қамығып кейде қарайды ол:

«Қастан да достан сақтан!»- деп

Айтады: «...түркі басынан

Бірлігі жоқтан бақ тайды.

Тәуелсіздік деп тасыма,.

Сақтансаң, Құдай
сақтайды!

Тек сонда тартар Тәңірім гүл,

Тексіздің зауал кеші бар...

Аштықта -
тоқтық қадірін біл,

Тоқтықта -
аштықты есіңе ал.

Сендерден соны сұранам,

Сенгей де ергей жетекке -

Халқының басын құраған

Қағанның сөзін екі етпе!..»

Қаңдай сый тартар алда күн,

Қазаққа
жүзі жарқын ба?..

Қаламаймын мен қалғанын

Қара тас - жоқтау
артында!

Нұрыңды, Тәңірім, нұрдан соң,

Төбеден
бізге төге бер!

Енді бір елу жылдан соң,

«Сары орыстықтан»
құтылып,

«Қара орыстары»
ұтылып,

Қазақ та,
мүмкін, көгерер?!

Көлдерім аққу-қазданып,

(Сенбеуге оған орны жоқ)

Көбейер
саны аз халық,

Жалаңаштарым тонды боп.

Түнеймін тозақ-азапқа,

Түк етпес ішер кемдігім...

Ешқашан бірақ қазаққа:

«Жоғалтты,-
деп,- елдігін!»

Жазғыза көрме
тасқа өлең

Өсиет етіп қашаған!

Жар болғын өзің, Жасаған!

Бостандық
- жалғыз баламның,

Бар-жоққа балдыз баламның

Болса екен дейін басы аман!

Әумин!