ВЕРНУТЬСЯ

     Кішкентай драма

Бірінші көрініс

Ақшам
түстес алакөлеңке сахна. Ақын
және Әділет. Дауыстар.

Ақын (Әділетке қарата)

Алданған екем мен сені

Ақиқат шынның жағы деп.

Алдырған сұмға еңсені

Сорлы ма едің, Әділет?!

1-дауыс

Қиянат ер ғой көзі ашык,

Әділет деген - соқыр бақ.

Кіре алмай есікті өзі ашып,

Сипалап жерді отырмақ.

2-дауыс

Отырар әркім тағында -

Өзіне тиіс орынға.

Қиянат кейде бағың да!

Әділет кейде сорың да!

3-дауыс

Әр нәрсе өз
уағында,

Екеуіне де айтпан лағынет.

Қиянат та халық
жағында,

Халық жағында Әділет.

Ақын

Жадында бар ма бүгінде

Жазғырып кеше сөккенім?

Әділет

«Жантайып пештің түбінде,

Жанымды бағам» деп пе едің

Акын

Иә...

«Қанымды қаһар
қысқанда,

Қара бір көзден жас тайып,

Қиянат деген дұшпанға

Қарсы да шыққам қасқайып.

Шашқым кеп Шынға нұрдан құт,

Шаруаңды
талай діттегем.

Сен үшін күлкім құрбан ғып,

Сен үшін басты тіккен ем.

Ағартып шашты ұғындым,

Азаптан езге не бердің?

Азғантай қалған ғұмырды

Арбаңа қалай
жегермін!

Шаптық қой шақта бозбала

Арыстан құсап
Айға да.

Қозбасты енді қозғама,

Қайраны жоқты қайрама.

Сандалма күймен күн кешкен

Санасаң мейлі өліге.

Атыңа енді мінгеспен!

Аясаң, таста жөніме.

Әдемі еді-ау аңсарым

Әлемге туың орнатпақ...

Мен сені қорғап шаршадым,

Сен мені енді қорғап
бақ!..»

Жақсы үміт артып, тегінде,

Жадымда солай дегенім...

Қиналып білдім: сенің де

Қиямет екен жегенің.

Жаңсақ-ақ
тілім тиген мен

Жарға ұрып ашу піспегін.

Өкімі теріс билерден

Өкініш екен ішкенің.

Жаңылыс бопты соқтыққан

Жазғырып
өлең өргенім.

Қолдаушың елде жоқтықтан,

Қорлық екен ғой көргенің!

Екінші көрініс

Алакөлеңке
аулақта адвокат Шындық отыр ойланып.

1-дауыс

Сорлап-ақ Әділет қалған да,

Сорға да соғып cop басын.

Жағадан Жалған алғанда,

Адвокат Шындық қорғасын!

2-дауыс

Жарамас ол да жақтауға,

Ас-суы бөлек адалдан.

Ақ істің өзін ақтауға

Ақы-пұл сұрап, пара алған.

Ақын (Әділетке қарата)

Келтіре алмай мекенде

Келте жіптердің күрмеуін,

Сүйеушің жоқтан
екен бе

Сүрініп күндіз жүргенің?

Әділет

Аты арып, тоны тозғанша

Азамат па екен жайланар!

Өкіріп сендер қозғалса,

Өзен де селге айналар.

«Жеңеді
өзі-ақ» деп күттің,

Жең түрмей, білек сыбанып...

Жүгенсіз Әлімжеттіктің

Жүре бер тілін кұп алып!

Дауыстар (хормен)

Егіз ғой cop да, бағың да,

Екеуіне де айтпаң лағынет.

Қиянат та халық
жағында,

Халық жағында Әділет.

Ескі ауру өлең шіркін бойды алғасын,

Босамай өлер болдым ойдан басым.

Қайтесің ойлай бермей қартайғанда,

Уайымсыз ойнай берер той қалғасын.

Шындықты еңіреген ерім дедім,

Сол жақтан
несібемді теріп жедім.

Беріліп Бір Алла мен Ақиқатқа,

Жәдігөй жалғандыққа
берілмедім.

Дүниенің көп
қой сұм мен қары деген,

Күткендей бір осалдық бәрі менен.

Берілмен! Берілердей күн туса егер,

Ордасын басқыншының ойран қылып,

Шаһидше өзімді өзім жарып өлем!