ВЕРНУТЬСЯ

      Е, Сағындық қой

Сүйер ұлың болса, сен

Сүйінерге жарар
ол.

Жүгі ауыр
қайраткерге нар тұлға

Жүрегімнен жыр арнадым тартуға.

Қазақтың бір ақын
ұлы мен едім

Қарға бойлы Қазтуғандай қалпымда.

Туған жер деп «мың өліп, мың тіріліп»,

Ту көтерді көкейдегі бір үміт -

Атқа мінген азаматқа карайлап,

Аңсай күтіп елге оралтар ірілік!

Жалау қылып
сағынышты шетте мен,

Жалғыз Сізге сеніп қана жеткен ем.

Қаңк етпейтін қара жартас заманда

Ақын көңіл кімнен дәме етпеген?!

Еш кетпейтін перзентінің есінен

Ен далада өлең-ғұмыр кешіп ем...

Өз құстарын бауырына тартпастай,

Ақтөбенің Атыраудан несі кем?!

Қартгык
жақтан қар басқалы самайды,

Қамықтырған намыс қой бұл талайды.

...Жан екенсіз қызметте әкімдік

Ақылшы еткен алтын хакім Абайды.

Елдің көшін
алып жүрер даңғылмен,

Кемел ойлы Ел ағасыз
алдын кең.

Есігіңізден кішірейіп еніп ем,

Шығарымда үлкейіп-ақ қалдым мен.