ВЕРНУТЬСЯ

    Алысардай алыспен, жақынменен

Бола алмайды ашушаң ақын деген.

Бұзылып та
жатпайды салғыласып

Бұтып-шатқан бұты еркек қатынменен.

Жердің заңы
тұрады тартылыстан,

Ұшқалақ та
емеспін артық ұшқан...

«Маған тұтас жау
керек» (Әбділдаша),

Керек емес жарым жан, жарты дұшпан

Дауласпаймын аразбен, татуменен,

Жауласпаймын доспен де жатымменен.

Адам басы - жер шары,

Ми - жанармай,

Жүрек - зымыран,

Ақын
деген, абайла, атом деген!

Су ішкізер ғарыштың суатынан

Сілкіндіріп жүректі туатын ән.

Ақындықтың шарпуы жойқынырақ.

Атомдық та
бомбаның қуатынан.

Сондықтан да ашуды мақұлдаман,

Жүре берсін алыс та, жақын да аман.

Жарылмағай ақындар,
жарылса егер,

Адамзатқа орнайды ақырзаман!

Аялап адамшылық сән терегін,

Жаныма табылғандай бәр керегім.

Тауаны ізгіліктің қайтпасын деп,

Тауық боп
таң нұрынан дән теремін.

Күнелткен адал еңбек, арыменен

Жалғыздың патша Құдай жары деген.

Құзғын да, кұладын да бола алмаспын,

Тауық ем таршылықтан тары жеген.