ВЕРНУТЬСЯ

    Жастық жоқ беттен
ажар-әр таймаған,

Шайтан да
алжығанша қартаймаған!

«Шал тірлік шала
ұйкылы» десем егер,

Шалдыққа ерте дейді Ертай маған.

Ерте деп айта берсін Ертай маған,

Өтгі ғой айхай заман, ойхой заман.

Мастықтың төсегінде тоят тауып,

Жастықтың көшесінде той тойлағам.

Жел айдап, өзге аспаннан жұлдыз жанды,

Жем қалды,
Ойыл қалды, Ырғыз қалды...

Мен, сірә, мың аруға болдым ғашық,

Өмірде мені сүйген бір қыз бар-ды.

Өкпелеп хатқа жазған
жауабыма,

Зарлықтың салып
кетті зауалына.

Содан ба, бұл жақта өзім қала берем,

Бұлттарым Ақтөбеге
ауады да!

Қайғысы қаңқылдатып қаз-жүректі,

Қанша жыл күтіп келдім жазғы лепті...

Мен ақын
болайын деп жыр жазғам жок,

Өлеңге ғашық дерті мәжбүр етті.

...Ерте деп айта берсін Ертай маған,

Жастық жоқ
беттен ажар-әр таймаған.

Әйтеуір әлгі қызға сағынышым

Әлі де қаз
қалпында қартаймаған!