ВЕРНУТЬСЯ

      Сынған айна...
орыны тұр бос қазір...

...Жарымаған кезім еді қосқа бір.

Жарылқады жаңа үйленген Екеуді

Аңқылдаған аға Табыл, дос Табыл.

Десем дағы Табылға мен ырзамын,

Жазылмапты оған алғыс жырларым.

Телмірместей баспана деп Темірде

Үйі бар-ды бөлме саны бір жарым.

Болып еді ен даладай егіндік

Асханасы қос жамбасқа тегін құт.

Түсірген-ді қазан асып, той жасап

Мені - бала, Қыз Назымды келін қып.

Қуанғаннан шыққан сонда есім-ші!

(Мұны ұмытсам, Тәңірі Ием, кешірші.)

Сырттай сыйлас танысынан - Табылдың

Айналып ем баласына бесінші!

Табыл болып табылды ды жырларым,

Тарқатушы ем жастық-базар сырларын.

Алтын сарай салсам дағы арманнан,

Жетпейді сол бөлмелі үйге бір жарым!

Есіме алсам Темір
деген мен де елді,

Бір тәтті мұң
тербетеді кеудемді.

Ошағымның отын жеке жаққанда,

Еншіге деп Табыл айна берген-ді.

Жыр хатыма, сырқатыма мол емі,

Ардақты ең асыл затым сол еді.

Жарты құлаш
шарайнам да жарайнам,

Көк
аспандай көрінетін көлемі.

Алғаш рет ашып берген бағымды,

Ой-қиялым сол күндерді сағынды.

Әлгі айнаның барған сайын алдына,

Көруші едім өзімді де Табылды.

Тағы қайта бір жылап һәм бір күліп,

Түн ұйқымды
төртке бөліп дүрлігіп,

Ел жағында көшіп-қонып жүргенде,

Енші айнамды алсам керек сындырып.

Сынған айна... тірлігі оның тынған деп,

Өкініштің өксігінен
қыңғам жоқ.

Өйтетінім: Табыл болып табылам,

Ақ достыққа көңілім бүтін - сынған жоқ

Өлеңіне өсек-аяң
дабырдың

Құлақ аспас құлымын
ғой сабырдың.

Алпысында сынбаған бұл көңілім,

Here сынсын жетпісінде Табылдың!

1937