ВЕРНУТЬСЯ

    Жайрармын деп пе жас құрбан,

Жайлауын түздің кезгенде?

Ажалы жетіп қасқырдан,

Бозінген қалды
боз белде.

Іңірдің бұлты іріген,

Өртеніп тұтас өр мүлде...

Көмілген
жасқа тірілей

Ботаның көзін көрдің
бе?

Сілкіп бір тастап кекілді,

Секіріп ойнар күні ауған -

Бұл да бір сәби секілді

Бұлаудай
болған жылаудан.

Ботаньң
көзі...

«Қарама,

Қарағым, маған!» дегім кеп,

Боталап өзім
налаға,

Боздадым ебіл-себіл боп.

Қолдан бір
келер не шара,

Қор қылып кетті қу тағдыр.

Жаныңды
жұбап, бишара,

Жантақ шайна да, жусан жұл!