ВЕРНУТЬСЯ

     Менің бір ағам бар-ды, ағам бар-ды,

Ағам барда басымда бағам бар-ды.

Айырып үстімдегі алтын тонды,

Ажал кеп ақ кіреуке жағамды алды...

Бұл жалған
бекер десе, бекер еді,

Менің бір ағам бар-ды, ағам бар-ды,

Ағам барда басымда бағам бар-ды.

Айырып үстімдегі алтын тонды,

Ажал кеп ақ кіреуке жағамды алды...

Бұл жалған
бекер десе, бекер еді,

Кенеттен Кеңсайына жетеледі.

Алаштың алтын тоным ар-ұяты,

Ақ кіреукем арайлы Зекем еді.

Жабаурап жүретұғын
халде менің

Жанашыр жалғыз сол-ды жан дегенім.

Боз талды талмаған бір ботадайын

Қолынан шекер шайнап, бал жеп едім.

Қалжыңның қасқыр соғып қырларында,

Сылдырай төгетін-ді сырларын да:

"Жол болсын, редактор Есенжол ма?

Еп-есен Есенбайым тұрғанында!"—

Жымиып осылай да дегені бар...

(Зекеңше, жүк қалдырмас мен еді нар)

Жарықтық, жаралған-ды жақсылықтан

Жаныңа жылу, мейір — берері нәр.

Ағамдай, жағамдай да екен дедім,

Аяулы Зекем менің, Зекем менің!

Қосынды Кеңсай жаққа қондырғанмен,

Мыңдардың
жүрегінде мекендедің.

Сен барда берілмей мұң тұманына,

Бейіштің ар суардым бұлағына.

"Балақай, мен ғой..." деген қоңырауыңнан

Қоңыр самал есетін құлағыма.

Керетін көңілдегі шарайнада

Көшбасшы көсеміндей талай дана.

Апырай,
қиып кеттің, қиып кеттің,

Қабірге сыйып кеттің. қалай ғана?!

Қайтерсің, көшер болсақ ағына біз,

Арыс өтті шын асыл, нағыз аңыз.

Зекеңнің жазғандарын қанағат қып,

Алланың
жазғанына бағынамыз.

Ізеттеп биіктерге шарқ ұрғанда,

Іздерміз мұң
басқанда, жарқын жолда.

"Алтын қор" қазағына сыйлай-сыйлай,

Өзі де айналды сол алтын қорға!

Кенеттен Кеңсайына жетеледі.

Алаштың алтын тоным ар-ұяты,

Ақ кіреукем арайлы Зекем еді.

Жабаурап жүретұғын
халде менің

Жанашыр жалғыз сол-ды жан дегенім.

Боз талды талмаған бір ботадайын

Қолынан шекер шайнап, бал жеп едім.

Қалжыңның қасқыр соғып қырларында,

Сылдырай төгетін-ді сырларын да:

"Жол болсын, редактор Есенжол ма?

Еп-есен Есенбайым тұрғанында!"-

Жымиып осылай да дегені бар...

(Зекеңше, жүк қалдырмас мен еді нар)

Жарықтық, жаралған-ды жақсылықтан

Жаныңа жылу, мейір - берері нәр.

Ағамдай, жағамдай да екен дедім,

Аяулы Зекем менің, Зекем менің!

Қосынды Кеңсай жаққа қондырғанмен,

Мыңдардың
жүрегінде мекендедің.

Сен барда берілмей мұң тұманына,

Бейіштің ар суардым бұлағына.

"Балақай, мен ғой..." деген қоңырауыңнан

Қоңыр самал есетін құлағыма.

Керетін көңілдегі шарайнада

Көшбасшы көсеміндей талай дана.

Апырай,
қиып кеттің, қиып кеттің,

Қабірге сыйып кеттің. қалай ғана?!

Қайтерсің, көшер болсақ ағына біз,

Арыс өтті шын асыл, нағыз аңыз.

Зекеңнің жазғандарын қанағат қып,

Алланың
жазғанына бағынамыз.

Ізеттеп биіктерге шарқ ұрғанда,

Іздерміз мұң
басқанда, жарқын жолда.

"Алтын қор" қазағына сыйлай-сыйлай,

Өзі де айналды сол алтын қорға!