ВЕРНУТЬСЯ

      Тындырғаным:
өлгенім жоқ, тірімін,

Елудегі егделердің бірімін...

Әбділда...

Күн батар
тұстан күреңтіп қызыл іңірің,

Түн түсіп келеді созғылап кәрі сіңірін.

Сөнген жоқ
бірақ көретін менің жарығым,

Сіміріп тұрмын жел демін, гүлдер дірілін...

Тәубе дейінші, шалдардың жасап ырымын,

Естідім тағы таң торғайының шырылын.

Өзекті жанға бір өлім барын білем ғой,

Өмірдің мен де жалғыз-ақ шумақ жырымын.

Ерттеп мініп ем жастықтың бір кез дүлдүлін,

Ентігіп қала
береді еңді бұлбұлым.

Сары уайымға салынбаймын да солай деп,

Санама мені жезге де езге, кұлдығым!

Іздеме және тобынан маңғаз ірінің,

Қарақан
басты қарапайым пенде бірімін.

Ақ сарайларда ақ
май жегеннің көбі жоқ,

Қара лашыкта қара су ішкен мен тірімін.

Жасаған Ием, не деген жаны сірімін,

Алпыстан асқан ақсақалдардың бірімін.

Уакытша атқарып
жүрмін жердегі

Міндеттері мен қызметтерін тірінің.

Ақиқат сөзін шығарған сәтте-ақ ойынан,

Ақи да тақи ақын ретінде жойылам!

Салуам бар-ды садағы толы сайгез оқ

Қарғадай ғана Қазтуған батыр сойынан.

Топырағым, суым жаралған, сірә, сол жақтан,

Толғау да толғау шерімді мен де толғатқам.

Абыройым биік Ертай ақынның алдында,

Жатпаса дағы құттықтау
хаттар жолдап хан.

Тоғай да тоғай ел көшіп Еділ бойынан,

Асан қайғы өткен
Ойылдың едім ойынан...

Сауықтың маған құлдары туыс бола алмас,

Мұңдары жақын жұртымның ойын-тойынан.