ВЕРНУТЬСЯ

    Сыр білдірген кәрілік сызда мынау

Сынса жамбас - елім ғой мұзға құлау.

«Есің барда елің тап» деуші еді жұрт,

Ауыл қайда,
су қайда, Қыз Назым-ау?!

Қартайғанда
сүйеніш бес балдақты

Сүйеу қылам деп
жүріп ес қалмапты.

Тыйын-тебен, шыт-шыбыр шүберек ап,

Біз бармаған мәжіліс, кеш қалмапты.

Айтпақшы,
алда келатқан мерекеңмен!

Құдай осы
жазбағай берекемнен.

Кеп-кешегі жас қызды кемпір етіп,

Бір әйелді қартайтқан
ер екем мен!

Сенсіз біткен тірлікте бір ісім жок,

Жүре берші алда да ырысым боп.

Анау жаққа мен де әзір асықпайын,

Бұл дүниеде бітпеген жұмысым көп!

Сен де орындап мақсат пен мұратыңды,

Қартайтып-ақ тастапсың бір ақынды.

Сорқұдықтың
басында сорға қонып,

Соғыс деген көріп ек сұрапылды.

Еңбектеген бала да, шал заты да...

Айналдық қой еңбектің
солдатына...

Тойынғандық белгісі дей алам ба,

Той көбейіп барады Алматыда?!

Ұзар кезде
мерейлі белеске сен,

Ұлдарыммен
болмайды-ау кеңеспесем...

Той көбейіп барады Алматыда,

Кедейліктің белгісі емес пе екен?!

Сүттей жарық
төгетін жолымызға

Солда - жұлдыз, ай да жоқ оңымызда.

Той көбейіп барады Алматыда,

Тойға киер тозыпты-ау тонымыз да.

Тон мен қоңды қомсынып
бұл әлеумет,

Торықпай ма «мықты
ақын мынау ма?!»

Той көбейіп барады Алматыда,

Алматыда тұман көп, тұмау да көп.

Ән салады ашып caп әртіс төсін,

Әулиенің шашына қар
түскесін.

Той көбейіп
барады Алматыда,

Тойлайтын бар толтырып алпыс бесін.

Соңғы кезде шарықтап
мал қақы да,

Той көбейіп барады Алматыда.

Бұл не деген заманға тура келдік,

Көбейіп
тұр жезөкше, салдақы да?!

Мыс пен жезден көп
құйып орден шебер,

Мысың құртар мәңгүрт те, төр берсе егер.

Той көбейіп барады Алматыда,

Көбейіпті тастанды көрдемшелер...

Гитарадан, көмейден
төге жөнер

Көбейіп тұр жат әуен, өгей өнер...

Ауыл қайда,
су қайда, біз қайдамыз?

Көбейе бер
дейміз бе, көбейе бер?!