ВЕРНУТЬСЯ

     Сағындым балауса шөп, балдай желін,

Қандай күй кешулі екен Қалдайбегім?

Барармын жаз шыққан
соң, аман жүрсем,

Жалғызға жар бола гөр, Алла-ай дедім.

Кешқұрым аяғыммен жаяулатып,

Келер ме ем мен де ән шырқап баяулатып,-

Жер шалғай, «ауылым алыс, қалдым қалыс»,

Ән тыңдар
қыздар да жоқ ояу жатып.

Қаншама жаныққанмен
дала деп мен,

Жуырда қауышпаспын жамағатпен...

Жүйткітіп
кербестіні кетер едім,

«Жүйрік ат, өткір
қылыш...» заманы өткен.

Әуелеп ақсұңқардай
әне кеткен

Ұша алман удай
қымбат сәмөлетпен...

«Жетпейді жоққа
жүйрік» деп айтып ап,

Өмір-ай жоқ
нәрседен дәмелі еткен!

Жүргенге қалт-құлт
басып тайғақпенен

Ескірді-ау «Ер
намысы - қайрақ» деген...

Жағдайы қалтасының
жұқа ақынға

Жақсысы - жаман
пойыз, жайдақ вагон!

Таулары жөңкіген
бұлт Жоңғар асып...

Көлкіген Жетісудың көл даласы.

Тау ұлы туа сала тауға қарап,

Өспей ме шөлге қарап
Шөл баласы!

Өлкені өзен-сулар
өрнектеген

Өлеңдей
арман еді-ау кермек деген...

Жәннатта тұра-тұра жалықтым ба,

Тозаң-шаң.
«тозағыма» шөлдеп келем.

Көсігі көсеудей ме, мойылдай ма,

Әйтеуір, ашықпай да, тойынбай да,

Жеуші едік құм
шағылдар құмаршығын,

Жем қайда,
Сағыз қайда, Ойыл қайда?!

Сол жақта қалды көктем, қалды күзім,

Балдырған бала дәурен - балдыз інім...

Дүниені көріп қайт
деп Дүйсенбай шал,

Арманға аттандырған жалғыз ұлын...

Тағдыр бір қиял
жетпес күйші екен де,

Тағылымын көкірегіне түйсе пенде.

Қолбасшы Бауыржанға қоңсы болып,

Кеңсайға қосын
тікті Дүйсекең де!..

Өлкені өзен-сулар өрнектеген

Өлеңдей
арман еді-ау көрмек деген...

Жәннатта тұра-тұра жалықтым ба,

Тозаң-шаң «тозағыма» шөлдеп келем.

Суға да, сусынға да сусағам жок,

Сағынтты қураған
шөп қу сабан боп.

Төрелік берші осыған, сен не дейсің,

Төбемде
жұлдыздары жусаған көк?!

Көрінген көк
сағымға көл кейпінде,

Кезіңмен, көңіліңмен шөлдейсің де!

Алғидай аңызақты шөлде туып,

He айтасың, Алматыда өл дейсің бе?!

Қар еріп, төрт түлік мал төлдегенде,

Қалада үйім тастап бөлме-бөлме,

Қаңғырып кеткім келер қаңбақтайын,

Шөлейтке
жеткім келер шөлдегенде!