ВЕРНУТЬСЯ

      He сиқыр екен мені дуалаған,

Жыр дерті жабысыпты туа маған.

Сырбайдай сырнайлы өзен лебіз арнап,

Аманат артып кетгі Қуанағам.

Дарақы
мінезім жоқ далиятын,

Біліп қой: өлең - менің ар-ұятым.

Әу баста Әбу әкем ақжол тілеп,

Салды ғой үлкен жолға Сағи ақын...

Ескі дерт алмағасын бір мазамды-ай,

Есен-сау тірлігіне ырза жандай,

"Талантым осы менің таусылды-ау" деп,

Жүр едім көптен бері жыр жаза алмай.

Жүр едім жыр жаза алмай неше заман,

Тәубе ғып жер басқанға есен-аман.

Мұзды да ерітердей сөздер айтты

Мұзафар Әлімбаев кеше маған!

Дағдымен дағдарысқа бойды алдырған,

Дәм татпай азабына тойған жырдан,

Далпылдап босқа шауып жүріппін ғой,

Дәнігіп нан тапқанға
ойдан-қырдан?!

Сексеннің серттей берік киелі ері

Сенімге еткендей-ау ие мені.

Түндерде дүрліктіріп содан бері,

Түсіме лирика жиі енеді.

Лебізі жамап-жасқап лекерледі,

Сергітті, сезімімді секерледі.

Қомдайын қанатымды, козғалайын,

"Қонғаның, елең шіркін, бекер ме еді!'

Ән-Әсет келе жатыр алыс жерден,

Әкелші домбырамды Кабыш берген.

Керуен кешірейін күн түбіне,

Нар мініп Кемпірбайдай намысты ерден.

Жабаурап калған екен сұрша қайың,

Жауа алмай кеткен бұлтқа мұң шағайын.

Күңірентіп күмәнді айдап, тұман байлап

Күншілдің күмірәсін тұмшалайын.

Шаңқобыз тұяғынан шаң шұбырып,

Ажалдың аш қасқыры калсын ұлып.

Түн басып кетпесінші дүниені,

Тасына Алатаудың таң сүрініп!

Сексенде серуен-серуен дауыс керген

Серт мініп керуен-керуен намысты ерден,

Әніме мен салайын, Қыз Назым-ай,

Әкелші домбырамды Қабыш берген!