ВЕРНУТЬСЯ

     Тамағын тауып
тақ-тұқтан,

Таңдарды жүрсің қарсы
алып.

Жырлайды дейді
шаттықтан,

Жылаған сені ән салып?!

Қанатың жайып күнге алау,

Шырылда, торғай, шырылда.

Сай-сүйек езер мұң бар-ау

Сайраған сазды жырыңда.

Қабағың неге қату-ды,

Қанағатты айтып қақсама.

Ән де һәм тән де сатулы,

Әл-қуат
енді - ақшада!

Қауымды ойлап, Құдай дер

Қалмады пенде ырымға.

Жырла да жыла, жылай бер,

Шырылда, торғай, шырылда.