ВЕРНУТЬСЯ

Ботаның көзі

    Жайрармын деп пе жас құрбан,

Жайлауын түздің кезгенде?

Ажалы жетіп қасқырдан,

Бозінген қалды
боз белде.

Іңірдің бұлты іріген,

Өртеніп тұтас өр мүлде...

Көмілген
жасқа тірілей

Ботаның көзін көрдің
бе?

Сілкіп бір тастап кекілді,

Секіріп ойнар күні ауған -

Бұл да бір сәби секілді

Бұлаудай
болған жылаудан.

Ботаньң
көзі...

«Қарама,

Қарағым, маған!» дегім кеп,

Боталап өзім
налаға,

Боздадым ебіл-себіл боп.

Қолдан бір
келер не шара,

Санақ

   Қартайғанда
сауығы тарап, қашып,

Қатын да жоқ
жүретін қанаттасып,

Тайып құлап
жемеуге мұздан таяқ,

Санақ келеді
аяғын санап басып.

Көкірегіңде жоқ
ешбір арамдығы,

Жек көреді көңілі
қараңғыны.

«Ұлты қазақ» деп
жазып, ұлдың атын

Санақ қойған туған соң санақ жылы.

Әуес әуендер

    Білдіріп келгендігі бір хабарын,

Қырмызы шашты көктем қырға жалын.

Жеделден желге мініп, сел де жүріп,

Жетіпті қаздарым мен тырналарым.

Таңның да табанынан тағат тайып,

Жайнап-ақ кетіпті бұл жанат байып -

Аңқылы арғымақ-су ел көшіріп,

Қаңқылы қаздарымның қанат жайып.

Ырғалта көк жусанын тепсең мекен,

Ырзамын бұл
күнге де жеткенге есен.

Мен едім алты ай қыста арып-талып,

Деп едім көктемді іздеп кетсем бе екен!

Өртеп бір тұмауын
да, қырауын да,

Өзі іздеп келіп қапты жыр ауылға -

Жайық жағасында

      Білмеймін бұдан асар ғажап барын,

Орман да осы жұрттан
аз-ақ қалың.

Үш жүздің баласы боп түгел келген,

Ассалаумағалейкүм, қазақтарым!

Шарқ ұрған
шағын көріп шағаланың,

Жайықтың жағалауын жағаладым.

Бармысың, арғындарым,
тамаларым,

Армысың, Ілиядай ағаларым!

Жайықтың жағалай тал жасыл әнін

Жамылып, жөн-ақ шығар тасығаным.

Әкімдік қызметке әкеткен-ді

Атырау Ақтөбенің Асланын.

Берейін сәлемімді, беріштерім,

Мен қашан әзіліңді
теріс дедім.

Әділетпен әңгіме

     Кішкентай драма

Бірінші көрініс

Ақшам
түстес алакөлеңке сахна. Ақын
және Әділет. Дауыстар.

Ақын (Әділетке қарата)

Алданған екем мен сені

Ақиқат шынның жағы деп.

Алдырған сұмға еңсені

Сорлы ма едің, Әділет?!

1-дауыс

Қиянат ер ғой көзі ашык,

Әділет деген - соқыр бақ.

Кіре алмай есікті өзі ашып,

Сипалап жерді отырмақ.

2-дауыс

Отырар әркім тағында -

Өзіне тиіс орынға.

Қиянат кейде бағың да!

Әділет кейде сорың да!

3-дауыс

Страницы