ВЕРНУТЬСЯ

Рахым және біз

       Керімбек!

        Амансың ба? Мен де
міне, есендігімді білдіріп хат жазып отырмын. Бізде айтарлықтай жаңалық жоқ. Сол баяғы 217-ші разъезде жүріп жатырмын.

        Әнебір кездері алдағы
оқу жылынан бастап мектебіміз он жылдық
болар деп үміттенетінбіз. Бірақ оның ыңғайы келмейтін сияқты. Көрші совхозда жаңа бір ферма құрылып, жанымыздағы ауылдың жартысы көшіп
кетті. Енді сол сегіз жылдық
күйінде қалатын шығар.

Беймезгіл қонақ

         I

        Үрия асыға-аптыға
шығып кеткен соң, дағарадай үй лезде-ақ
қаңырап бос қалғандай, аяқ астынан меймандар да алаңдай бастаған:

-        Бұл қалай болды?

-        Онысы
несі, менсінбегені ме?

          Әсем не десін.
Булықты да қалды.

-        Шақырсаңшы,
- деді Нұртас. - Немене өзі?!
Ондай кербездің талайын көргенбіз.

-        Тіпті
сүйреп келсең де бірдеңе қылшы, - деді жанындағысы өлердей өрепкіп.

           Әлі булығып отырған
Әсем жарылып кете жаздады.

Шекербек және біз

      Талас бойынан тағы бір сәлем! Аман-есен жүрмісің? Алматыдай
астананың саялы бағынан, тап-тұйнақтай тас көшесінен атгап шыққың келмейді. Ендеше, бәрі де бас
бармақтай болуы керек. Біз де
аманбыз. Арғы-бергі тарихқа әйгілі көне ұлтан Таластың бойында ойнап-күліп, жүріп жатырмыз. Бала-шаға,
қатын-қалаштар да түгел сондай. Үйдегі отағасының асығы алшысынан кеп тұрса, олардың ойнап-күлмей жыны бар
ма?

Ол екеуі және мен

       Сол көктем алыстағы ауылымды
қатты аңсадым. Жатсам да, тұрсам да май топырағын жалаңаяқ кешіп, көк майсасын
көрпедей көретін «Қоғалы» көңілден кетпей қойды. Біртүрлі қобалжып,
таңды атырып, күнді батыру

қиындап кетті.

       Ақыры сол сағыныш
жеңді. Демалысқа шығатын кезегіңді
күтуге шыдамым жетпеді. Бастыққа барғыштап жүріп,
өтініш қағазымның шекесіне қол қойдырып алдым.

Сол бір түн

       Күздің бір тұтам түні жер
ортадан ауа мақталықтан қайтқан Шарбанудың шаршағаны соншалық - шайын қалғып
отырып ішті. Кесе-шайнекті де қалғып жүріп жиды. Төсегін де түртінектеп жүріп зорға салды.

Мұздай жастыққа бас қойып, масаты көрпені иығына жапқанда, ол бір түрлі
тоңазығандай болған. Кісі жаурағанда бүрісіп қалатын еді. Шарбану болса ұзақ
керіліп, үнсіз ыңырсыды. Жаңағыдай емес, ұйқысы да ашылып, қалың төсектің
үстінде көп дөңбекшіді ол. Әрі аунап, бері аунап, бар тапқаны - құс жастықты
умаждай береді.

Страницы