ВЕРНУТЬСЯ

       Сол көктем алыстағы ауылымды
қатты аңсадым. Жатсам да, тұрсам да май топырағын жалаңаяқ кешіп, көк майсасын
көрпедей көретін «Қоғалы» көңілден кетпей қойды. Біртүрлі қобалжып,
таңды атырып, күнді батыру

қиындап кетті.

       Ақыры сол сағыныш
жеңді. Демалысқа шығатын кезегіңді
күтуге шыдамым жетпеді. Бастыққа барғыштап жүріп,
өтініш қағазымның шекесіне қол қойдырып алдым.

       Кідіргенім жоқ.
Кешкілік жолға шықтым. Біздің үй «Қоғалыдағы»
ауылдың ең шетінде еді. Қаладан қайырылатын жолға тіптен жақын болатын. Қас
қарайып қалған кез-ді. Сыртқы қораның
есігіне жақындап келдім де, кілт

тоқтай қалдым. Жүрегім лүп-лүп
соғады. Әлсін-әлі жөткірініп қоямын.

Кіре берісте тағы біраз кідіріп
барып, алдыңғы есікті аштым. Дәлізде
жан жоқ екен. Аяғымның ұшымен
басып, келесі есікке жақындай беріп едім, ар жақтан болар-болмас дабыр естілді.
Таныс дабыр.

-        Сабыр
деген бола ма, сенде осы. Турап бітсін де.

-        Мұны апам кішкентай інім Күмісбекке
айтып отыр.

-        Соны
қиқалап әуре-сарсаңға
түскенше жапырақ-жапырақ күйімен жей салатын...

        Мұны үлкен інім - Тұрарбек
айтып отыр. Оның қашаннан нарынды суқаны сүймейтін әдеті. Ет болса, онда да майлысы. Нан болса, артынан бір
кесе мұздай су. Сол жетіп жатыр.

         Біреу кеңкілдеп күліп
отыр. Ол - әкей ғой. Қызық кісі. Апам
ашуланса болды, ол күле береді.

       Сағынышты жүрегім
шымырлап кетті. Қозғалсам болды, бәрінен айрылып қалатындай қаздиып қатып қалыппын.
Іште тағы бірдеңе десе екен деймін. Дей берсе, тыңдап тұра бермекшімін-ау, сірә.

        Бір сәт есімді
жинағандай болып, жай ғана жөткірініп алдым
да, даусымды өзгертіңкіреп:

-        Рұқсат па екен? - дедім.

-        Бұ қайсысы сызылып қалған. Кіре бер,
кім болсаң да мақтап жүреді
екенсің...

      Апамның кәдуілгі әдеті.
Біздің үйде уәжге ең алдымен жүретін.
Түк өзгермепті.

-        Амансыздар
ма? - Артымдағы есік жабылмай қалды.

-        Құралжаным ғой мынау, айналайын!

         Апам ұшып тұрып, қолымды сүйіп жатыр.

-        Ассал
ау м ағал ейкум!

        Екі інім түрегеп
амандасты.

-        Айналайын-ау,
тағы жалғыз келгеннен саумысың? Әлгі күткен келініміз қайда? Екі көзіміз төрт болып отырған жоқ па,
осы.

-        Апа, келініңіз төркінінің
үйінен шыға алмай жатқан көрінеді.

        Әкей төмен қарап күліп отыр.
Мен де күліп жібердім. Екі інім де сылк-сылқ күліп жатыр.

-        Әкеңдікі
осы. Үлкеймей-ақ қойды, әйтеуір. Мыналарға көрсетер «өнегесі» болар жазғанның.

-        Біз
үйренген әдеті емес пе еді, апа?

-        Оған
қосқан. Көп қосқан. Көресің ғой әлі, - деп, ақырында
апам да күлді.

Жатаған столды қоршалай қалдық.
Бәрі таныс. Бәрі ыстық. Бәрі жақын. Шетін өзім тістеп сындырған сырлы қасық. Қайрай-қайрай жұқарып
кеткен мүйіз сапты ұзын пышақ. Қазандағы ыстық сорпадан асығыс
сыбаға айырамын деп жүргенде ернімді талай күйдірген қалайы ожау. Бетіне «Құралжаныма арнадым» деп өрнекті ою салған түкті
кілем...

-        Ал, алыңдар, - деді апам.

-        Көкеме коньяк әкеліп едім, -
деп Күмісбекке қарадым. Ол ұшып тұрып, дәлізден бес жұлдызды бөтелкені екі
қырлы стақанмен қоса әкелді.

        Сәлден соң-ақ жаңбырлы қала
да, Қадиша кемпірдің пәтері де, тіпті әнебір қыз да, бәрі-бәрі ұмыт болғандай еді
Бейнебір осы «Қоғалыдан» аттап шықпағандаймын-ау...

-        Ауру-сырқаудан
амансың ба, айналайын?

Апам ғой бұл.

-        Мені
қайтсын ауру-сырқау...

-        Сонда
да. Әнеукүнгі хатыңда «барам» деп ештеңе айтпаған
екенсің. Қауын піскенде барып ат басын бір бұрар деп отырғанбыз.

-        Сағынып
кеттім ауылды.

-        Келіншек
алғанша осылай келіп тұрсайшы,
- деді көкем мырс етіп.

Екі інім қатар күлді.

-        Балаңмен
әзілдескенді қашан қоясың осы? Үлкеймей-ақ кетерсің өстіп сен жазған.

        Апам әнтек бұрылып отырды. Кәдімгі көкем де.
Көз қысып қояды.

-        Әне,
шығарады ғой бүл. Көз қысқан деген не пәле? Апам
дәу табақты ортаға ысыра берді.

        Көкем сылқ-сылқ күліп отыр.

 

...Жатар мезгіл келді.

-        Сендердің
бөлмелеріңе барып ұйықтаймын,
- деймін Күмісбекке. - Бір күнге
кереуеттеріңді қоя тұрып, киіз жайып, төсек салыңдаршы.
Армансыз бір аунайық. Көрпенің
үстінде күрескенді ұмытқан
жоқсыңдар ма?

-        Айналайыным,
сағынған ғой, қайтсін. Ей, Күмісбек киізді
қабаттап салыңдар, - деп жатты апам.

       Мен тұрғанда үйде жалғыз апам ғана екен.

-        Анау
әкең қазір қой жіберем деп кетті. Тез сойғызамын ғой. Өзің жақсы көретін ащы
қуырдаққа дейін, сүтке сөк салып қойдым.

-        Апа,
қойдың керегі жоқ еді ғой.

-        Е,
саған соймағанда оны Меккеге апарар деймісің? Кеткенше күнде біреуін пышаққа іліндіріп тұрсаң да жетеді.

Апамның кәдімгі мінезі де. Сәл мақтаншақтау. Асырып
айтатын.

...Бүйрабас жігіт соятын қоймен
әлек. Апам сыртқа бас үйітетін от
жағайын деп жүр. Әлсін-әлі келіп, әңгіме айтып кетеді.

Міне, тағы бері бұрылды.

-        Құралжан, ұмытып барады
екенмін. Әлгі Сейіткерім ағаңның үйі көшіп келген. Өзі осы ауылда - бұқалтыр. Сұлу
жеңгең дүкенге тұрмақшы болып

жүр. Әкең орталықтағы бастықтармен сөйлескен көрінеді, - деп ол бір
қайырғанда, денем дір ете қалды.

           Тіптен күтпеген жаңалығым.
Әлдеқашан-ақ көңілден кеткен адамдар. Осы жылдар оларды еске алған күнім бар ма
екен? «Енді кезікпей-ақ қойсам» дейтін едім ғой. Бұл қалай болды?

-        Кішкентайлары бар ма екен? -
Жоқ екенін білетінмін. Әйтеуір бірдеңе айту керек болған соң дей салғаным ғой.

-        Жоқ,
екеуі ғана.

-        Е,
жақсы болыпты да. Туысқандарыңмен іргелесіп...

-        Есітпей
жатқан ғой. Әйтпесе жеңгеңнің жететін уақыты
әлдеқашан болды.

          Мен үнсіз қалдым.
Апам басқа бір әңгімеге ауысып кетті.
Көз алдыма Сейіткерім мен Қарлыға келді. Орта бойлы, дөңгелек жүзді, аққұба келіншек, әлсін-әлі қасын керіп
тастайтыны бар-тын оның. Ұзын бойлы,
қарасұр, құс мұрын, арық жігіт. Кей-кейде араққа тоймай кететіні бар-тын оның. Еркіңе
қоймай сүйрелей жөнелетін қоңыраулы күлкі. Сейіткерімнің салыңқы қабағы.

-        Апай, шылапшын керек. Қан
шашырайды, - деді бұйрабас жігіт. Апам шылапшын әкелуге кетті.

         Ол сәт мені де өткен
күндердің бір елесі еріксіз сүйрелеп бара жатқандай еді.

         «Қоғалыдағы»
жетіжылдықты бітіргесін, көкем мені аудан
орталығындағы интернатқа орналастырмақшы еді. Сол екі ортада «Қосқұдыққа» осы Сейіткерімдердің көшіп келе
қалмасы бар ма? Бізге алыстан орағытып қосылатын жамағайын екен.

       Содан «Қосқұдықтағы» орта
мектепте оқитын болдым. Апам келіні мен қайнысын әдейілеп ерулікке шақырды. Жеңгеміз
үйде еркін отырды.

-        Апамның асы тіл үйіреді екен.
Күнде келіп тұруға бармыз, - деп бір қойды. Оған күйеуі:

-        Әй,
бақсы, сүйреңдей бермесеңші, - деп жекіп тастады.

         Қарлыға оны
естімегендей болып отыра берді. Үлкендер жағы карта ойнады. Қызара бөрткен жеңгеміз күйеуінің тізесін
басып, өзеуреп барады. Сейіткерім:

-        Әй, бақсы, әрі кетші, - деп
қояды әлсін-әлі. Оны зіл көріп жатқан жеңгей жоқ. Қайта сыңғырлай күліп, жақындай
түседі.

      Апам қазан-ошақтың басында.
Дастарқандағының бәрін ауыстырушы - менмін.

         Сол түні олар орталыққа
жүріп кетті. Қайтарында біздің үй Қарлығаға помбарқыт көйлек, Сейіткерімге
бастон костюм кигізді. Жүк машинасының кабинасына Қарлыға отырды. Апам мен жайында бірдеңе деген
болса керек.

-        Түк те уайымдамаңыз. Оған
бола қазан асып жатқанымыз жоқ. Бір қайнымның көңілін табу - қолдан келетін
шығар. Түк те уайымдамаңыз, - деп жатты жеңгеміз.

         Оқып жүрмін. Таңертең кетіп,
түс қайта ораламын. Жеңгей - дүкенде, ағамыз - кеңсесінде. Мен үйде боламын.
Екі бөлме, дәліз. Дүние-мүлік ұзататын қыздың жасауындай жиналады. Жарқыраған жиһаздар. Тап-таза.

Бөлек-салақ жатқан ештеңе
болмайды.

         Ауыл үй отырып,
көршілермен араласымыз шамалы. Алысты-жақын ағайын, қоңсылар келіп-кетіп жататын күнделікті
сапырылысқа үйренген маған алғашқыда қиын соқты. Келе-келе біраз
бастыққан да сияқтымын.

Велосипедім бар, әйтеуір. Іш пысқанда ауылды бір орағытып қайтамын.

       Кешкісін дәу есепшотын бір
қолтығына, бұрқыраған бума-бума қағазын бір қолтығына қысып Сейіткерім келеді. Галифе
шалбары, ұзын қонышты қызыл етігі, тамағын қылқындырып тұратын сұр кителі
үстінен түспейді. Шашын тақырлап алдырады да, жазы-қысы басынан қоңыр құлақшынын
тастамайды. Қарасұр жүзінің шын шырай беруі кем. Күлген күнде
де маған

ашу шақырып тұрғандай көрінеді. Шылымды үсті-үстіне тартады. Үйде
бір қара жәшік бар. Ішінен қатталған «Қазбектер» үзілмейді. Оның үзілмеуіне
жеңгей жауап береді.

         Сейіткерімнен кейін
Қарлыға келеді. (Мен көргелі ағайдан
бұрын келген емес.) Биік
өкшелі, біз тұмсық туфли.
Жүннен тоқылған ақ кеудеше. (Ол кейде көк, кейде жасыл, кейде қызыл боп та келе береді.) Қолында қара

редикулі. (Тамақ таситын сөмкесін
мен ертерек әкеліп қоямын ғой.)

        Жәй келмейді. Жарқырай
келеді.

-        Қайным-ау,
қалайсың?

-        Майға
піскен нандаймын, жеңеше!

-        Жоқ.
Ол жарамайды. Қаттылау бол...

Мен Қарлығаның «қаттылау бол»
дегенінің түп қазығына жете бермеймін. Әңгімеміз де одан әрі жалғасып кетпейді. Ендігі кезек ағамызға тиеді.

-        Әй,
бақсы, жүрек жалғайтын бірдеңең бар ма?

-        Отағасы,
қазір алдыңа барады. Аз ғана сабыр болсын.

-        Әкел
тезірек, көп сөйлей бермей...

-        Киноға
барайықшы - дейді жеңгей, ас ішіп болған соң.

-        Қойшы,
сол киноңды.

-        Отағасы,
бүгінгісі «индийский» екен.

-        Болса
қайтеміз.

-        Бір
мезгіл бой жазсаңшы...

-        Осы
сенің-ақ...

          Ағамыз кіжінген бойы
киіне бастайды. Қарлыға мені де
сүйрелегендей болып ертіп шығады. Көшеде ол екеуімізді
де қолтықтап алады. Содан бірінші қатарға барып отырамыз. (Сейіткерім мен
Қарлыға оны құрметті

орын деп біледі). Жақыннан
қараған соң көзім ауырады да, ақырын
артқа ысырылып кетемін.

       Сегізінші март мерекесі
жақын-тын. Соның алдындағы демалыста көкем келіп кеткен. Азын-аулақ ақша алып қалғанмын. Қарлығаға есте қалатындай бір
дүниелік іздеп, жетер жердегі
дүкендерді шарлап шықтым. Бірі көңілге

қонбайды. Жүзіктің, білезіктің,
сырғаның сан қилысы өзінде де бар.
Орамал да жеткілікті.

         Әрі-сәрі жүргенімде мейрам
дөп ете түсті. Сасқанымнан дүкенге тағы жүгірдім. Қас қылғандай жаңа туған шақалаққа
керектілерді сатып жатыр екен. Ішінде бәрі бар-ау. Өзін әдемілеп буып қойған.
Көңілге бір байлам caп ете қалды. Содан қалтамдағы бар ақшаға әлгіндей буманың
біреуін сатып алдым.

        Таңертең тұрған бойда ашық
хат қағазына: «Жеңеше! Мерекеңізбен! Мынау бір жақсылықтың басы болсын. Ескіше
айтқанда: ырым болсын!» деп жаздым да, бумамен бірге стол үстіне қойып кеттім.
Мектептен кешкілікте

келсем, екеуі қонаққа бармақшы болып жатыр екен. Мені көрді де, Сейіткерім жымиып қойды.

-        Әй,
бақсы, қайның келді. Тапқыр қайның...

       Қарлыға кілт бүрылды
да, бетімнен шөп еткізіп сүйіп алды.

-        Мың
рақмет!

         Әтір аралас жалын тұла бойымды шарпып өткендей болды. Бетім ду қызарып кетті.

-        Ойлайды
ғой, айналайын! - деді Сейіткерім менің арқамнан
қағып.

        Оның кірпігі
жыпылықтап кетті. Менің де бір түрлі көңілім
босап, кірпіктерімді жыпылықтата беріппін. Тегінде, мен білгелі бері Сейіткерімнің аузынан шыққан жылы сөз де осы
болар. Әрине, шын көңілімен айтқан.

         Бір күні Сейіткерім
ертемен шопан ауылдарын аралап кетті
де, түнде қайтпады. Әрі отырдық, бері отырдық. Екі қайтара шай іштік. Патефон қойып, ән тыңдадық. Ойдан қайтқан, қырдан қайтқан әңгіме айттық. Бірақ
Сейіткерім келмеді. Ағамыздың кей-кейде қатты ішетіні бар-тын.
«Солай бір бөккен шығар» дедік те
жатуға айналдық.

           Ішкі бөлмеден
төсегімді шығара беріп ем, манадан бері шашын
тарап, сыланып отырған жеңгем орнынан ұшып тұрып, көрпе-жастықты жұлып алды да, орнына қайта апарып қойды. Апарып қойды да:

-        Жалғыз
жатуға қоркамын. Ағаң жоқ, - деді.

-        Жеңеше-ау,
алатын жау есіктен келмей ме? Шамам жеткенше
күтіп аламын ғой, - деп әзіл айтқан болдым.

-        Елегзимін,
айнам. Дәу сандықтың үстінде бір түн жатып
шық. Жанымда біреу болмаса, ұйқым
келмейді.

        Мен оған таңырқай
қарадым. Қарлыға ерекше бір күйде отыр.
Мұрнының қос желбезегі
делдиіп, маңдайы бір құрысып, бір жазылады. «Ағайға ашуланған
ғой» деп түйдім де, үнсіз кітабымды
оқи бердім.

           Ол да үнсіз қалды.

         Шай қайнатым уақыт
өтті. Бір кезде Қарлыға керіле орнынан
тұрды. Сонсоң айна алдында
аз-кем кідірді де, бері бұрылды.

-        Ұйқың келді ме? - деді ол сонсоң.

-        Сіздің
ұйқыңыз келмесе отыра тұрайык, - дедім мен

-        Жоқ,
енді жатайық, - деді ол.

        Төсегімді сандықтың
үстіне өзі салды. Күндегіден бөлек бір
шәйі көрпе жапты. Амал жоқ «көңіліне келіп қалар» деп үнсіз жатып қалдым.

        Енді ұйқым келсейші. Оның үстіне терезеден
түскең ай сәулесі бөлме ішін алабөтен
жарықтандырып тұр. Алғашқыда төсек мұздай болғасын, тұмшаланып жатып едім. Демде демігіп кеткесін, көрпені қайта
аштым. Қайдан бұрылғанымды білмеймін, әйтеуір көзім түсіп
кетті. Үстінде іштен киетін жібек
көйлегі ғана бар Қарлыға терезе алдында тұр екен...

         Бір аунап түстім. Артынша-ақ
«осының өзі өңім бе, жоқ әлде түсім бе» дегендей тағы бұрылдым. Ол бері қарап тұр
екен...

-        Ұйқың келмей жатыр ма? -
деді.

      Мен ұялғанымнан үн-түнсіз
көрпемді тас бүркеніп алдым. Түйе жүн салып тыстаған көрпе сәлден соң-ақ пысынатып
жіберді. «Жатты ма екен» деп сығалап ем, жаңағы орнынан көрінбеді. Ай да терезе
алдынан ауып кеткен сияқты. Бөлме іші қара көлеңке тартыпты. Манадан
бері мыж-мыж болған жастығымды
жөндейін деп басымды көтере беріп
едім. Тағы да ашық-шашық жатқан Қарлығаға тап болдым.

           Бұрын-соңды мұндайды
көрмегесін бе, өз көзіме өзім сенгім келмейді. Бірақ бәрін ап-анық көріп
жатырмын. Бірте-бірте таңырқау сәтінен жеріп, ренішке ойысып кеткенімді
сезгенім жоқ. Ашу қысқан бойым бажырайыппын да қалыппын.

        Іш көйлекшең. Көрпесі аяқ жағында
жатыр. Ақ балтыры, шығыңқы төсі бөлекше көрінеді. Ояу.

-        Жеңеше,
мұныңыз ұят кой, - дедім. Даусым қарлыға шыққандай
болды.

-        Ұят болса, неге қарай бересің?.. -
Ол біреуге кіжініп жатқандай көрінді
маған.

           He дерімді
білмедім. Сасып қалдым қапелімде.

-        Әй,
айнам-ай, әлі баласың ғой, - деп сыңғырлай күлді
Қарлыға.

Сиқыр күлкі сияқты. Зорлыкпен
шыққан күлкі сияқты. Әйтеуір
оның күлкісі маған ұнаған жоқ. Сонда да бүгін кешкілік екеуден-екеу қалғанда
жұмбақ боп көрінген жеңгемнің үнінен дәл қазір жайдары мінез ұшқынын танып
өзіме-өзім келе бастадым.

 

-        Жеңгесінің бір еркелігін
көтере алмаған қайныдан не қайран! - деді ол біраз үнсіздіктен соң. Деді
де, тағы сыңғырлай жөнелді.

-        Қорыққаным рас, - дедім мен. Қарлыға үндеген
жоқ.

Сол бойда көрпесін жамылып, теріс
қарап жатып қалды.

Мен де ұйықтап кетіппін.

         Екі-үш күндей оның
бетіне қарай алмай жүрдім. Бұрылсам-ақ,
көз алдыма сол түнгі сурет келеді.

        Күндер өте берді. Кешкісінгі
бір сәттік бейжай шүйіркелесу. Сосын Сейіткерімнің «әй, бақсысы».
Қарлыға болса, сыңғырлауынан танбайды. Мен де осы бір жылымшы от басының күйкі тіршілігіне үйреніп кеткендей едім.

          Бұл босағада күннен күннің айырмашылығы жоқ.
Бәрі біркелкі. Ертелі-кешкі дастарқан
басы болмаса, қатар отыруымыз сирек.
Кейде кетіп қалғым келеді. Өзіміздің үйдегі
у-шуды көп аңсаймын. Бірақ «пәленшенің баласы

Сейіткерімдерге сыйыса алмапты»
дейтін сыпсың сөз шығатынын білем де,
іштей тынамын.

          Бірде Сейіткерім
ауданға кетті де, тағы екеуден-екеу қалдық.
Осы жәйт әсіресе, маған катты батты. Қарадай қысылып жүрмін. «Енді ол бөлмеге жуымаспын» деп қоямын ішімнен.

-        Бізде
бір жиналыс бар бүгін. Кешірек келермін, - деді
жеңгей дәу сөмкені алып кетуге дүкенге барғанымда.

         Кітап оқып жатып,
қалғып кетіппін. Есік сықырлап ашылғанда
барып көзімді аштым. Ар жақтан:

-        Дабырлама,
- деген Қарлығаның даусы естілді.
«Екеуі шығар» деп тұруға еріндім де, ұйықтаған боп жата бердім. Біреу
орындыққа келіп сылқ ете қалды.

-        Ақ келіншек, тамак жібітетін
бірдеңең бар ма? - деді ер даусы. «Әй, бақсы» деудің орнына «ақ келіншек» деді.

-        Әлі тойған жоқсың ба?

           Бұл Қарлығаның даусы.

-        Сен құйған араққа еш уақытта
қанбаспын да. Бұл жаңағы ер дауыс.

-        Шіркіннің үздігуін-ай...

            Кесеге арақ құйылды. Әлгі
қылқ-қылқ еткізіп, оны жұтып алды.

-        Ақ келіншек, бері жақындашы.
Көміп сүйіп, аузымның дәмін алайын.

-        Тәйт
әрі. Дабырлама. Құралбек
естіп қойса ғой...

Орындық сықырлап кетті.

-        Қойсаңшы
енді алаңғасарланбай.

Жеңгейдің даусы.

-        Әй
өзіңнен де, көзіннен де айналайын, ақ келіншек!

-        Болды
енді. Ертең де күн бар емес пе?..

-        Бүгінгі
сыбағам ше?

-        Қой
деймін...

Орындық тағы сықырлады.

-        Айналайын
ақ келіншек-ау, өлтіремісің?

Тұла бойым қалшылдап кетті.

 

           Артынша-ақ сыртқы
есік ашылып-жабылды. Қарлыға стол
үстіндегі бөтелкені ала бергенде, қарғып тұрдым да, жағынан
тартып-тартып жібердім. Тартып-тартып жібердім де, төсегіме қойып кеттім.

        Безгек үстаған кісіше
калтырап барамын. Тамағыма тас тығылып
қалғандай көзім жыпылықтап кетті. Ыза буып, өз-өзімді
әрең ұстап жатырмын.

        Үй іші тым-тырыс.
Қарлыға сол орнында тұрып қалғанға
ұқсайды.

Әлден уақыт өтті.

-        Әдірем
қал! Намысшылын мұның! Ағаңа
неге бермеді екен осындай намысты құдай...

        Артынша ішкі бөлменің
есігі сарт ете қалды. Тіл де
қатпаймын, Қарлығаға қарамаймын да. Содан екі күн өткенде Сейіткерім келді. Кіші бесін кезі еді. Келді де моншаға кетті. Кетерінде маған:

-        Құралбек, анау жеңгеңе баршы, бір
бөтелке беріп жіберсін. Шаршап
келдім. Оның үстіне тымау талмаусыратып жүргені, - деді. Үндегем жоқ. Ол үйден
шыққасын, мен де велосипедіме міндім де, ауылдың арғы шетіндегі басқа дүкеннен бір бөтелке арақ әкеліп қойдым.

        Футбол ойнайтын
күніміз еді. Кешірек келсем екеуі де
үйде отыр екен. Дастаркан жиылмапты, манағы бөтелке босауға жақын қалған.

-        Бақсы,
шайыңды қайта қой. Қүралбек келді, - деді Сейіткерім. Бетіне қарап ем, көзі қып-қызыл екен, қарасұр жүзі күрең тартыпты. Еріндері кебірсіп
кеткен. Қарлыға ас үйге беттей беріп
еді:

-        Арақ
қайда? - деп ол айқай салды. Үн қатпастан жеңгей
кішкентай бөтелкені стол үстіне тоқ еткізді.

        Сейіткерім жаңағының
бәрін дәу стақанға құйды да,
дем алмастан сіміріп алды. Сосын
басын қалтаңдатып, нан иіскеді.

Қарлыға шай әкелді.

           Ол мөлиіп біраз
отырды да, қағысарға қара таппаған кісіше,
жеңгей екеуімізге кезек қарады.

Содан бір сәт:

-        Сен,
бақсы, алдыңда адам отыр
демейсің-ау. Түймеле анауыңды, - деп жекіріп қалды. Мен оған емес, жеңгейге
жалт қарадым. Үйде киетін кең көйлегінің бір түймесі ағытылып кеткен екен.

-        He
боп қалды соншалық. Өзіміз емеспіз бе?

-        Ендеше,
өзім деп жалаңаш жүрсеңші. Сен бақсыдан о да шығады.

Есіме әнеукүнгі түн түсті.
Басымды көтеріп Қарлығаға қарағым кеп еді, дәтім шыдамады.

-        Әр
нәрсені бір шатпай, бар да
жат, - деді жеңгей жәй ғана.

-        Мынау
не дейді-ей!.. - Сейіткерім Қарлығаны теуіп жіберді.
- Қарашы мұны! Сен бақсыға
тап болғалы бері көзім бір
ашылмады-ау, атаңа нәлет! Мені саған қай құдай айдап, қай құдай жетеледі екен.

       Ағай орнынан теңселе тұрып, ішкі бөлмеге кіріп кетті. Мен әнтек бұрылып, Сейіткерімнің артынан қарап қалыппын. Осы жолы оның Қарлығадан үстем
түскеніне тәнті сияқтымын. Көптен
есем кетіп жүрген кісіден өш алғандай
аяқ астынан масаттанып кеттім.

       Таңертең кітаптарымды
таба алмай жүрсем, маңдайын қос
қолдап Сейіткерім төсегінде түрегеп отыр екен. Мені көрді де:

-        Басыма
ат түяғы тигендей. Көтере алмаймын. Түнде Қарлығаға
біраз қиянат жасадым ба осы? - деді.

-        Түк
те болған жоқ, - дедім мен. - Суық суға жуыныңыз...

Сейіткерімге жыным кеп кетті.
Істерін істеп алып, артынан мүләйімситін
адамдарды жалғанда жек көремін.

      Оның дәйімгісі осы. Отта
тұрғанда бұрқылдауынан бір танбай, оттан шығарысымен өшіп қалатын қара құман сияқты
ол.

          Енді жеңгеміз көпке
дейін тосырайып жүретін шығар деп
түйгем. Жоқ. Кешке екеуі бұрынғыдай
мәжірежай отырды. Біреуі:

-        Әй,
бақсы, шайың сұйылып кетті
ғой, - десе, екіншісі:

-        He
болса да менің қолымнан шықты. Сол саған жетпей
ме? - дейді. дейді де,
Қарлыға маған қарап күле береді.
Сейіткерім де күледі.

        Жазғы каникулға ертең шыққалы
отырған күнім еді. Жайлауда шопандар тойы өтетін болды да, Қарлығаның дүкенін
сонда көшірді. Енді жеңгейдің жата-жабыспасы бар ма?

-        Айнам, екі-үш күн үйіңе кейін
барасың. Бірге жүр. Ағаң шыға алмайды. Жалғыз өзім қай жағына жетем. Жанашыр біреу
керек. Ішіп алған кейбіреулер әй-шайға қарамайды.

        Тоқтайтын емес Қарлыға. Бар
қиындықты бір басына аямай үйді де, «енді бармай көрші» дегендей маған қадала қарады.
Амал жоқ.

-        Болсын, - дедім.

       Бұрын-соңды көрмеген
салтанатым еді. Шопандар тойы дегеніңіз қызық болады екен. Айнала тігіп
тастаған шағаладай ақ үйлер. Әр үйдің алдында самауырын бұрқылдап қайнап тұр. Жұрт
кереге тұсын түріп тастап, әңгіме-дүкен құрған. Жерошаққа қазан асып жатқандар
қаншама. Ащы қуырдақтың иісі мұрын жарып барады.

       Дүкеннің дүние-мүлкін ортадағы
ақ үйге түсіріп алған соң:

-        Айнам, бәйге көруге бармайсың
ба? - деді Қарлыға.

-        Барайын, - дедім ұшып тұрып.

          Төбе басындағы жұрттың әбден
делебесі қозған. Қиқулап жатыр. Қайтқан күн өш алғандай күйдіріп барады. Топыр-топыр.
Өзеуреген жұрт. Бір кезде
шабандоздар мәреден жүйіткітіп өте шықты.

         Ақырында кімнің озғанын
да көрмей калдық. Ыстықтаған
жұрт қайтадан төменге лап
қойды. Мен де дүкенге қарай жүгіре
жөнелдім. Таңдайым кеуіп кетті. Ауыл шетіне жеткен
бойда, шелектен бір шөміш су алдым да, көйлегімнін
өңірін ашып, құйып жібердім.
Сорғалаған бетте

бәтеңкемнің қонышынан бір-ақ
шықты ол.

        Дүкен ашқан үйге
кірсем, ұзын бойлы, аққұба, қою қара шашын шалқайта қайырған
бір жігіт отыр екен. Мені көрген
сәтте көзін жыпылықтатып, қозғалақтап қалды.

-        Үстің су ғой, не болған,
айнам, - деді жеңгей.

-        Күн ыстық, - дедім мен. Дедім
де, қаптың үстіне отыра кеттім. Ойымда ештеңе жоқ. Мына тосын кездескен
салтанатты қызық көріп, қуаныш құшағында
оралғам-тын.

        Сәлден соң Қарлығаның
жүзікті саусағынан ұстаған күйі әлгі аққұба жігіт:

-        Ақ
келіншек, таңдай жібітетін бірдеңең бар ма? - деді.

       Әнеукүнгі түндегі
дауыс. Әнеукүнгі түндегі сөздер. Тілегін
қайтармайтын адамға айтылған сөз. Тағы да арақты қылқылдатып жұтпақшы ғой. Сосын «көміп сүйейін» демекші ғой. Орнымнан атып тұрдым. Қарлыға қолын тартар емес. Қайта жасырын назбен қиыла қарайды анаған.

        Жаңағы көңілділік
лезде ғайып болды. Шыдай алмадым. Алдымдағы жігіт отырған бос жәшікті теуіп жібердім. Ол шалқасынан түсті.

-        Мә
саған таңдай жібітетін...

-        Әй,
күшік, ағасымен осылай ойнай ма екен?! - деді ол қызарақтап. Co мезет жеңгей оған ақ сәлделі бөтелкені ұстата берді. Анау жылыстап шығып барады.

-        Ұры кетті, ұры! Ұстаңдар! Дүкенді тонады, үстаңдар! Маскүнем ұры, - деп айқай салдым.

-        Қой,
айнам, ұят болады, - деді
Қарлыға.

-        Ұятты біліп қапсың ғой, - дедім
мен. Дедім де, әлгінің артынан жүгіре
шықтым. Анадай жерде милиционер шал келе жатыр екен.

-        Атай,
ұстаңыз әнебіреуді! Арақ ұрлап барады! Маскүнем ұры, - деп тағы айқайладым.

-        Ақсақал,
ойнап айтады, - деді аққұба
жігіт ыржалақтап.

          Милиционер үнсіз өтіп кетті. Көзімнен жас парлаған күйім дәу кесекпен жаңағы жігітті жіберіп қалдым. Жауырынын бір
қиқаң еткізген ол бұрылмастан
кете берді.

        Көрінеу көзге қорлыққа шыдай
алмай күйіп барамын. Әлім жетсе әлгі жігітті түтіп жібермекшімін.

-        Керімнің баласымысың-ей,
ауылға қайтасың ба? - деді сол екі ортада біреу арт жақтан.

-        Машина қайда тұр? - дедім,
нақ солармен бірге келгендей.

-        Анау үлкен үйдің жанындағы...

      Шофер кішкентай «газикке» су құйып
жатыр екен.

Көп ұзамай машина зырғып берді. Алдымыздан ерке самал соқты. Артыма қарап едім, дүкен
ашқан үй титімдей болып, көз ұшында қалып барады екен.

Қайтып бұрылғаным жоқ.

Содан бері ол екеуін көргенім
жоқ-ты. Тек кейін біреулер олардың
«Қосқұдықтан» көшіп кеткенін
айтқан болатын.

Көз алдымнан керуендетіп өткен
балалық шақтың көріністері бір сәт
кері серпілгендей болды. Содан:

-        Апа,
Сейіткерімдер қашан көшіп келді? - дедім.

-        Е,
осы жуырда ғана.

-        Өздері
қалай тұрады?

-        He
қалайы бар. Сейіткерім кейде дүңк ете қалады. Қарлыға қайғырар ма еді?! Күледі де қояды. Әсте екеуі де оған үйренген ғой...

Әлгінде ғана алып-ұшып тұрған көңілім дем сәтте алабұртып кетті. Heгe
екенін білмеймін, әйтеуір, оларды көргім
келмейді. Жалпақтағанын да, екеуінің бір-біріне қарап күлгенін де.

   Көше бойына жалтақ-жалтақ
қарай беремін. Келе жатса үйге кіріп
кетпекшімін.