ВЕРНУТЬСЯ

         I

         Ол бейтаныс табалдырықтан
әрең-әрең аттағандай болған. Жүрегі дүрс-дүрс соғып, аяғына тас байлап қойғандай
енді ілгері баса алсашы. Баса алмаған соң: «Осы жүрісім қалай өзі» деп іштей тағы күдіктенген. Сол-ақ екен, Нұржан «әуп» деп қаңбақ құрлы
көрмей көтеріп әкетті. Көтеріп
әкеткен бойы жорта жыламсыраған ерке сәбиді
алдаусыратқандай епетейсіз дөңгелене берген.

         ...Сәлден кейін екеуі
шүйіркелесе шай ішіп отырды. Үрия
іштей қуанып-ақ отыр. Нұржанға әлсін-әлсін қарай береді. Қараған сайын сонау
алғаш кездескен күннен бастап көңіл түкпіріне ұялағанның бәрін ақтарып салғысы
келеді. Сонда ол ең алдымен: «Екеуіміздің өстіп құп табысқанымызға әлі күнге
дейін таң-тамаша қалам», - дер еді. «Саған жолықпасам ғой, өмір бойы ешкімге
көз салмай-ақ өтер ем. Ешкімге де. Міне, екеуіміз қатар отырмыз. Әлгі айта беретін бақыт осы шығар да.
Өйткені, «сендікпін», деп ойлағанның
өзінде өртеніп кете жаздаймын... Үии, айта берсем
таусылар ма...». Бірақ Үрия қанша оқталса да, біреу әдейі қой-қойлап тұрғандай іркіле берген.

Бір кезде Нұржан:

- Осы үйге алғаш келгендей боп отырғаным, - деген. Сенің қолың тиген бұйым
біткеннің бәрі жалтырап кетті білем.

-        Мазақтамай-ақ қой.

-        Саған мазақ?! Жан-жағыңа
қарашы өзің.

-        Қай-дам?!

-        Бұ жұртқа шынынды айтсаң да
жақпайсың.

-        Heгe, - деді Үрия. - Әйел
заты мақтағанды шет көрмейді. Әйтсе де...

-        Семіздікті қой ғана көтереді
демекшімісің?

-        Жоқ. Тек, көңілімізге титтей
де қаяу түспесінші. Тілегім - сол-ақ.

-        Үй
болған соң анда-санда кесе-шайнек сынып жатпағасын... - деді Нұржан.

-        Қойшы,
осы әзіліңді, - деді Үрия
бәсең үнмен.

-        Әйтпесе
от басының сәні келе ме?

-        Қазір
орнымнан тұрам да, шығып жүре
берем.

-        Айналайын-ау,
жаңағы «әйтседеңнің» ар жағында «оқта-текте»
әйелге көз алартып қойған да теріс болмайды» дейтін ескертпе жатқан шығар деп
шатасып отырмын ғой, - деп Нұржан тағы да тақымдай түскен.

Үрияның көзінен жас шығып кетті.

-        Әзілге
осыншалық осал ма едің, - деп Нұржан
оны алды да, тағы ілесе көтеріп
әкетті.

-        Жіберші.

Нұржан оны жайлап қана орнына отырғызды. Сосын:

-        Әлгі
ательеге берген ақ көйлегіңді алдың ба?- деді.

-        Өзің
бірге барамыз деген соң...

-        Кеттік
онда, - деп Нүржан кесе-шайнекті жинамақшы болып ұмтыла беріп еді, Үрия орнынан ұшып тұрды.

-        Отыра
бер. Өзім-ак,.

II

Содан көп ұзамай олар той жасаған.

III

         Үрия оянғанда
кереуеттің тұсындағы дәу
терезеден күн сәулесі сығалай
бастаған екен. «Маған не болған» деп орнынан
ұшып тұрды. Ұшып тұрды да, бұрыла беріп тәтті ұйқыда жатқан Нұржанға қарап еді - беті ду ете қалды.

Жалма-жан өткен күні үй ішіне
кием деп әзірлеп қойған кең көйлегін
қолына алды да, қайтадан тастай салды.

       Тастай салғаны - оңаша
қалған алғашқы күні-ақ оны сусылдата
киіп, күйеуінің алдында
көстеңдеп жүруді мүлдем ұят
көрген. Состиып қашанғы тұра
береді - аяғының ұшымен басып, екінші бөлмеге өтті.

      Жалаң аяқ, іш көйлекшең селтиіп
тұрғаны есіне түсті. «Ұяттағы-ай» деп, кең жадағайын иығына іле салды. Нұржанның
үйде киетін дәу сүйретпе кебісі диванның астында жатыр екен, апыл-ғүпыл түнемел
бөлменің есігінің алдына апарып қойды. «Қазір іздейді ғой» деп ойлады. Сосын
көшеге қараған терезенің бір жақтауын ашып кеп жіберіп еді, салқын леп үйге лап
қойды. «Рақат-ай» деп қалды. Іле көкірек сарайы күмбірлеп жүре берген. Сол-ақ
екен, бойы жеңілденіп, алып-ұшқан бір алапат сезім аяқ-қолын жерге тигізбей
әкетіп барады. Рақат-ай» деп ойлаған Үрия. «Осы бойымен төсекке қойып кетіп,
Нұржанды құшақтай алсам ба екен!». Артынша «маған не болған», деп күбірлегенін
байқамай қалған еді.

       Кенет күліп жіберді. Сосын
«Әй, Үрия-ай, қарадай әбіржи бергенің не?» - деді өзіне-өзі. Сосын ашық
терезеден сыртқа көз тастады. Сол сәт бәрі де оған өзгеше көрінген. Тротуарды
бойлай тізіліп тұратын теректер кешегіге қарағанда әлдеқайда биіктей түскен
тәрізді. Дәу көшемен жарыса тас арықтан асып-төгіліп ағып жататын лай су, бүгін
жаңа түскен келіндей, мөлдірей қалыпты. «Жаңа түскен келіндей...» деп ойлады
Үрия. Сосын қарсыдағы алты кабатты үйдің төбесіндегі: «Қымбат мүлік сатып
алғыларыңыз келсе, яки курортта демалғыларыңыз келсе, ақшаларыңызды сақтық
кассаларында сақтаңыздар! Бұл әрі тиімді, әрі ыңғайлы» деп айқайлап тұрған ашамай-ашамай
жазуларға қарап: «Мінеки, күйеуге шықтың. Ендігі өмір-тірлігіңнің бұрынғыдан
өзгеше болатыны есіңен шықпасын» деп ойлаған тағы да. Сосын: «Нұржанның ұйқысы
қандай қатты еді. Әлі оянбағаны-ау...» деп күбірледі. «Оятсам ба екен?».

          Үрия жалма-жан ас үйге
келді де, тездетіп шай қойды. Сол мезет төменнен «сү-ү-үт» деп айқайлаған әйел
даусын естіп, апыл-ғұпыл сыртқа қарай жүгірді. Қапелімде қолына ілінгені -
жайпақтау табақ екен, көршілерінен қатты қысылғаны. Әсіресе, имек мұрын, қатпа
қара кемпірдің әлсін-әлсін қарағыштай бергені - әбден дегбірін алды. Қанша
ұялғанымен амал жоқ, кезегі жеткенше төмен қарап тұра берген.

-        Келін шырақ, кідіріп
қалдың-ау, - деді сүт сататын әйел. - Біздің әңгімеміз таусылмайды, өстіп.

        Маналы бері бұрылып жүре
берудің ретін таппай қысылып тұрған Үрия:

-        Рақмет, - деген.

-        Ендігіде үйден шыға алмай
қалсаң, қиналма. Өзім-ақ апарып берем, - деді сүт сататын әйел.

-        Рақмет,
апа. Үлгеретін шығармын.

-        Анау-мынау
бірдеңелерің жетпей жатса - он сегізінші
пәтердемін, - деді кара кемпір. - Ұялма!

        Жоғары қарай алып-ұшып келе жатып: «Осы кісілердейтбола алар ма екенбіз» деп ойлаған
Үрия. «Енді күнделік сүттен
қалмайыншы». Сосын үлкен кісілерді шайға шақырмағанына өкінді. Қатты өкінді.

          Ол табалдырықтан
аттасымен шай қамына кіріскен. Кіріскен бойы әлі бүктеуі жазылмаған су жаңа ақшаңқан дастарқанды стол
үстіне жайып жіберіп, тойға келген меймандардың тартуы - небір әдемі
кесе-шайнек, қасық-шанышқыларды жарқыратып тізе берген. Қызық болды. Лезде
бәрін орын-орнына қойып болған соң «қуанышымызға қаншама жақсы кісілер
ортақтасты. Қаншама жақсы тілектер айтылды» деп ойлады. «Нұржан екеуіміз қандай
бақытты едік!»

          Оттағы шайнек бүрқылдай
бастаған кезде Нұржан жатқан бөлменің есігінен жай ғана сығалап еді, ол әлі
оянбапты да. Оятуға именді, әлде ұялды ма? Сөйтіп тұрып екеуінің таң алдында
ғана көз ілгенін ойлады.

         Нұржан сәскеде бір-ақ оянды.
Орнынан қарғып тұрып, екінші бөлмеге өтіп еді, Үрия алтын жалатқан шай
қасықтарды сүртіп отыр екен. Дастарқанды сықап қойыпты. Жүгіріп барып, құшақтай
алғысы кеп тұрды да, неге екені белгісіз:

-        Түу, ұйықтап қалыппын ғой, -
деді.

-        Шай әзір, сүт пісіріп қойдым,
- деді Үрия орнынан ұшып тұрып.

-        Мұның бәріне қалай үдебара
шыққансың, жаным-ау!

-        Үстіңе бірдеңе киші. Ұят емес
пе?

-        Қазір, қазір...

-        Үйде киетін киімдерінді
кереуеттің жанындағы орындықтың үстіне қойғам.

-        Қазір, қазір...

          Нұржан асығыс киінді де,
жуынып ап дастарқан басына келді. Келді де, жайпай берді. Бұған Үрияның қуанғаны соншалық -
өзінің кесесіне шай құюды да ұмытып кетті. Бар тапқаны - ас біткеннің бәрін Нұржанның алдына қарай жылжыта берді,
жылжыта берді.

-        Өзің ше.

-        Мені қойшы, - деді Үрия. -
Шайдан гөрі бір-екі кесе ыстық сүт ішсең қайтеді.

-        Бүйте берсең, тіпті ерке боп
кетермін, - дейді Нұржан.

-        Е,
несі бар. Саған еркелік жарасады.

-        Үш
жылдан бері осының бәрін неге айтпай жүрсің?

-        Әр
жағдаяттың өз кезегі бар емес пе?!

         Шайдан кейін
кесе-шайнекті жуып, сүртіп болған соң Үрия
кір жумақшы еді, Нұржан
жібермеді. Екеуі диванға кеп отырды.

-        Сен
ұйықтап жатқанда екі кісімен
таныстым, - деді Үрия.

-        О
кімдер?

-        Біреуі
- көршіміз. Екіншісі...

-        Қарсыдағы
үйде тұратын кылжақпас біреу
бар еді. Қызылды көзі шалып қалып,
алып-ұрып жеткен екен де.

-        He айтып кеттің?

-        Әй, өзі оңбаған-ау. Ұят-аят
дегенді мүлдем ұмытқан.

         Үрия оған таңдана қарап
қалыпты. - Әйтеуір соны суханым сүймейді.

-        He
айтып кеттің? Он сегізінші пәтердегі...

-        Ә-ә!
Құртақандай қара кемпір ме?
Ал, екіншісі?

-        Сүт
сататын апай. Екеуі де сені жер-көкке тигізбей мақтай жөнелгенде, не дерімді білмедім.

-        Түу,
сонша... «Табалдырықтан аттамай жатып, таныс іздей бастағаны несі» деп ойлап
ем. Бәсе...

-        Нұржан, өтінем. Ендігәрі мұндай сөзді маған айтпа.

-        Қызғанғанның
несі айып? Қызғанбаған соң қызығы бола ма?

-        He
деп кеттің, жаным-ау?

-        Шын
сөзім, - деді Нұржан күліп.

-        Мүмкін
емес, мүмкін емес, - дейді Үрия. - Сенбеймін.
Сенгім келмейді.

         Үрияның мұңайып қалғанын сезген Нұржан:

-        Әшейінгі
әзілге сонша малданып, - деп
келе жатыр еді:

-        Бүйтіп
әзілдеуге болмайды, - деген Үрия.

        Нұржан аяқ астынан ыңғайсызданып қалды. «Heгe өйттім» деп ойлады.

Күн сөулесі терезеден ауып
кетіпті. Жайлап орнынан тұрған Үрия:

-        Түстікке
не дайындайын, - деді. Селқос айтты.

-        Іш
пысып кетті ғой. Қыдырып қайтайық та, - деді Нұржан.

        Мына сөз Үрияға
шаншудай қадалды. Әсіресе, «Іш пысып
кетті ғой» дегені. «Мұнысы
несі» деп қиналды.

-        He
ойлап отырсың, - деген Нұржан.
- Үндемей қалдың...

-        Сенің
осы үйден қаша жөнелгің кеп, тыпырши бастағаныңа қарағанда...

-        Бізге
не болды бұл, - деді Нұржан әлдеқалай тобарсып!- Сөз
баққаннан не шығады.

-        Өзің
ғой, осы үйге от алуға келген кісіше алаңдай бергенің...

          Нұржан орнынан тұрып,
қолға ұстап жүретін жеңіл радиоқабылдағыштың тетігін басып қалды.
Сол-ақ екен, шаң-шұң, салдыр-гүлдір бір әуен өңмендей жөнелді. Жаңағы әлгіде аяқ астынан
қоңылтақсып қалған Нұржанға осының бәрі өзгеше әсер еткендей еді. Содан болар-ау.

 

-        Институттан кейін төрт-бес
жыл салт жүріп қалғандықтан шығар, осы күнге дейін үйде тағат тауып отыра алмай-ақ
келем, - деген.

         Мына сөз Үрияға тіптен
шаншудай қадалды. «Мұны неге айтты екен» деп ойлайды. «Енді ол
дәурен өтті, мәңгілікке тұсалдым», - дегені ме? Өйтіп несіне
қинала береді. Үш жыл бойы үлпілдеп
келіп-келіп, енді бүгін бүйтіп көлгірсігені
- қай тапқаны? Қой, мұның
бәрін әшейінгі әзілге жетектетіп жібере берсем...».

-        Тағы
не боп қалды?- деген Нұржан
сол екі ортада.

         Қабағынан қар ұшқындай бастады білем. Үрия
үн-түнсіз, өз ойымен өзі боп отыра берген.

XIII

 

       Шілде кезі-тұғын. Күн
күйіп тұрған. Көше бойындағы
қалың ағаш аптаптан талмаусырағандай - тым-тырыс. Жапырақ біткен болса-болмаса
кірпігін әзер-әзер қимылдатады. Содан
да болар-ау, Алатаудың қарлы шыңдарына қарай бергің келеді. Қараған сайын ол
алыстай түсетін тәрізді.

       Түс ауа әйелдер
босанатын үйдің кезекші дәрігері қаланың әнебір шетіндегі машина жөндеу
заводының бас инженеріне асығыс
телефон соққан. Сондағы айтқаны үш-ақ сөз:

- Үрия ұл туды!

           Сүйінші сүраған
кезекшінің кім екенін Нұржан
айнытпай таныған. Бірақ «пәленшемісің» деуге үлгермей қалды. Сосын «әйелдердің
осы бір өңмеңдеген назы-ай» деп
ойлады. Сосын терезеден сыртқа көз can: «Мына аптап құрғыры күйдіріп жіберер ме екен...» деп
күбірлеген. Сосын барып: «Ол
тентек кімге тартты екен» деп күліп қойды. Артынша: «Уай, бала кімге тартушы
еді, әкесіне тартады-дағы» деп тағы күлген.

 

V

 

         Мана «Уһ» десімен-ақ,
кешелі бергі ауыр бейнет әлсіреткен
Үрия бас көтерместен ұйықтап
қалған. Бір кезде көзін ашып
еді борша-борша боп терлеген екен. Енді сүртінейін деп кереуеттің басына іліп
қойған алақандай сүлгіге қол соза бергенде, әл-дәрмені біткендей - көз алды
қарауытып-ақ кеткені. Төсекке қайта сылқ түскен ол қыбыр етпестен ұзақ жатты.

           Сөйтіп жатып Үрия өткен
түнді есіне алған.

         ...Күн батысымен-ақ толғақ
қыстай бастаған. Кейде сәл бәсеңсігенімен әлсін-әлсін айналып кеп, әбігерге түсіре
берген. Қаншалықты қиналса да, алғашқыда Нұржанға айтуға ұялды. Аяғын әзер-әзер
басып жүргеніне қарамастан күндегідей бабына келтіріп ас әзірлегені де содан
шығар.

               Шынымен-ақ Нұржан
ештеңені аңғармағандай еді. Өстіп әупірімдеп жүргенде жататын уақыт та жетті. Нұржан
жастыққа басы тиісімен-ақ ұйықтап кеткен. Мана, үйге келген кезде «қалің қалай»
деп, бір ауыз сұрамағанына Үрия іштей ренжулі еді. Енді аяйды кеп. «Қайтсін, күнделік шаруасы бастан асады.
Оңай ма? Осы күн өткен сайын кінәмшіл
болып бара жатырмын-ау, өзі».

 

          Әрі-беріден кейін
толғақ тіптен жиілеп кетті. Үрия орнынан
әрең қозғалып не де болса қол созымда тұрсын деді-ау, телефонды
төсегінің жанына әкеліп қойды. Әрі жатты,
бері жатты. Әрі аунақшыды, бері аунақшыды, болар
емес, шыдатар емес. Сосын «жедел жәрдеммен» хабарласқысы кеп, телефонға қол созды да,
қайтадан ойланып қалды. «Дәрігер
келгенде Нұржанның бүйтіп қаннен-қаперсіз ұйықтап жатқаны ұят болар. Оятайын».

             Сонда бір сәт
«тағы да аз-кем шыдай тұрайын»
деп еді. Қайдан, түйіліп, алып
барады. Болмаған соң:

-        Нұржан, тұршы, - деген сыбырлап.

-        Імм!

-        Тұршы дейім.

         Ол көзін ашқанда,
Үрия төсектің аяқ жағында үрпиіп отырған.

-        He
болды?

-        Дәрігер
шақыртасың-ау.

-        Әлгі
ме?

-        Солай
сияқты.

-        Немене...
Өзі былай...

          Co мезет толғақ сәл
бәсеңдегендей болып еді, Үрия абайсызда
кінәрат арқалап қалған баладай:

-        Қоя
тұршы. Қайтатындай ма, қалай,
- деген.

-        Е,
онда... - деп ұйқысын аша
алмай отырған Нұржан қайта қисая кеткен.

          Үрия аяқ астынан
абыржып қалды. Өйткені, Нұржан жай-күйімді сұрап, көңілімді аулап дегендей жанымда отыратын шығар деп ойлаған. Онысы бекер
боп шыққан соң:

-        Баланың
керегі жоқ-ау саған, - деген өкпе-назы аралас.
- Менің жағдаятымды біле тұрып...

-        Қараңғы
үйде үрпиіп отыра бергеннен не шығады? Ұйқылы-ояу Нұржанның даусы көрпенің астынан әрең-әрең естіледі.

-        Қатты қалжыраған екенсің де,
- деді Үрия тағы да әзілдеген боп.

-        Тиянақты-ақ жөндеген
машинамыздан «ақау шықты» деп хат боратып қоймаған соң шыдай алмай екі жүз шақырым
жердегі бір ауылға барып қайтып ем. Әбден соғылып қалыппын.

-        Кінә кімнен екен?- деді Үрия
үнсіз қалудың ретін таппай.

-        Е, өздері де. Жап-жаңа
машинаны шаруаның қадірін білмейтін желөкпе біреулердің қолына береді. Сосын
олар не қойсын? Ойға да шабады, қырға
да шабады. Ақыры сілекпесін шығарып барып
бір-ақ тынады.

-        Ауылда
көлік қат. Үлкеннің де, кішінің де шофер біткенге
тыным бермейтіні рас қой, - деген Үрия әңгімені соза бергісі кеп.

-        Жанашырлык
дегенді білемісің өзің. Кейде «қазір не
көп - машина көп, не көп - трактор көп» деп көлгірсігенге
құмармыз. Ал, ондайлардың:
«Бүгін біреуі бұзылса, ертең екі бірдей жаңасын аламыз,
қамшыны бас, бала» деп арқаны кеңге
caп, шірене түсетінін
қайтерсің. Өстіп қолтығына су
бүркіп қойған соң әлгі желөкпенің аяғы жерге тиюші ме еді.

-        Мінбеде тұрғандайсың-ау, -
деп Үрия езу тартқан болды.

-        Жақында үлкен мәжіліс
болмақшы. Сонда бәрін де жайып салам.

-        Сендердің де
«жүрдім-бардымдарың» жеткілікті көрінеді ғой.

-        Ол енді болмайды. Әйтеуір мен
тұрғанда болмайды.

-        Аузыңа май, - деді Үрия.

        Нүржанның «маған бір шаруаның
тұтқасын сеніп тапсырған екен», дей бергені сол еді, кенет Үрия «ы-ыы-ы» деп
ыңырана түсті де, төсекке қисая кетті. Белі сыздап сүйектері сырқырап, әкетіп бара жатыр. Осы
қазір бүткіл

денесі сөгіле жөнелетіндей.
Қаншалықты қыстаса да маналы бері мұншалықты
қиналмап еді, енді тіптен
әй-шайға қарататын емес.

        Өстіп қатты бейнет
көріп жатқанда Нұржан бір
жағынан:

-        Ұйықтап кетсем, оятарсың, - деген
жайбарақат. Қапелімде Үрия
жылап жібере жаздады. Содан жалма-жан сағатына қараған. Түн ортасынан әлдеқашан
ауып кетіпті. Әйелдер босанатын үйде істейтін құрбысымен

ақылдасқысы келді. Телефон соғып
еді, үйінде екен.

-        Осы
қазір «жедел жәрдемнен» дәрігер шақырт. Тіпті мен-ақ шақырайын. Өйтіп отыра беруге болмайды. Қызықсың-ау, өзің, - деп бастырмалата
жөнелді.

-        Әуреленіп
қайтесің. Жанымда Нұржан
отыр. Шақырады ғой, - деді Үрия.

-        Әй,
қайдам. Сол батырың басы қазандай боп ұйықтап жатқан шығар.

-        Қайдағы,
- деді Үрия. - Міне, жанымда отыр.

-        Мен
білетін Нұржан болса...

-        Сен
де шымшуыңды қоймайды екенсің.

-        Мейлі.
Ұйықтай берсін. Мен-ақ
шақырайын.

-        Өзім,
- деді Үрия алқынып.

         Артынша арғы жақтан
қүрбысының сыңғырлай күлген даусы естілді.

Үрия үн-түнсіз қисая кетті. Біреу
сүйектерін сытырлатып сындырып жатқан сияқты. Қиналғаны соншалық - көзінен бырт-бырт жас шығып кетті. Сүйтіп
жатып: «Нұржанның осы мінезін жүрттың бәрі жаттап
алған-ау» деп бір қояды. «Әйтпесе, ұйықтап жатқанын қайдан біледі».

         Маналы бері шамды
жағып қоймағанына өкінген бір кездері.
Сосын жарықта Нұржанның ұйықтай алмайтыны есіне түсіп,
райынан тез қайтты.

Толғақ жиілеп кетті. Бір кезде
маңдайынан суық тер бұрқ ете қалғанынан шошынған ол басын
жастықтан әрең көтеріп, Нұржанның иығынан тартқан.

-        Бәсеңситін түрі жоқ, қайта үдеп
барады. Дәрігер шақыршы.

Нұржан дереу «жедел жөрдем» станциясымен сөйлесті де, келетіндерді қарсы алмақшы болып,
орнынан тұрды.

-        Әлгілер
«ұйқыдан жаңа тұрған екен» демесін, шашыңды тарап, көйлегіңді киші, - деді Үрия.

-        Ең
алдымен сырт көзді ойлайтының-ай, осы, - деп Нұржан күле шығып
кеткен.

        Содан он екі сағаттан астам қиналып
барып, босанды-ау.

VI

        Кабинеттен кісілер
шығып кеткен соң Нұржан апыл-ғұпыл әйелдер босанатын үйге телефон
соқты. Әлгі кезекші дәрігер екен -
Үрияның кәдуілгі сөзшең құрбысы.

-        Әлі
жайбарақат отырмысың. Машинаң бар. Әлдеқашан жететін уақытың болған жоқ па?
Салмағы ширек пұт ұлың
дүниеге келгенде қайтіп шыдайсың-ей!

-        Сүйінші
сұрағаның жаңа ғана емес пе.

-        Сөзді
қой. Домала бері қарай.

-        Қалай
өздері? Былай, дұрыс па?

-        Бол,
бол...

-        Ойпырой,
осы қайқайың-ай. Саған тап болған жігіттің...

-        Мені
қайтесің. Әйелің мен балаңды-ақ жарылқап алшы
алдымен.

         Үрия мен ұлы жатқан үйге Нұржан екі-үш жолдасымен күн бата келді.
Шампаны, қорап-қорап конфеті, гүлі бар,
дереу дәу кәрзеңкені лықа толтырды да, тілдей қағазға екі-үш ауыз сөз жазды. Co бойы Нұржандар шығып жүре берген.

            Кәрзеңкеге көзі
түскеннен-ақ Үрия әлгі тілдей қағазға қол созды. Оқыды да, күліп
жіберді. Сосын оны көкірегіне басты.
Қайта оқыды. «Рақмет» дегені несі деп ойлады. Сөйтіп жатқанда әлгі дәрігер құрбысы кіріп келген. Келген
бойы:

-        Неменеге мәз боп жатырсың? -
деген.

-        Нұржанның сәлем-хатын оқып.

-        He жазыпты? Әкелші,
мен де көрейін.

-        «Рақмет»
депті.

-        Бар
болғаны - сол ма.

-        «Мықтысың»
депті.

-        Жетістірген
екен. Әкелген саухаттарынан құтылғанша
асығып. Сәл-пәл кідіруге де
шамасы келмей кетіп қалғаны несі? Маған
жолығып жай-күйді жөндеп сұрап алса қайтеді? Әй, осы өңмеңдеген
еркектер-ай...

-        Түу,
қойшы. Жерден алып, жерге салдың ғой, байғұсты. Абдырап жүріп ұмытып
кеткен шығар.

-        Бұл қай басынғаны, соны айтшы.

-        Қуаныш
дегенің кейде әй-шайға қаратпайды. Оның үстіне
жолдастары кеу-кеулеп қоймаған болар.

-        Сенің
осы кешірімділігіңе әбден үйреніп алған.

        Үрия үндемей қалды. Құрбысының әзіл-шынын араластыра Нұржанға кінә артқанын құптағысы жоқ. «Көп отырған
қыздар өстіп шікәмшіл келеді» деп ойлады. «Әйтпесе
үй болу оңай ма екен?». Сосын ол:

-        Қайтесің,
ер адам базбірде бәрін
алдын-ала буып-түюге олақ келеді. Кәне, мына дәмнен ауыз ти. Кішкентайдың
сыбағасы ғой, - деген.

-        Білмеймін,
кейін менің күйеуім де осы Нұржандай болса қалай күн кешерімізді...

-        Co
байғұсты бекер-ақ күйдіресің,
- деген Үрия. - Өйтіп жерден алып,
жерге салатындай жазығы жоқ еді ғой.

-        Саған
білінбейтін шығар. Әйтпесе, Нұржанның
кей мінезі.

-        Жаным-ау,
оны неғыласың. Одан да ертерек бір жігіттің
етегінен ұстасаңшы.

-        Үйреншікті
әніңді тағы бастадың ба?

-        Әр
нәрсе уақытысымен. Біреудің көзі ұнамайды, біреудің өзі ұнамайды деп қашанғы қиналасың?

-        Сендер
сияқты оңашада жылап-жылап ап, жұрттың көзінше түк білмегенсіп жүре беру - менің
қолымнан келмейтін шығар.

            Міне,
бүгін ана болдым. Қуанышымда шек жоқ. Бұдан артық бақыт болар ма?!       

-        Әнеки, от басының күйбеңінен
аса алмай қалғаның көрініп тұр.

-        Біле-білсең, бәрі де сол
оттың басынан басталады екен, - деді Үрия күрсініп.

-        He десең о де. Тұрмыс құрам
деп қырыққа жетпей қартайғанша өстіп кіндік шеше боп жүре бергенім артық.

-        Сен
кіндік шеше ғана емес, ана болуға да қарызсың. Бүйтіп күндіз-түні бой түзеумен әурелене бергенді қоятын мезгілің
жетті.

-        Немене,
сен-ей, кемпіршелеп кеткенің. Қойшы әрі. Өстіп
аяқ астынан білгірси қалатындарың-ай!

-        Мен
айтпағанда, кім айтады енді?

-        Кеттім.
Төмендегілер іздеп жатқан шығар.

-        Сөйтесің
сен. Оңайына жүгіресің.

-        Қиынның
бәрін саған бердім. Сен-ақ
ал...

 

VII

 

            Ел орынға отыра
Үрия құрбысына:

-        Біздің
үйге телефон соқшы, - деген.

-        Е,
немене?

-        Сағынып
кеттім.

-        Шының
ба?

-        Оның
несі айып?

-        Осыныңды
біледі-дағы, ойына келгенін істейді.

-        Нұржан ба?

-        Енді
кім деп ең?

-        Қайдағыны
айтпашы. Одан да тез барып телефон соқшы.
He дер екен?!

-        Манағыға
шыдамай, саған айтпастан-ақ жаңа ғана қоңырауды
аямай шылдыратқам. Ешкім жауап қатпады.

-        Әлгі
бір жолдасының үйіне кеткен ғой, - деп Үрия күлген
болды.

 

VIII

         Босануына байланысты
мерзімді демалысы біткен соң Үрия көп
кешікпей қызметіне шыққан. Өйткені, кішкентай
Айдынды ауылдағы әжесі қоярда-қоймай алып кеткен-тұғын.

        Үлкен кісінің жүрерде
бір айтқаны:

-        Осы күнгі жас біткен ересен
балажан ғой. Қимай тұрғандарыңды білем. Мен де осы күнді талай жыл сарғая күтіп
едім. Бауырыма басып, екі-үш жасқа жеткенше бейнетін көрейін. Уайымдамай-ақ
қойыңдар, сосын сендерді өзі-ақ тауып алады.

-        Жо-жоқ. Бала - сіздікі, - деп
екеуі де жік-жапар болған.

        Қайда-ан! Алғашында
Үрияға тіптен қиын тиді. Ылғи да бір
нәрсені ұмыт қалдырғандай -
алаңдап жүреді. Әсіресе,
Айдынның езу тартқаны көз алдынан кетпейді. Ешқандай сөзбен жеткізіп болмайтын
сағыныш сезімі өзін

әбден билеп алған сәттері: «Нұржан мені баяғыша неге еркелетпейді екен», -
деп ойлайды. «Бір ауық еркелетсе қайтеді.
Төбем көкке жетіп қалар еді».

Сөйтіп жүргенде бір күні Нұржан:

-        Сенің бойыңнан соңдай бір мұрынды
жаратын сүт иісі бұрқырап түрады. Жұта бергім келеді, - деген. Көптен күйеуінің
мұндай еркелеткенін көрмеген Үрия көзіне жас алғанын сезбей де қалған. Сонсоңғы
айтқаны:

-        Мені
еркелетуден неге именесің?

-        Қойшы.
Қайдағы жоқты ойлайтының не?

-        Кейде
көпшіліктің көзінше менімен билеуді де ерсі көресің.

-        Апырай,
кез келген жерде бір-бірімізге жымыңдай бергеніміз
жөн бола ма?

-        Оның
несі айып. Әлде...

-        Бәрін
түсінетін сияқтысың.

-        Әсіресе,
босанғалы бері сенің еркелеткеніңді ылғи да
сағынып жүретін болдым, - деді Үрия босаңсып.

-        Айналайын,
Үрияш! Кінәраттаспайықшы. Арамыздағы бір сәткі кірбіңнің өзі кісіні ойсыратып
кетеді екен. Саған дегеннің
бәрі көкірек сарайымда сайрап ұүр. Оны мезгілсіз суырып алып, қайта берген соң
әрі кететін шығар.

 

IX

 

         Айдын үш жасқа
толғанда әжесі оны қолдарына әкеп берді. Үлкен кісінің ауылға қайтарда тағы
бір айтқаны:

-        Садағаң
кетейінді қимай-ақ барамын.
Бірақ сендердің екеуден-екеу шошайып
жүргендерің жараспайды. Бала дегеннің орны бөлек қой. Тек, еркелетіп жібермеңдер.

Абдыраған Үрия:

-        Апам
біліп айтады, біліп айтады, - деп Нұржанға қарап күле берген.

-        Бала
дегенді қойсаңшы бұл, - деп
үлкен кісі де Нұржанға қарап езу тартты.

-        Апа,
қиын болды-ау, өзі - деген Нұржан
әбіржіп.

-        Қайтеміз
енді. Жассыңдар, мына Айдынжанның жалғыз
жүріп қалмауын бірауық ойласаңдар, маған тағы бір ермек табылар да.

         Үрия қып-қызыл боп
кетті. Оның нарттай жүзіне көзі түскен
Нұржан: Ұялғаны қандай әдемі еді. Әсте, әйел затына ұялған жарасады-ау» деп ойлады.

          Айдын әкесіне тез
үйірсек болып кетті. Тіптен кейде Үрияны
елемейді де. Нұржан кешкілік
кешігіп қалса, сірә, ұйықтамайды. Көзін тырналап ашып,
түн ортасына дейін сығырайып отыра береді. Аяқ тықырынан-ақ Нұржанның жоғары
көтеріліп келе жатқанын айнытпай таниды. Сол аяқ тықырынан-ақ оның не көңілді,
не көңілсіз екенін де айнытпай біліп отырады. Ондай кезде:

-        Соның бәрін қайдан білесің?-
деп Үрияның әдейі сұрайтыны бар. Айдын да іркілмейді.

-        Ол
- құпия. Екеуіміздің құпиямыз. Біз ер адамдармыз ғой.

-        Қап,
сені ме... - Үрия күліп жіберді. Айдын болса, одан сайын мәз.

 

XI

 

          Демалыс күндері Үрия
үй жұмысынан ешқайда шыға алмайды. Содан әкелі-балалы екеуі таңертеңнен қипақтап тағатсыздана
бастайды.

-        Емеуріндерің
белгілі ғой. Бара беріңдер. Менің қолым
тиетін емес, - дейді ондайда Үрия.

         Үн-түнсіз шығып
кетудің ретін таппаған Нұржан:

-        Мына
Айдын тентек қоймай отыр. Әйтпесе, бүгін... - деп күмілжігенсиді.

-        Өзің
ше? Жаңа ғана «қыдырып қайтайық» деп құлағыма сыбырлаған сен емес пе ең, - деп Айдын әкесінің мойнына асыла кетеді.

-        Әнеки,
бұл сөйтеді, - дейді Нұржан күлімсірей. Үрия бір күрсініп ап, кір жууға
кіріседі. Сол кеткеннен  екеуі кешке бір-ақ оралады.
Сондай күндердің бірінде:

-        Кеп
қалдық, - дейді Нүржан табалдырықтан аттай беріп,
- әбден сілеміз катты.

-        Сендерді
біреу зорлады ма? Сонша қыдырып,
- деді Үрия.

-        Мама,
біз бүгін сона-ау тауға шықтық, - деп Айдын әңгімеге араласты. - Қандай тамаша!

-        Күні
бойы қыдырыстап жүргенде бір сәт менің жәйімді
ойладындар ма?

-        Ойладық.
Жаңа үйге келе жатып папам: «Біз барғанша мамаң тәтті ас әзірлеп қойса болар
еді», - деген.

-        Рақмет,
рақмет!

-        Баланы
қинамасаңшы, - деді Нұржан
күліп.

-        Ердей
тауға барғанда ең болмаса маған бір шоқ гүл ала
келсеңдер қайтеді.

        Айдын әкесіне жалтақ-жалтақ қарай береді. Нұржан не десін. Әкелі-балалы екеуі де Үрияның алдында тұңғыш рет
қатты ұялып, үнсіз қалған.

 

XII

 

         Айдын бес жасқа
толған жазда олар үш бөлмелі жаңа пәтер
алды. Көш-қон кезінде Үрияның бір байқағаны - төртінші қабаттағы екі үйге де жас адамдар кіріп-шығып жүрді. «Көршілердің өзіміз қатарлы болғаны
араласуға

жақсы ғой» деп ойлаған.

           Сонымен не керек,
ертеңіне-ақ ерулік басталды. Төртінші
қабаттағы үш пәтердің иелері кезек-кезек бас қосып жатты. Үрияның ендігі бір
түйгені, көршілердің бірі - Әсем деген келіншектің күйеуі орта жастағы кісі
екен. He айтса да, мәнерлеп айтады. Әңгімесінің бірі - сұлу әйелдің бетіне опа
жаққандай сырғып жүре береді. Ал енді екінші көршісі - Балайым деген
келіншектің күйеуі тіптен сөзшең, қу тілді болып шықты. Көрген сәтте-ақ
оңды-солды әзіл айтып, жүрттың бәрін үйіріп әкеткен. Өзі ішкілікке де анау
айтқан кет әрі емес.

          Тағы да бір байқағаны
Әсемдердің үйінен әліге дейін бала-шаға көре алмады. Ал, Балайымдардың
үйелмелі-сүйелмелі үш ұлы бар екен.

-        Көршілерімізге сондай
ризамын, - деген.

-        Онда біздің жаман болғанымыз
да, - деді Нұржан күтпеген жерден.

-        Heгe?

-        Біз оларға бір түрлі ұқсамаймыз.

-        Оның несі айып?

-        Еш айыбы жоқ. Дегенмен, осы
екі үйде де құпия бір көлеңке табы бар. Байқадың ба?

-        Неғылған
көлеңке?

-        Сырттай
үлбірегенмен тереңде талай құпия
жатқан сияқты.

-        Қайдағы
жоқты айтады екенсің.

-        Әйтеуір
маған солай көрінеді.

-        Келмей
жатып көршілерден жери бастадым де.

-        Жеріген
емес. Ойымдағым...

-        Көзі
жоқ жерде біреулер туралы ғайбат сөйлегенді бірінші
естуім.

-        Онда
қойдым.

        Екеуі де ойланып
қалған. Екеуі де ыңғайсызданып қалған.
Сол ыңғайсыздықтан құтылғысы
келгендей Нұржан ұшып түрып, шамды өшіре салды...

XIII

          Бір күні Үрия кешкі газетті
қарап отыр еді, екінші беттегі Нұржанның келісті суреті көзіне оттай басылды. «Мені
көрдің бе» дегендей, күле қарап тұр. Содан «Инженер тұлпары - ұшқыр ой» деп
көсіліп жатқан очеркті бас салып оқи жөнелді. Әдемілеп-ақ мақтаған екен.
Оның қолынан талай игілік өтіпті -
«талантты жетекші, тапқыр жаңашыл. Көптің құрметтісі». Ақыр-аяғында келіп-келіп: «Осындай жаны сүұу, жайсаң жігіттің жары қандай бақытты еді», деп тамсаныпты.

          Енді Үрия тыным таба
алушы ма еді. Көршілеріне жүгірді.
«Қазір өзі де кеп қалар. Бүгін біздің үйге мейман болыңыздар», - деді. Деді де, дүкенге жүгірді. Жолай «Осы күнге дейін жаңағының бірін маған
білдірген жоқ-ау, әлде сенбей ме» деп
ойлады. «Тіптен осы күнге дейін менің қызметімнің
қалай жүріп жатқанын бір сұрамапты-ау.
О несі екен? Қуаныш үстінде осының бәрін айтып, ұялтсам қайтеді
өзін».

       Дүкеннен қайтып келе
жатып: «Әлгі газеттегіге қарағанда Нұржан мені мақтаған-ау» деп ойлады. «Шынымен мақтады ма екен?».

-        Қане,
газетті көрсетші, - дейді Әсем.

-        Сондай
мақтапты, - деп Үрия қысыла күлімсірейді.

-        Папамның
суретіне қараңыздаршы. Қандай сұлу,
- деп Айдын жер-көкте тұра алар емес.

          Бәрі жапырлай очеркті оқуға кірісті. Ac үйде абыр-сабыр болып жүрген
Үрия әлсін-әлсін сыртқа көз салып қояды. Өйткені Нұржанның келетін уағы
әлдеқашан өтіп кеткен. Оның үстіне Айдын да бір жағынан «папам қайда жүр» деп
дегбірсізденіп бітті.

-        Әлгі
ұшқыр ойлы инженерге не
болды, - деп Әсем да әзілдеп жатыр.

Нұржан әлі жоқ.

-        Кеп
қалар. Директорлары демалыста жүр еді. Шұғыл бір шаруа киіп кетті
ме, кім білсін, - деп Үрия көршілеріне жалтақ-жалтақ қарай береді.

-        Кешігем
десе, сылтау табылады ғой, - деп Әсем тағы
бір шымшып алды.

-        Сылтау
іздейтін әдеті жоқ еді, - деп Үрия онан сайын дегбірсізденеді.

       Әрі-бері қысыр әңгімені
тамызық қып отырғанда әлден уақыт
өтті. Нұржан әлі жоқ. Болмаған
соң қонақтарды қолқалап, әзер дегенде асқа қаратты. Нұржан әлі жоқ. Бір кезде Балайымның
балалары қыңқылдап, жұрттың тынышын ала бастады. Нұржан әлі жоқ. Көп ұзамай
көршілер «рақмет» десіп жатты.

-        Кешіргейсіздер, тығыз шаруасы
боп қалған ғой. Әйтпесе, мұншалық кешікпейтін еді, - деп Үрия бәйек боп жүр.

-        Мұнымен құтылмайсың. Ұшқыр
ойлы инженерді ертең келіп құттықтаймыз, - деп Әсем манағы әзілінен жаңылысар
емес.

-        Жо-жоқ, ертең қайта
жиналамыз, - дейді Үрия одан сайын бәйек боп.

-        Осындай сызылып тұрған сұлу
келіншектерді жұрт қайдан ғана тауып ала қояды екен, - деп Балайымның күйеуі де
тақымдай түседі.

-        Оны Нұржаннан оңашада сұрарсыз,
- деп Үрия да зілсіз қалжыңға бой алдырғансиды.

-        Біздің күткенімізді бұлдап,
Нұржанға ұрсып жүрме, - дейді Балайым бірдеңеден секем алғандай.

-        Иі жұмсақ жігіт сияқты еді
ғой, қайда барар дейсің. Үриясыз-ақ өзіміз тәртіпке шақырып аламыз, - деп Әсемнің
күйеуі де майдан қыл суырғансыған.

-        Рақмет, жақсы жатып, жәй тұрыңыздар,
- деді Үрия асығыстап.

        Түн ортасынан ауып кеткен.
Үрияның дастарқанды жиып, ыдыс-аяқты жуып, сүртіп біткені де қашан. Нұржан әлі
жоқ.

        ...Айдын енді-енді қалғып
бара жатыр еді, есіктің қоңырауы баж ете түсті. Сол-ақ екен:

-        Папам
келді, - деп ол селк ете калған. Нұржан аяғын әзер басады. Айдын жүгіріп барып оны құшақтай алды:

-        Сені күтіп-күтіп...

-        Айна-а-лайын, кешір! Әнебір
жігіттермен отырып қалыппын.

-        Қан-ша күттік, - дейді Айдын
одан сайын бұртандап.

-        Солай ма?

-        Папа, аузыңнан қалай жаман
иіс шығады.

        Маналы бері ыза буып,
жыларман болып тұрған Үрия Айдынның мына сөзінен кейін басылыңқырап қалғандай еді.
Сосын ол:

-        Манағы газетті папаңа
көрсетші, - деді.

-        Қазір.
Ой, сенің суретің сондай әдемі шыққан.

-        Е,
көрдің бе? Папаң қалай екен? Сонда да Үрия ұрса береді.

         Нұржанның қайтып сөйлеуге шамасы келмеді.
Шешінді де, жатып қалды.

         Сол түн Үрия көз
ілмей шықты. Талай ой келіп, талай ой
кетті. Қайдағы бір күдік біткен де топырлап көп қинаған. Бірақ ертеңіне ләм-мим демеді. Бір-екі рет оқталғанда
Нұржанның баяғыда қиыла
айтқан «кінәраттаспайықшы» деген сөзі кесе-көлденең тұрып алған.

ХІҮ

        Үрияның ауруханаға
түстен кейін баратын күні еді. Нұржан қызметіне кетісімен, Әсем жетіп келді.

-        Әйда, біздікіне барып, шай
ішеміз.

-        Дастарқанды
жинағаным осы.

-        Жүрсеңші.
Әңгімелесіп отырамыз.

-        Үйлеріңде
біреу бар ма?

-        Кім
болушы еді. Ал, тез кел.

          Әсем асығыс шығып
кетті. Онша заукы соқпаса да
«қой, көңілі қалар» деп Үрия үйінен шығып, кершісінің есігін аша беріп еді,
қара көлеңке дәлізде екі жігіт күбірлесе сөйлесіп, темекі тартып тұр екен -
қапелімде селк ете қалғаны.

-        О-о!
Келіңіз. Күте-күте көзіміз төрт болды ғой, - деді домаланған біреу.

         Аяқ астынан не
айтарын білмей:

-        Селеметсіздер
ме, - деген Үрия. Сол мезет арғы жақтан
Әсем жүгіріп шықты.

-        Мінеки,
басымыз түгел қосылды. Енді бастаңғыға кірісейік.

        Үрия бұрылып бара жатыр еді, Әсем қолынан шап
беріп ұстай алды.

            Немене
соншалық, - дейді. Даусында діріл бар. Ac
үйде екеуі оңаша қалған соң
Үрия:

-        Бастаңғың
не, мыналарың кім?- деді абдырап.

-        Таныс
жігіттер еді. Қонаққа келіпті.

-        Таң
атпай жатып қыдырғандары қызық екен?

-        Бәрінен бұрын есебін тауып қыдырғанды айтсайшы.
Асыққанды қой. Ұят емес пе. Дастарқан дайын. Оңашада күліп-ойнап отырамыз.

-        Жо-жоқ,
мен кетейін. Мұны білгенде
келмеуші ем. Үрия кідірместен шығып
жүре берген. Үйіне келгесін «күйеуі
жоқта Әсемнің мұнысы несі?»
деп ойлады. Сосын осы ойын Балайымға барып айтқысы келді де, артынша іркіліп
қалды...

XV

         Бір күні
таңертеңгілікте Нұржан:

-        Ертең
командировкаға жүретін шығармын. Керектінің
бәрін әзірлеп қоярсың, - деген.

-        Қай
жаққа?

-        Ақкенттен
әрі жаңа бір аудан құрылған екен. Көктем шығып келе жатыр. Көмек қажет көрінеді.
Біраз кісі бармақшымыз.

-        Қанша
күнге?

-        Бір-екі
апта болар.

-        Қап...
- деді Үрия.

-        He
болды?

-        Сенбі,
жексенбіге қарай барсақ деп жүр ем. Оған болатын
емес қой. Бүгін қолың тие ме?

-        Қайда?

-        Айтып
ем ғой. Ленинград әншілерінің концертіне.

-        Е,
мейлі.

-        Айналайын,
тек кешікпегейсің.

-        Оны
несіне пысықтай бересің?

-        Енді
кайтем, күнделік әдетің сол.

-        Кейінгі
кездері тым сөзшең боп бара жатырсың.

-        Енді
қайт дейсің?

-        Әйелдің
көп сөйлегені - көңілге қонбайды.

-        Білем,
білем, бірақ шыдамның да шегі бар емес пе?

-        Ірке
сөйлейік те. Сол жақсы. Ірке сөйлеген жақсы.

         Үрия не дерін
білмеді.

      ...Түс қайта ауруханадан қайтқан Үрия
әдейілеп дүкенге соғьш, жолда Нұржанға керекті майда-шүйденің
бәрін алды. Содан асығыстап
үйге кеп, ас камына кіріскен. Әп-сәтте бәрі де әзір болды. Содан әдемілеп
таранып, жаңа тіктірген көйлегін киді. Содан Нұржанды ал кеп күтсін. «Дәл
бүгін кешігер»

деген қаперінде жоқ. Содан бір сәт көптен бері екеуінің еш жаққа шықпағанын
ойлады. «Қалада тұрамыз» дейміз. Ал, осындай қалада тұрып, ең болмаса жылына
екі-үш рет театрға барудың ретін таппаймыз. Бұ қалай?».

         Қызметтен қайтатын уақыты
әлдеқашан өтіп кетті. Нұржан әлі жоқ. Әбден шыдамы таусылған соң «ендігі
концерт басталған да шығар» деп ойлады. «Нұржан әлі жоқ...». Ақыры амал нешік,
бәрін қойып Балайымның үйінен Айдынды ертіп келді. Келді де, солқылдап жылап
жіберді. Ұлы аң-таң.

         Сәлден кейін үн-түнсіз жатып
қалды. Ойы сан-саққа жүгіреді. «Бір емес, екі емес, мұнысы несі? Менің
қас-қабағыма қарап отыратын адам бар-ау деп бір ауық есіне алса қайтеді? Өстіп
жүргенде Үрия суынып кетер деп бір ауық ойланса қайтеді. Бұл не өмір сонда?».

-        Мама, ұйықтап қалдың ба?-
деді бір кезде Айдын. Үрия үндемеді.

 

-        Ұйықтаған жоқсың, ә... - деді
ол тағы да. Үрия үндемеді.

-        Папама өкпеледің бе?

         Үрия үндемеді.

-        Қасыңа барып жатсам ұрыспайсың
ба?

-        Келе ғой, жаным.

-        Бірақ жыламайтын бол.

-        Жарайды,
жаным.

         Айдын еппен басып
кеп, Үрияның құшағына қойып кетті.

          Нұржан көптен қарауға мұршасы келмей жүрген қағаздарын реттеп
болып, түн ортасынан ауа үйге келгенде, тұңғыш рет Айдынның ұйықтап қалғанын көрді.

          Үрия да селт етпеді.

         Аяқ астынан абдырап,
не істерін білмеді. Үйдің іші сұп-суық
көрінді. «Бұларға не
болған?». Таңертеңгілік Үрияның «театрға барамыз, кешікпегейсің» дегені қаперінде де жоқ.

         Таң алагеуімде оянған
Нұржан асығыс киініп, Айдынның маңдайынан бір иіскеп, шығып кетті. Ол әлгіде әр нәрсені бір іздеп,
түртінектеп жүргенде

Үрия тұңғыш рет төсегінен тұрған жоқ.

ХҮІ

            Арада екі күн өтті. Түс
қайта үйіне оралған Үрияның сырт киімдерін шеше бергені сол еді, Әсем жетіп
келді.

-        Осы уақытқа дейін қайда
жүрсің?

-        Қайда болушы еді...

-        Ауруханада жоқсың.

-        Е, не боп қалды. Жолай баласы
қатты науқастанып жатқан бір кісінің үйіне соғып ем.

-        Әйда, біздікіне барып, шай
ішейік.

-        Әнеугүнгідей ме?

-        Иә, сол екі жігіт келіп еді.
«Көршіңді шақыр» деп тықыршып отыр.

-        Шаршап
келдім. Қинамай-ақ қойшы мені.

-        Жалындыра
бермеші.

-        Солар-ақ
ерігеді де жүреді екен, - деді Үрия түк таппаған
соң...

-        Сені
көрмесе әнебіреуінің тамағынан ас өтер емес.

-        Сонда
маған не демекші?

-        He
деуші еді. Көңіл көтеріп отырмақ та. Әнеугүні бір рет Балайымды шақырып ем. Әнебір олпы-солпы шыт көйлегімен келе салыпты. Өзі жөндеп сөз де
білмейді екен. Ұялғаным-ай!

-        Бара
алмайтын шығармын. Сәлден кейін бала бақшадан Айдын келеді.

-        He
болды соншалық, бір сәтке жүрші. Көршіміз ғой... Үрияны әп-сәтте қысылтаяң бір ойлар қаумалап алды. Дәл қазір
Әсемге еріп жүре берсе - Нұржанды көрер көзге табалағаны ғой. Бармайын
десе...

-        Неменеге
қиналып тұрсың. Біздің үйден бір-екі кесе шай ішуге жарамағаның ба?

-        Қазіргі
жағдайымызды да ойласаңшы.

-        Өстіп
көлгірсігенді қойыңдаршы. Балайым екеуің аяқ
астынан періште бола қалады екенсіндер.

-        Оның
несі айып?

-        Нұржанды да көріп жүрміз.

        Әсемнің мына оқыс сөзі
Үрияға қамшы боп тиді. Шықпыртып өткендей.
«Не дейді-ей? He деп тұр?
Көріп жүрмізі несі?».

          Co замат оның есіне
мана Нұржанның жол жүріп бара жатып бір ауыз жылы сөз айтуға жарамағаны
түсті. Сосын анадағы бір ішіп келгені. Анадағы бір кеш бойы күттіріп, сарғайтып қойғаны. Анада бір
тойға барғанда қанша қолқаласа да
билемей қойғаны. Анада бір қонақта отырғанда
қанша қолқаласа да қосылып ән айтпай қойғаны. Анада бір көшеде келе жатып қарсы
жолыққан таныс қызға телміріп қайта-қайта қарай бергені. Анада...

«Барсам барайыншы» деп түйді...
«Мен не, адамның қоры ма екем?». Артынша Үрия өз ойынан өзі шошып кетті.
«Маған не болған?».

-        Жүрсеңші енді, - деп Әсем
тағы асықтыра бастады, - Өстіп тұрғанда Жомарт кеп қалар да...

-        Е, келсе несі бар. Қайта мұндайда
отағасының бірге болғаны жақсы емес пе.

-        Біліп тұрып сөйтудің не
керегі бар, - деді Әсем ауыр күрсініп.

-        Бірақ көп отырмады деп
өкпелемейсің. Ішкілікке мүлдем жоқ екенімді бесенеден білесің.

-        Тек, тезірек жүрші, - деп
Әсем есік алдына барып қапты. - Тезірек!

          Үрия дастарқан басына
келгенде, екі жігіт бір-біріне қарап, жымың-жымың ете қалды. Сосын:

-        Көп күттірдіңіз ғой, - деді
біреуі.

-        Қайдам, - дей салды Үрия.

-        Соншалық сарғайтатын еш
кінәміз жоқ еді, - деді екіншісі.

-        Қайдам,
- дей салған Үрия тағы да.

-        Бұл үйге ұрланып келетін қонак екеніміз рас. Бірақ оған біз айыпты емеспіз.

-        Оңды-солды
тіл безей бергеннен не шығады, осы, - деп
Әсем қапелімде қабақ
шытқансыды.

-        Үрияны
көріп, қуанғанымыз болар.

-        Бетіне
күле қарасаң болды, ер адамдардың өстіп еркінсіп
кететіні несі екен, - деді Үрия жұлып
алғандай.

-        Ойбай,
іс насырға шауып барады. Біз қойдық. - Сол-ақ
екен, Әсем аяқ астынан жайраңдап шыға келді.

-        Қағысуды
қайтеміз. Одан да осындай оңашада алаңсыз көңіл көтеріп отырайық та. Бұйтіп
күнде басымыз қосыла бермес.

-        «Алаңсызың»
қалай? Жаңа ғана «Жомарт кеп қалар» демеп пе ең, - деді Үрия іштейгі ренішін
жасыра алмай.

-        Әй,
әншейін айтқам. О шалды түн ортасында бір-ақ оралатын ғып жібергем.

-        Әсе-ем?..

-        Нұржан болса командировкада. Неден
қысыласың, - дейді Әсем оның алдын
орап.

          Енді екі жігіт
кезек-кезек Үрияны қолқалайды-ай!

-        Сіздің
денсаулығыңызға деп ішеміз. Өзіңіз де алып жіберіңіз.

-        Сіз
деп келдік. Сізбен өстіп қатар отырудың өзі... Осының бәрі түс сияқты көрінеді.

          Өстіп әрі-сөрі отырғанда
әлден уақыт өтті. Жігіттер әлі қиылып отыр. Әрі-беріден кейін ол кетіп қалғысы
кеп бір оқталды да, тағы Әсемнің көңілін қимады. Ақыры әлгі екеуі әбден мезі
ғып біткен соң алдындағы шарапты бір

ұрттаған.

-        Тауысып ішіңіз.

-        Енді болды, - деді Үрия
салқын ғана.

-        Менсінбегеніңіз-ау.
Мейлі, бізді қойшы. Көрші боп отырып
бір-біріңізді сыйламағандарыңыз батып барады.

          Бір кезде есік
қағылды. Әсем жүгіріп кетіп еді, Айдын екен.

-        Сіздің
үйде мамам бар ма?

           Үрия орнынан ұшып тұрды.

-        Айдынжан,
мына конфетті қалтаңа салып ал да, бірауық
ойнап кел. Мамаң үйге қазір барады, - деп жатыр Әсем.

          Бұлар енді асқа қарай бергенде, есік тағы
қағылды. Айдын екен.

-        Ма-ма!
Тез... Тезірек үйге жүр.

          Онсыз да маналы бері
тырнағына ілініп отырған Үрия жүгіріп
барып есіктің шынжыр ілгегін асыға-аптыға ағытты да, қарсы алдында жыларман болып тұрған алты жасар Айдынды
«күнім-ау» деп құшақтай а       лды.