ВЕРНУТЬСЯ

       I

      Сәуірдің соңғы
күндерінің бірі еді. Қыздар институтында мерекелік кеш болмақшы. Балайым бесін кезінде көйлегін
өтектеу үшін жатақхананың төменгі қабатындағы кір жуатын бөлмеге келген.
Әдеттегідей - қыздар абыр-сабыр жиналып қалған екен. Кәдімгідей қызу әңгіме.

-        Бүгін халық шаруашылығы
институтының жігіттерін де шақырыпты. Сықырлаған бухгалтерлермен билейтін болдық.

-        Политехникалық институттың
оркестрі биді басқаратын көрінеді.

-        Даңғырықтарын сабалап, құлақ
тұндырады десеңші.

-        Байғұс-ау, өйтпесе, кештің
сәні келе ме...

-        Бүгінше қызыл туфлиіңді мен
киейін, ә?

-        Тобан аяқ жігіттер әрлі-берлі
тапап, туфлиден түк қалдырмас.

-        Өй, жазған-ай, ондайларға кім
жолайтын еді.

         Балайым көйлегін өтектеп
болып, үнсіз шығып кеткен. Co бойы төртінші қабаттағы бөлмесіне көтеріліп бара жатып:
«Үшінші курс та бітуге таянды. Бірлі-жарым ауылдастарыммен театрға барғаным
болмаса, осы күнге дейін...» деп өз-өзінен жымиып қойды. «Әлгі қыздарды қарашы,
жігіт атаулының бәрін сан-саққа жүгіртіп, болар емес».

           Мұп-мұздай боп киініп, әбден
таранып, сыланып болған соң көптен сыр мінез құрбыларының бірі:

-        Балайым, биге бізбен бірге
барамысың, әлде ауылдастарыңды шақырып па ең?- деген.

         Ол үн-түнсіз қыздарға еріп
жүре берді. Концерт біткеннен
кейін би басталды. Кешті басқарушы қыз:

-        Біздің
бүгінгі меймандарымыз- халық шаруашылығы институтының жігіттері. Өздері шетінен
қой аузынан шөп алмайтын момын көрінеді. Шеттеп қалмасын, - деді әзілдеп. Сол екі арада:

-        Бұлар есеп шоттарын неге ала
келмеген, - деп біреу күліп жіберді.
Сол-ақ екен, манадан бері арғы шетте үркердей боп тұрған жігіттер қозғалақтап қалды. Сол-ақ екен, олардың арасынан Әбдібек суырылып шығып,
Балайымды биге шақырған.

           Әбдібек әдемі билейтін.
Оқуға түскеннен кейін екі жыл бойы би үйірмесіне қатысып, әбден машықтанған.
Оның бергі жағында аяғы жететін жердегі осындай кештерді құр жібермейтіні тағы
бар. Ал, алыпсоқ уәжге де, әзіл-оспаққа да әрқашан құрақ ұшып тұратыны - өз
алдына бір төбе.

        Бүгін де кәдуілгі әдетіне
басып, ә дегеннен-ақ қызды үйіріп әкетпекші.

-        Таныс болайық, - деді
Әбдібек.

-        Балайым!

-        Институтты
биыл бітіремін. Экономиспін.

-        Әзірге
үшінші курстамын. - Айтарын айтса да, «бұ не жылпылдап кеткенім» деп, іштей ұялып қалған Балайым.

-        Ең
құрғанда әлі екі жыл бар десеңізші.

-        Студенттік
өмір дегенің өте шығады екен. - Айтарын айтса да, «қарадай неменеге өкіндім»
деп іштей тағы қиналған Балайым.

           Би бітті. Бірақ
Әбдібек асығар емес, Балайымды қолтықтап алған. Жуық арада жібергісі жоқ-ау,
сірә. Балайым да қонақ жігіт алдында әдеп сақтап, үнсіз тұрып қалған.

-        Байқадыңыз
ба, манағы қыздың бізге айтқан әзілі - әсте
назы шығар. Дәуде болса, «жатақханамыздың алдына сирек келесіздер» дегені де.
Онысы рас. Қайтеміз енді, сіздердің
есіктеріңізді күзетеміз деп өзімізбен қатар оқитын құрбыларымыздың
көзін жәудіретіп қалай ғана қалдырып кетеміз?- деген Әбдібек сәлден соң.

          Мына сөз Балайымға
түрпідей тиді. Түрпідей тигені ғой,
жаңа ғана әңгімеден тартынып тұрғанын
ұмытып:

-        Сонда
бүгін олардың бәрі «аһ» ұрып
отыр ма?- деді қапелімде есе
жібергісі келмей.

-        Әрине.

-        Қиын
болған екен.

-        Сұрамаңыз, шынымды айтсам, көкірегім
қарс айрылып барады. Мана суық сыпайылықтарыңызға қарағанда, не онда жоқ, не мұнда жоқ, екі ортада сарсаң боп қаламыз ба деп қорқам.

-        Ол
да мүмкін. «Екі кеменің...» деуші ме еді.

-        «Жаны
ашымастың қасында...» - дейтін де мақал бар
екенін ұмытпаңыз.

-        Сөзге
тым ұста боларсыз.

-        Қойдым,
қойдым. Жүріңіз, сізді көлденең біреу қағып
кетпей тұрғанда билеп
қайтайық.

         Екеуі дөңгелене
жөнелді.

          Күнделікті талай кеп
жүрген үйреншікті зал осы кеш Балайымға
кең көрінген. «Еден біткен айнадай жарқырайды. Бұрындары бұрыш-бұрышқа жарық жеткізе алмай
шаршаңқырап тұратын сәукелелі
люстра да бүгін самаладай боп
кетіпті. Тіпті әрі-беріден соң, бір түрлі жұмбақ сәуле шашып, жұртты ерен желіктіретін тәрізді-ау. Политехникалық институттың
оркестрін манағы қыз: «Даңғырағын
қағып, құлақ түндырады» деп
пе еді. Көрмей жатып, сөйтіп
көлгірсімесе қайтеді екен. Қандай қағылез, қаяусыз жігіттер. Қай әуенді бастаса
да, бәрі жүректі шымырлатып, бойыңды
балқытады. Шіркін-ай, бұл кештің кадірі бөтенше болды-ау. Енді әлгі
пысық апайлардың біреуі ерте тарқатып жібермесе де».

          Бірте-бірте бойы
жеңілейіп, бүкіл жан-дүниесін үлп-үлп еткен бір сезім билей бастаған ол бүгінгі
сауыққа әдеттегідей ауылдас
жігіттерін шақырмағанын казір де жөн көрді.
«Көп болса, талай қайталанып қадірі кеткен арғы-бергі әңгімені тауыса алмай тұрар ек те. Олар бір елі қалмай
жанымда жүрген соң жөні түзу жігіт жолаушы ма еді, маған».

-        Қой
болмас, қыдырып қайтайық,- деді әп-сәтте әжептәуір еркінсіп қалған Әбдібек.

          Екеуі сыртқа шықты.
Сәуірдің көкорай түні ерекше межірежай
екен. Кәдімгі қол тимеген
мақпал дерсің. Жапырақтары әлі толық жетіле қоймаған сұңғақ теректер жаңа түскен келіншекке ұқсайды.

          Олар машина да,
жүргіншілер де бәсеңсіп қалған кең көшені
бойлап, жоғары тартты. Co бойы екеуі
таң сәріге дейін қыдырған...

 

II

           Әлгі кештен бастап
Әбдібек пен Балайым жиі-жиі кездесетін
болған.

Үш жыл бойы еш сыр бермей
келіп-келіп, Балайымның бір кеште-ақ әйдік жігітті «мұрындықтап» алғанына құрбылары алғашқыда
таңырқаса да, көп ұзамай құптап кеткен. Қай-қайсысы да: «Кірді біз-ақ жуа саламыз. Бүгінше менің көйлегімді киіп бар»,
- деп бөйек боп жатқаны.

         Одан тартынып жүрген Балайым
жоқ. Әбдібек болса, кейінгі кездері күн құрғатпайтынды шығарды. Кешкілік салып-ұрып
келеді де тұрады.. Сонда олардың кей қатарластары секілді күндіз-түні тыным
көрмей ойын-сауық қуып жүргені де шамалы.

          Екеуі жатақханаға жақындау
бір бақтағы оңашалау орындыққа отырып алады да, таусылмайтын сыбырға көшеді. Әйтпесе
ұзын көшенің біреуінің басынан түсіп ап, аяғынан бір-ақ шыққандарын кейде
байқамай да қалар еді.

          Балайым түн ортасында
сүрініп-қабынып жатақханаға келгенде, олардың күндегі әдетіне қанық құрбылары
әдейі әзілдеп:

-        Ұзақты кеш не айта бересіңдер? -
деп сұрайды. Сонда ол:

-        Өзім
де білмеймін. «Ренжіп қалар деп тыңдай берем. Әбдібек те жалықпайды», - дейтін.

-        Сонда
«сүйем, күйем» деген аузынан шыға ма?

-        О
сөзді күніне жүз қайталайды ғой.

-        Сен
не деп жауап қайтарасың?

-        Қойыңдаршы,
- деп Балайым үзіп тастайды. Қыздарға керегі де сол - жарыса кеп күледі.

III

 

            Өстіп күндер өте
береді.

 

IV

             Әбдібек кешегі
келгенінде:

-        Мені
осында қалдыратын болды, - деген. - Байқаймын, бір үлкен фабрикаға жіберетін ыңғайлары бар. Сол күні екеуі кешке дейін
қыдырған. Паркке барды ма-ай, кино көрді ме-ей, бір кездері кітап дүкендерін
аралады. He керек әйтеуір, олар Балайымның жатақханасына әбден шаршап оралған.
Сондағы Әбдібектің бір айтқаны:

-        Аяғым сырқырап тұр. Екеуіміз
қатар кеп бір үйдің есігін ашар күнге қашан жетер екенбіз. Сен қазір
қаласың. Мен кетем...

-        Бір
сөзді қайталай берудің қажеті не? Ендігі екі жылдан кейін, - деген Балайым байсалды қалыппен.

-        Бүйтіп
арқаны кеңге салатын жас емеспіз ғой. Ертерек сен ана болсаң, мен әке болсам,
оның несі артық?

-        Уақытың
тығыз білем. Айтып қал.

-        Ертең
әдеттегідей жетіде келем. Көп күттірмеші, - еген
Әбдібек бір түрлі қиыла сөйлеп. - Жатақхананың алдында күнделік қаққан қазықтай состиып тұрғаным... Терезеден ұрлана
қарап қойып, «әлі де күте тұрсын»
деп

арзан бедел арттырудың не қажеті
бар.

          Балайым оған тесіле
қарап тұр. «Әттең,
болмайды-ау, әйтпесе, қазір бөлмеге
шақырып, бипаздап шай берер едім» деп
ойлады. «Ұзақты күнге ыстық
ішкен жоқ». Сонда да іштей алып-ұшқан ықыласын сыртқа шығармай.

-        Кейінгі
кездері тым шыдамсыз боп бара жатырсың, - деген.

-        Ертерек
үй болуға асыққаным - айып па екен. - Әбдібек
өзіне майдай жағатын әңгімеге тағы бұра тартып келе жатыр.

-        Менің
жағдайымды да ойлайық та.

-        Өстіп
кісіні қинай беретінің-ай.

-        Жарайды.
Ертең де күн бар ғой.

-        Бәсе,
сөйтіп сәл-пәл жіпсісеңші. Әйтпесе, түні бойы көз ілмей шығатын ем.

-        Өй,
шіркінің-ай!

         Бөлмесіне келген соң
Балайым ұзақ-сонар ойға қалды
- «жаңағы айтқаны - Әбдібектің шыны ма екен? Ертең сол байлауын алдыма тағы жайып салса, не демекпін? Әрине, көнбеймін. Институт бітіруіме әлі
екі жыл бар. Күтсін».

          Ол өстіп бір бекініп
алды да, артынша күдіктеніп қалды. Ертең бола ма, арғы күні бола ма, Әбдібек қиылып отырып алса,
«болмайды» деу Балайымның қолынан келер ме екен? Әй, қайдам? Бір
қадалса - қоймайды ол. Күнде талай
тәпіштеп тыным бермейді. «Тойларың қашан» деп құрбылары да
жиі-жиі сұрайтын болды. Бәрі
де «ендігі қалған - Балайымның тұрмысқа шығуы» деп ойлайтын шығар.

        Сосын оның есіне Әбдібектің
әнеугүні айтқан бір әңгімесі түсті.

-        Абырой боп, әжептәуір
қызметке кіріскен кісінің салт бас, сабау қамшылы жүргені жараспайтын секілді. Оның
үстіне өзің қатарлы жұртпен аралас-құралас болмасаң - тағы қиын?! - деген.
Сонда Балайым «бұл сөзіңнің де жаны бар-ау» деп қарадай қобалжыған еді. Енді
келіп соның бәрін алдына көлденең тартса, қайтпекші? «Өстіп әбден қыспаққа
түспесем нетті» дейді. «Уәжге келгенде алдына жан салмайтұғын жампоздығына
басып, әйда кеп жорғалай жөнелсе, тоқтату қиын-ау оны. Кейде қара аспанды
төбесіне көтеріп ап, қинала налатыны тағы бар. Оның қайсыбіріне уәж таба
бересің? Енді келсе, бөлмеден шықпай қояйыншы. Қайтер екен?!».

        Сол мезет бір күдік caп ете
қалды. «Бүйтіп көстеңдей берсем - көңілі суып кетер. Күндердің күнінде
әбден мезі боп, бұрылып кете барса қайтем? Өйтуі де
мүмкін-ау...».

         Ол енді төтеннен тап
берген мына күдіктен құтылуға асығып: «Бәріне өзім кінәлімін», - дейді.
«Кездескен күннен-ақ бас изей
беріппін ғой. Инабаттылықтың жөні осы
екен десем керек». Артынша тағы
ойланып қалады. «Әбдібектей жігітке қарсы
сөз айту қиын, ки-ын!.».

         Түн ортасы ауып
барады. Қыздардың бәрі әлдеқашан ұйықтап
қалған. Балайым әлі көз іліндіре алар емес. Манағы ой-толқулары маза бермейді.
Әбдібек: «Кәне, той қамына қашан
кірісеміз» деп дәл қазір дікектеп отырған-

дай - жуық арада тыным табар түрі
жоқ. Бір кездері «біз осы
бір-бірімізді біліп болдық па», деп өз-өзіне көлденең сұрақ қояды.
Соның артынша «әйтеуір құпия
атаулы сарқылған сияқты» деп бір түйін тастайды. «Жарық дүниеге шыр етіп түскелі бергі хикаяның бәрі
түп-түгел айтылды емес пе? Ендеше,
күдіктенетін не бар? Ештеңе де жоқ тәрізді.
Әйтсе де. Иә, әйтсе де Әбдібектің орынсыз тақуалана беретінін-ай». Сол-ақ екен,
әнеугүні тойға барған бір кеште оның:
«Киімді олпы-солпы киеді екенсің» дегені ойына
caп ете түсті. Сонда Балайым:
«Сен сияқты «үп-үп» деп үсті басын сипалай бергеннен мүйіз шыға ма деп күлген де қойған-тұғын. Енді кеп со сөз кесе-көлденең тұрып қапты. «Әлден мін таға бастады. Бара-бара қайтер екен?..».

        Өстіп, ойы әр саққа жүгіріп, әбіржіп жатып ұйықтап кетіп еді. Ертеңінде
де іштей көп әуреге түсіп, бір жағы толқып жүрді.

XIII

        ...Айтқандай-ақ, дәл кешкі
жетіде Балайым терезеден қарап еді. Әбдібек кәдуілгідей есіктің алдында
қаздиып тұр екен. Мұздай киініп
алыпты. Асығыс тәрізді, әлсін-әлсін сағатына қарай береді. «Ойын-сауыққа
шақыратын жөні жоқ. Кешегі әңгімесін
апыл-ғұпыл қайта бастамақшы
ғой» деп ойлады. «Қайдан тап болып еді, әбден әуреге түстім-ау...».

 

Сонда Балайым отырып-отырып:

-        Бүгін
осы шықпай-ақ қояйыншы. Әбдібекке «ауырып қалды»
дей салындаршы, - деген қыздарға қиыла.

-        Саған
не болған?

-        Сүйкейсал
сылтауыңа көне салатын кісіні тапқан екенсің.
Сені «ауырып қалды» дейікші, Әбдібегің есік алдындағы
қат-қабат кезекшілерді итеріп тастап, қазір-ақ жетіп келеді.

-        Келсе,
тас бүркеніп алам.

-        Тәлімсімей-ақ
қойсайшы. Маналы бері жиналғанның аз боп па еді.

-        Немене
өздерің... - Балайым орнынан ұшып
тұрды. Сол мезет қыздардың біреуі терезені ашып жіберіп:

-        Қазір шығады, - деді есіктен
көз алмай тұрған Әбдібекке.

         О кезде Балайым төмен
түсіп бара жатқан.

 

VI

 

          Содан көп ұзамай олар той жасаған.

 

VII

 

         Тойдан кейін көп ұзамай Балайымдар жазғы демалысқа
шыққан. О күндері Әбдібек те мемлекеттік емтиханды еңсеріп тастап еді. Алғашқыда екі-үш апта олар Әбдібектің бір жолдасының үйінде тұрды. Әне-міне
деп жүргенде үй иелері демалыстан кеп қалды. Енді қысылып-қымтырылудың өзі

қиынға түскен. Содан бір күні
екеуі пәтер іздемек болды. «Қаланың орталығынан табармыз» деп
үміттенудің реті жоқ. Ендеше, бір-бірін алдаусыратып қайтеді, әп дегеннен-ақ
шаһардың шет жағына тартқан. Co бойы олар келіп-келіп «бұ жерге пәтер
іздеушілер әлі жете қоймаған шығар» дейтіндей қылдырықтай көшеге түсіп алып,
жағалай есік қаға бастаған.

           Үлкен көк кақпалы үйдің
алдындағы аласа орындықта әлсін-әлсін табанының астына шырт түкіріп қойып, пісте
шағып отырған орта жастағы жирен мұртты кісі:

-        Ерлі-зайыптымысыңдар?- деген.

-        Иә, жақында...

-        Онда болмайды екен.

-        Heгe?- деген Әбдібек.

-        Ертең-ақ балаларың улап-шулап
берекемізді кетіреді. Жаялық иісінен әбден жеріп біттік.

-        Ойпырай, қаупіңіз күшті екен.

         Екінші үйдің иесі тағы да
«ерлі-зайыптымысыңдар» деп томсырая қалды. Жөпелдемеде Әбдібек оның алдын
орамақ болып:

-        Бала-шаға дегенді қоя тұрамыз
ғой, - деген.

-        Жо-жоқ, одан қауіптеніп
қайтейін. Сендер сыйған жерге
бала да сыяды.

-        Басқа
кілтипанды көре алмай тұрмын-ау,
- деді

          Әбдібек дәмелі
көңілмен.

 

-        Болмайды,
- деді ол- Ертең үйіме көшіп алып, сосын
мықтап тіркеліп алып, бір күні «осы ымараттың жартысы - біздің еншіміз», деп пәле салмақшысыңдар ғой. Сондай бір қызыл көз пәледен жақында
зорға құтылдым. Жо-жоқ, аш құлақтан тыныш құлақ! Одан да бос тұрғаны жақсы.

-        Ойпыр-о-ой,
мынауыңыз тіпті...

Екеуі де аң-таң қалды. Үш ұйықтаса түске кірмейтін күдік.

-        Осындай
да адамдар бар екен-ау, әлі, - деді Балайым күйіп-пісіп.

-        Көрдің
ғой, - деді Әбдібек те қабақ шыта.

           Амал жоқ, тағы да
көше кезуге тура келеді. Әбден көз байланып
қалған кезде со көшенің ең шетінен тауықтың кетегіндей
бір бөлме табылды. Таңдап жататын жағдай қайда?
Соның өзін кең сарайдай көріп, қалғанының бәріне құп деп, ертесіне
көшіп келетін болған.

Ауладан шықпай жатып:

-        Жаңағыдай
үйде тұрып, жұртпен аралас-құралас болғаныңды әлі көрермін, - деп
Балайым қабақ шытқан.

- Енді қайтеміз, - деген Әбдібек
те тосыла. - Әзірге амалдай тұрамыз да.

 

VIII

 

         Сонымен, Балайым -
үйде. Әбдібек өзі айтқандай үлкен бір
фабрикаға әп дегеннен-ақ аға экономист болып табан тіреп алды. Таңертең кетеді,
кешке келеді. Кешке демекші,
қаланың қиыр шетіндегі үйіне жеткенше жүйке тамыры әбден жіңішкеріп бітеді. Өйткені,
автобус құрғыры жылдам келе қоймайды. Келе қалса - кәдімгі дода. Түйме үзілу,
әйтпесе, аяғыңды мыжып кету - мұндайда түк емес.

        Үйге әрең жеткен ол
табалдырықтан аттасымен төрдегі диванға құлай кетеді. Апыл-ғұпыл Балайым
дастархан жаяды. Сөйтіп жүргенде түннің бір уағы болып қалады. Төсектері - әлгі
диван.

        Бүгін екеуі жастыққа қатар
бас қойған соң, Балайым күйеуін түртіп қалды.

-        Қарадай томсырая бергенше,
біздің де жәй-күйімізді сұрасаң қайтеді бірауық.

-        Ал, сұрадық.

-        Менің тола бастағанымды
байқадың ба?

-        Солай сияқты.

-        Айналайын, бәйбіше, шоқпардай
бір ұл тауып берші. Өзіңді өмір бойы төбеме көтеріп жүрейін. Өмір бойы!

-        Сосын?

-        Сосын
тағы бір ұл. Тағы бір ұл!

-        Тапқан
екенсің. Мұндағы жұрт оқуын күніне он қайтара ойлап,
күйзеліп жүрсе, - деді Балайым бәсең үнмен.

-        Қарап
жатып қайдағы жоқты айтатының не? Ден сау
болса, оқу қашар деймісің. Ертелі-кеш әйтеуір бір бітірерсің.

        Әбдібектің басалқы
уәжіне Балайым жөпелдемеде жауап қата алмады. Іштей бір түйгені - «жаңа
екіқабат екенімді естігенде
қуанды-ау» болды. Сосынғы бір ойлағаны - «жақсы ниет үстінде реніштің керегі
не?». Сосын:

-        Жаным,
- деді. - Бәрін де менен артық білесің ғой. Несіне
айта берем. Бір мәнісі болар да.

Сосын:

-        Жаңындасаңшы, - деді тағы да.
- Кешке дейін тіптен сағынып қалам.

Сосын:

-        Әбден ішім пысып кетеді. Аядай
бөлмеде жалғыздан-жалғыз қашанғы отыра берерсің, - деді.

-        Күйеуін асыға күткен
келіншектің зеріккеніне сенбеймін, - деді Әбдібек мырс етіп.

        Ол жауап қатқан жоқ.
Әбдібектің құшағында балбырап, үн-түнсіз жата берді.

 

IX

        Қыздар жағы жұмыстан қайтып, Балайымдардың
институтында жаңа оқу жылы басталғалы жатқан. Қызметтен кешірек оралған Әбдібек табалдырықтан аттасымен
кәдуілгісіндей асыға-аптыға төрдегі диванға кеп

сылқ ете түсті. Қабағы түсіңкі
екен - әрі-бері ештеңе дей қоймаған.

Аздан соң:

-        Қолыңды
жусайшы. Ac әзір, - деді Балайым.

-        Соған
зауқым жоқ.

-        Heгe?

-        Жұмыс бастан асып кетті. Әбден
шаршаппын.

-        Бастықтарың
«үйіңде дастарқанға жолама» демеген шығар.
Оның үстіне бір мезгіл менің көңіліме де қарасаң қайтеді.

-        Ойпырай,
күні бойы ерігіп отырасың-отырасың да, кешкісін
мені қажай бастайсың.

-        Дәл
таптың... Соны білгеніңе де шүкірлік.

-        Бір
мезгіл құлаққа тыныштық
берші.

        Енді екеуі де үнсіз
қалған. Әлі отыр, әлі отыр. Бір мезгілде
Балайым:

-        Бізде
оқу басталғалы жатыр. Менің отырысым болса мынау. He айтасың?- деген.

-        He
айтушы ем.

       Әбдібек әйелін жаңа
көргендей бажырайыпты да қалыпты.

        Аяғы ауырлаған сайын
Балайымның беті секпіл басып, маңдайына
да қисық сызықтар қаптап кеткен екен. Осы отырысында
сөзі де, қимылы да бір түрлі епетейсіз, ерсі көрінеді.

-        He
дейтіні бар, бір жылға демалыс алмасаң болмас, - деді Әбдібек әлден уақыттан соң.

-        Оған
институттағылар көне қойса.

-        He
бопты. Жағдаятыңды айтасың да.

          Балайым осы сәт іштей
тарығып қалғандай болды. Әлгі әңгіме үстінде күйеуінен жылы-жылы сүйеу сөз
естуге құштар-ақ еді. Әбдібектің жібитін түрі жоқ. «Сонда бұл қалай болғаны. Күн өткен сайын кіржіңі көбейіп барады. Осы үйге қонып кетуге ғана келетін сияқты.
Соның өзін міндет қып төбемді тесіп
жібере жаздайды. Менің мына «әрі
тарт, бері тарт» халім оны тіпті ойландырмайды-ау. «Үйлендім - іс бітті» дей ме екен, сонда. Әлде шынымен-ақ
осы ошақтың басына қарауыл ғып отырғызып қоймақшы ма? He ойы бар
өзінің. Әбден діңкемді құртты ғой. Бүйткен өмірі бар болсын...».

         Балайымның жан-дүниесі алай-түлей
боп, әр ойға бір кетіп отыр. «Әнеугүні Әбдібектің «түскіліктегі ресторанның
тамағына үйреніп қалыппын», дегені несі екен деп бір тарығады. «Кейінгі кезде
үсті-басын үпілегеннен басқаны білмей отырып, сөйлесу дегенді мүлдем ұмытты. Бірдеңе
десең - дүңк ете қалады...».

           Іштейгі көп реніш атойлап
кеп көмейіне кептеліп қалғандай. Сәл босаң тартса, көз жасы қоса
шаппақшы. Бұл өзі не боп барады», деп күйінеді. - «Өз
үйінен өзі жери бастағаны ма?».

          Әрі-беріден соң
көңілдегісінің бәрін ақтарып салмақ боп оқталып еді, әттең, бір түрлі бата
алмады. Бата алмаған емес-ау, қазір жәйімен сөйлесуге жағдайы келмейтін тәрізді.
Ал, шапылдай жөнелуді ұят
көрді. Түптен ұят

көрмегеннің өзінде де шапылдай
алмас еді. Бойға біткен мінезі шіркін
оған жібере ме. Осы
дәрменсіздігіне ыза боп, іштей күйіп кете жаздаған Балайым.

          Үй ішін лезде жайлап алған
мылқау тыныштық зілбатпан боп төбеден төніп тұрғандай. Онсыз да үш-төрт кісі
жиналса, бұрыла алмайтын тар бөлме одан сайын кішірейіп кеткен төрізді. Кеуде
кере тыныс алудың өзі күшке түсетіндей.

         Екеуі кезек-кезек күрсінді.

        Балайым бір кезде орнынан әрең
көтеріліп, төсек сала бастады. Жаңа есіне түсті ме, әлде әдейі буып-түйіп
отырды ма, кім білсін, әйтеуір Әбдібек жатарда:

-        Ұмытып барады екем, біздегі
бір цех бастығы ертең қонаққа шақырды, - деген.

        Маналы бері іштей
алай-түлей болып жүрген Балайым:

-        Өзің
барасың да. Танымайтын үйге мына түріммен сүйретілмей-ақ
қояйын, - деді. Айтарын айтса да: «Әбдібек
әлі де қолқалайтын шығар» дейтін назды үміт көңіл
түкпірінде мен мұндалап-ақ тұрған. Әттең, Әбдібек:

-        Рас-ау,
ұят болар, - деді.

-        Жай-жағдаятымызды
айтарсың. Түсінер де.

-        Қой,
- деп Әбдібек ыршып түсті. - Екеуіміздің бірдей
бармағанымыз...

-        Сонда
сабаудай боп өзің кете бермекпісің?

-        Енді
қайтем. Бармауға болмайтын сияқты. Өкпелейді ғой. Көптен сыр мінез кісілер болса, бір сәрі. Енді шүйіркелесіп келе жатқанда үрке
жөнелгеніміз ретсіз шығар.

-        Әйелім
келе алмайды деп айтып па ең?

-        Ештеңе
дегем жоқ. Сенің жағдаятыңды көлденең тартсам
- «менсінбей сылтау іздеп отыр» деп ойлап қалуы да кәдік қой. Көпшілікпен жаңа араласа бастағанда өйтіп кердеңдеудің қажеті не?

Әбдібектің мына жіптіктей сөзіне
бір жағы уәж таба алмай, бір жағы күйіп-пісіп Балайым теріс
айналып, жастықтарды епетейсіз сілкілей берген.

-        Көп
отырмаспын. Әлгі ақ көйлегімді өтектеп қойып па ең?

         Балайым жауап қатқан
жоқ. «Дайын екенін біледі, несіне сұрайды екен?» деп ойлаған. Әрлі-берлі қипақтағансып,
әрлі-берлі не дерін білмегенсіп, жәйсіздеу отырған Әбдібек сәлден соң апыл-ғұпыл
шешінді де, теріс карап жата кетті. Балайым қапелімде әбіржіп қалды. Іштей
қаншалықты ренішті болса да, күйеуінен дәл мынандай теріс қабақ күтпеп еді.

       Ол шамды өшіріп, Әбдібектің
аяқ жағына кеп отырды. «Шынымен-ақ үндесем бе екен? Бірдеңе десе қайтеді?..». Түн
қараңғылығы түрлі ойларға жетелейді. Соның ішінде әсіресе, оқу жәйі өзгеше
қинайтын тәрізді. Екі оттың ортасында қалғандай ма, қалай? «Ертең институтқа
барып қайтпасам» деп мықтап бір түйді. «Қыздарға жолығайын, не ақыл қосар
екен?». Артынша: «Несіне барам, Әбдібекті жамандағанда не әбүйір табам» деп
тағы

қобалжыды. Сосын барып: «Ау,
осының бәрін баяғыда неге ғана
ойламадым» деп күйіп-піседі. Сосын барып: «Ойлағанда
не, ойламағанда не, енді оны қайтсең де қайтара алмайсың», - деп өз-өзін жұбатқансиды.

        Әбдібек сол теріс қараған
күйі әп-сәтте ұйықтап қалған
сықылды. Көрпені тас бүркеніп алған. Қыбыр етпейді. Енді өстіп қараңғы үйде шошайып отыра берсе, елегзитінін біледі. Қанша берік болса да, одан әрі көз
жасын тоқтата алмас. Сонда «қой,
жатайыншы», деп күйеуінің
жанына ақырын қисая кетті. Біреу
кеудесіне шоқ тастағандай күйіп барады.
Мұндай халді бұрын-соңды басынан кешірмеген ол ақыры шыдай алмады - ұзын кірпік арасынан ып-ыстық тамшылар
жосыла жөнелген.

        Қараңғылық әбден тұтасып алғандай. Төбеден төніп тұр. Түк көрсетпейді. Енді көз жасын тоқтата алсайшы. Ағыл-тегіл алды да кетті. Сөйтіп жатып: «Әбдібек оянар ма екен, оянса қайтеді» деп үміттенеді.

X

Таңертең жаңа костюмін, ақ
көйлегін киіп, мұп-мұздай болып алған Әбдібек:

-        Мен
келгенше ұйықтап қалма. Түн
ішінде есікті тоқпақтап жүрмейін, -
деген жайбарақат. Балайым бүгін институтқа
бармақшы екенін, қыздарға жолығатынын айтып,
өзінше әрі-бері ақылдаспақшы еді, күйеуінің мына сөзінен кейін райынан тез қайтты. Тек:

-        Жалғыздан-жалғыз
қалай ұйқы келеді. Жұрттың бәрін өзіңдей көресің-ау, - деген зілсіз ғана.

-        Өй,
жұрттың бәрі мендей болса, -
деп ол асығыс бұрыла берді.

-        Сенің
арқаңда міне, отырмыз ғой, төрт жағымыз - Құбыла...

        Әбдібек шығып кеткен
соң, Балайым тағы да қатты тарығып
қалды. Сол-ақ екен, оны қилы-қилы ойлар қаумалаған. Қарап отырса, қосылғалы бері екеуі оншалықты қатты
сөзге келмеген тәрізді. Содан да болар, кеше кешкіліктегі Әбдібектің теріс қарап, тоңтеріс жатып қалғаны -
шаншудай қадалған. «Оншалық қыңыраятын жөні жоқ
қой» деп күрсінеді. «Бір сәткі қабақ шытқанымды да көтере алмады ма
екен. Ер адам кешірімді келмеуші ме еді».

         Ол әрі отырды, бері
отырды. Әрі ойлады, бері ойлады. Содан шешесінің бір аманаты есіне түскен: «Күйеуіңнің қалт еткенінің
бәрін жіпке тізе берме. Ер адам кейде артық айтар, кейде кем айтар. Кейде ерте келер,
кейде кеш ке-

лер. Кешірімді бол. Оттың басының
тыныштығы ең алдымен саған байланысты. «Кең болсаң - кем болмайсың», деген ғой бұрынғылар. Әйелдің қытымыр атанғаны
- құрығаны...». Балайым
осының бәрін іштей тағы қайталап
шықты. Қайталап шыққаны - бірте-бірте осының ыңғайына көше бастағаны ма? Солай
шығар. Өйткені, еңді оны өзге бір ой
жетектеп бара жатқандай еді.

        Әбдібектің кеше
кешкілік шешіп тастаған көйлегін шылапшындағы
суға салып жатып: «Оған да оңай деймісің?
Көрмеген жердің ой-шұңқыры
көп дегендей, жауапты қызметке жаңа
ғана кірісті. Оңды-солын әбден танып
алғанша қиын да шығар. Ендеше, қылт еткеннен кілтипан іздеудің қаншалық қажеті бар? Иә, аты-жөні жоқ шытынай бергенім ұят екен-ау, қойшы, ден сау болсын» деп өзі-өзінен басылып қалған.

        Көйлекті жуып болған
соң: «Әй, бүйтіп тырнақ арасынан кір іздей бергенде не бітеді? Аманшылық болса,
бәрі бірте-бірте орнына келер де»
деген тағы да.

      Сол бойы сыртқа шығып
еді, күн арқан бойы көтеріліп қалған
екен. Айнала таңғы ауамен құшырлана
тыныстағандай - елтіп тұр.
Сарғайған ағаш жапырақтары аяқ астында аткөпір боп жатыр, - кәдімгі қоңыржай
күздің батсайы шымылдық ішіндегі
сәті. «Сары бояудың өзі қалай-қалай
баурайды» деп тамсанды.

         Әрлі-беріден кейін
былтыр жаз астық жинауға барғандарын есіне алған. Қандай қызықты күндер еді. Таң алагеуімнен түн ортасына
дейінгі қырмандағы думан көз алдынан кетпейді. Дән тиеген
машиналар үсті-үстіне

кеп, әбден қалжыраған сәттері мұздай судан бір жұтып ап,
қалың шөптің үстіне құлай кеткеннің өзі - бір дастан-тын. Алпақ шелектің ішіндегі мөп-мөлдір судай жәудіреген
аспанға қарап, тәтті ойға шомып жатқанда, әзілкеш құрбыларының біреуі білдірмей кеп, көйлегінің ашық өңіріне бір уыс бидайды
құйып жіберер еді.

-        Бұ қайсың тағы да, - деп жалт
қарағанда әлгі баданадай-баданадай
дән біткен жан-жақтан қытықтай жөнелетін.

Сол екі ортада:

-        Қозғалма,
дән төгіледі, - деп екі-үш қыз шу ете қалады.
Шу ете қалады да, Балайымды көтеріп ала жөнеледі.
Ар жағы белгілі - жал-жал боп үйілген астықтың шетіне жете бере сілкілей
бастайды.

-        Мына
қыздар қайтеді-ей, - деп кеңк-кеңк күлетін қырманбасы
темекі түтініне әбден ысталып біткен ұзын мұртын сипалап тұрып. Сосын:

-        Қашан
көрсем де, түртпектейтіндерің - Балайым. Момын болған соң басынып алғансыңдар-ау, - дер еді.

-        Ол - момын емес, - тағы да шу
ете қалатын қыздар. - Момынды тапқан екенсіз...

-        Онда көмпіс шығар. Бір айдан
бері қанша түрткілесеңдер де қабақ шытқанын көргенім жоқ, - дейді қырманбасы.

-        Бәрі де сіздің қамыңыз. Міне,
Балайымды ширықтырып алдық. Енді түн ортасына дейін оның қолынан күрек
түспейді.

-        Сендерге дауа жоқ екен, - деп
қырманбасы бұрылып жүре береді.

-        Ағай, тоқтай тұрыңыз, -
дейтін қыздардың біреуі. Онсыз да «бұ пәлелерден енді оңайлықпен құтыла
алмаспын» деп қауіптеніп бара жатқан қырманбасы қалт тұра қалады.

-        Агроном балаңызды қашан
үйлендіресіз? Ерні тілім-тілім боп, жүнжіп бітіпті ғой, байғұс...

-        Соның
уайымы саған батып бара ме-ей?

-        Жоға,
мені қайтсін. Алда-жалда біреуге құда
түсу ойыңызда болса, Балайымнан артық
келін таппайсыз. Көрік десеңіз көркі
бар. Мінезге боса-болмаса бай...

-        Оны
өзім де білем, - дейді қырманбасы
Балайымнан көз алмай тұрып.

-        Онда
той жақын екен де.

-        Сендерге
дауа жоқ шығар.

-        Жетісіп
қапсыңдар. Әкелеріңдей кісімен сонша әзілдесесіңдер,
- дер еді сонда Балайым.

- Болашақ атасына жаны ашып
жатқанын қарашы. Қыран-топан күлкі
қырманды көтеріп кете жаздайтын. Осының бәрі талай айтылса да, қайталанған
сайын қыздарға да тосын қызықтай көрінетін-ді...

         Балайым зілдей ғып бір
күрсінгенін байқамай да қалған еді. «Биыл міне, ала жаздай үй күзеттім» деп
ойлады. «Бас аяғы төрт-бес айдың ішінде талай халді бастан кешіріппін-ау».
Сосын өз-өзінен ақталғандай боп: «Ерте ме, кеш пе әйтеуір бас екеу болмай көңіл
тыншымас еді», - деген.

          Бірдеңеге қобалжыса болды,
оған жеңсік бермейтін уәж таба қоятын қашаннан әдеті Балайымның. Оның осы мінезіне
қанық құрбылары: «Ең құрығанда тастай қатып ашулана да алмайсың» дейтін. Міне,
қазір де ұяң

таңертеңгіліктің үлбіреген шуағына көңіліндегі бар кірбің атаулыны жығып
беріп: «Несі бар, аман-есен аяқтанып алсам, оқуымды келер жылы-ақ
жалғастырармын» деп ойлады. «Әйтеуір, Әбдібек осы қызметіне мықтап орнығып
кетсе, менің кешеуілдеуім мін емес қой».

          Бір сәттері киініп алып,
қыдырмақшы да болды. Түу, қалаға шықпағаны да қашан! Бір ай бойы үйдің
жанындағы кішкентай азық-түлік дүкенінен әрі аспағаны-ау... Кенет күліп
жіберді. «Бәрі - өзімнен. Әйтпесе, «төрт» қабырғаның ортасында шошайып отыра
бер» деген кім бар? Қанша
оқталса да, қапелімде қайда барарын білмеді. Отырды-отырды да, ақыры түк
таппағасын кір жууға кіріскен.

          Бір бастаған соң Әбдібектің
бет орамалдарына шейін түгел жуып қойды. Сосын өзінің киімдерін жумақшы еді, сәлден
соң айнып қалды - «еш жаққа барып жатқаным жоқ. Несіне тақуалана берем».

         От басының тірлігі таусылушы
ма еді. Әрлі-берлі қаққыштап, сүрткіштеп жүргенде күн батқанын да байқамай
қалыпты. Ол тағы да есік алдына шығып, қақпаның жанындағы жатаған орындыққа
қайта кеп отырды. Алматы күзінің үйреншікті тымық кеші. Көше бойындағы
көл-көсір жапырақты әр жер-әр жерге төбе-төбе ғып үйіп, оған от қойған. Енді
сол төбешіктер жарыса бықсып, айналаның бәрін көк түтінге орап алыпты.

           Бұл қатарға үлкен қаланың
кеуде тұсындағы у-шуы еркін жете қоймайды. Айнала тым-тырыс. Тұңғиық аспанға көлбей көтерілген
түтін тізбегі тымық кешті онан сайын
қымтай түсетін тәрізді. «Жапырақты неге ғана жағады екен» деп күйінеді Балайым.
«Көрпедей болып жатқаны - қандай әдемі! Оны әншейінгі ыбырсық деуге кісінің аузы қалай барады?». Сосын:
«Оқыған кітаптарымның арасына
жапырақ біткенді қаттай беретінім бар-ау» деп ойлады. Іңір кезінде бір-екі кесе шай ұрттады да,
Әбдібектің

көйлектерін өтектеуге кіріскен.
Оны да лезде бітгі. Енді кітап
оқымақшы болып еді, зауқы соқпады. Содан үйреншікті
әдетінше радио хабарын селқос тыңдап отыра берген.
Сол отырғаннан Балайым түн ортасына дейін отырды. «Көп кешікпеспін» деген
Әбдібек әлі жоқ. Бір кездері «кездейсоқ
пәлеге ұрынып қалмаса игі
еді» деп үрейленген. «Бармай-ақ қой деп ем, көнді ме?».

        Әбден қалжырап
енді-енді қалғып бара жатқан-тын - сырттан
біреу есікті токылдата бастады. Селк ете қалған Балайым:

-        Бұ кім?- деді.

-        Кім
болушы еді, мен ғой, - деген Әбдібектің қарлыққан даусы шықты. Жүгіріп барып,
ілгекті ағытып қалғанда ар жақта есікке сүйеніп тұрған Әбдібек етпетінен құлай жаздады.

-        Жазған-ау,
саған не болған?

         Ол киімшең төсекке
сылқ етіп отыра кетті. Көзі қып-қызыл. Еріндері ісініп кеткен.

          Екеуі да үнсіз
қалды. Сәлден соң Балайымның үрейлі жүзіне
көзі түскен Әбдібек:

-        Ертерек
қайтайын десем, үй иесі жата-жабысып қоймады, - деді. - Бала-шағасымен аяулы
кісілер екен, көңілдерін қимағаным. Балайым терезеден сыртқа қарап еді,
таң атып қалған екен.

-        Сонда қалай, осы уақытқа
шейін отырдыңдар ма?

-        Е,
жоқ. Түн ортасынан ауа шыққам. Бір жөні түзу көлік кездеспей-ақ қойды. Содан
салпақтап жаяу жүре беріппін.

-        О-о,
жазған!

-        Енді
қайтейін. Ол үйге қайтып барудың ретін таппадым.

-        Алды-артыңа
қарамай іше бергенсің ғой.

-        Өздері
бір аяулы кісілер екен.

-        О,
жазған!

         Әбдібек алқа-салқасы
шығып, қалғып отыр. Балайым болса,
күні бойы, түні бойы жалғыздан-жалғыз әбден жалыққан.
Енді дәмелі көңіл өкпе-назды жиып қойып, басқа
бір қисын іздейтіндей.

-        «Қорыққанға
қос көрінеді» деген ып-рас екен. Түні бойы
елегізіп, сұп-суық бір
үрейден құтыла алсамшы.

-        Әбден
сілем қатыпты, - деп міңгірлейді Әбдібек. Лезде көңілі орталанып қалған Балайым: «Сорың құрғырдың соншалықты іше
бергені несі, - деп ойлады. - Бүгін қызметіне бара алса жарар еді» деген.

 

XI

          Төсектен әрең-әрең тұрған Әбдібек апыл-ғұпыл киінді де, шайға да қарамастан асығыс шығып кетті. Балайым оған жас балаша жәутең-жәутең қараған күйі
үнсіз қала берген. «Жазған-ау,
бір-екі кесе ыстық су ұрттасаң
етті» демекші еді, тіптен үлгере
алмай қалды.

Әбдібек ауыр күрсінді.

           Ауыр күрсінгені -
кешегі меймандыққа барғанын ойлап отыр. Бәрі де көз алдында. Табалдырықтан әп
деп аттасымен үй иесі
дағарадай-дағарадай бес бөлмені түгел аралатқан.
Меймандар бел жазып отыратын жәйі
- бір

бөлек, одан әрі қонақасы беретін
жәйі - бір бөлек, одан әрі отағасының
кабинеті, одан әрі балалардың жәйі, одан әргісі
- оңаша жәйі. Жиһаздары - қыздың жасауындай. Бірақ артық-ауыс тұрған бірде-бір бұйым жоқ. Түгелімен  орын-орнында. «Бұған жету үшін бізге көп жыл
керек шығар», деп ойлаған Әбдібек.

          Сол екі ортада ас үйден
отағасының бәйбішесі шыға келген. Енді-енді тола бастаған дөңгелек жүзді, пісте
мұрын, қара торы кісі екен.

-        Папасы-ау, аузыңнан
тастамайтын інінді таныстырсаң қайтеді. Маналы бері күттім, күттім.

-        Сәлеметсіз бе, апай, - деді
Әбдібек.

-        Жеңеше десейші, - деді
отағасы.

-        Мұндай жас жігіттердің «апай»
деп сызылмай-ақ жеңеше деп жылы ұшырағанына не жетсін, - деп бәйбіше аузына
дейін әдемі қаланған алтын тістерін бір көрсетіп қойды.

-        Сені мақтап жүрсін деп үйді
түгел аралатып шықтым, - деген отағасы.

-        Енді
қолымыздан дәм татсын. Арғы жағын өзі білер де.

-        Бұ
жеңгең майда сөйлеуге келгенде алдына жан салмайды өстіп, - деп отағасы әлгі
бой жазып отыратын бөлмеге қарай бұрыла берген.

-        Папасы-ау,
менің майда сөйлегенімнен не жамандық көрдің?

-        Жамандық
көрсем, айтам ба?

-        Бәсе,
сөйдесейші.

         Әбдібек отағасының
бәйбішесіне тағы бір қарап: «Сөзімен-ақ сылап-сипап, сөзімен-ақ тойғызатын осындай
әйелді жұрт қайдан тауып ала береді, - деп ойлаған. - Жасы жер ортаға келсе де
жұтынып тұр».

          Бір топ үлкен кісілерді
шақырған екен. Көп кешікпей түгел жиналды. Сыпайы амандасқаны болмаса, олардың арасында
Әбдібек өзін жетім қозыдай сезініп, бірте-бірте шеттей берген. Үй иесі қанша
икемдегенмен жарасты мәслихаттың жігін тауып қосылу оңай болмады. «Араласып-құраласып,
барысып-келісіп жүрмегесін осы да», деп әлденеше күйінген ол кеш бойы.

        Әбдібек тағы ауыр күрсінді.

        Ұйқысы қанбаған, оның үстіне
кешегі ішкіліктен болса керек, басы солқылдап алып барады. Қас қылғандай ескі автобустың
артқы орындығына тап болар ма? Күйген май иісі күлімсіп жүрегі айныды. Әйтеуір,
айнала жұрттан ұялғанынан зорға дегенде отыр. Тіптен қиналған сәттері мана ащы
шай ішіп, әлденіп алмағанына өкінді. Өкіне отырып, бір жағы - Балайымның күйбең
сөзінен ертерек құтылғанын да жөн көрді.

       Балайым демекші, кейінгі
кездері Әбдібек өз үйіне өзі қонақ сияқты. Келеді - кетеді. Әйтеуір,
амалдың жоқтығынан әупірімдеп жүргендей. Әйтпесе... Әйтпесе дегенмен, одан арғы
жағын Әбдібек толық түсініп болған жоқ. Бір көңілден кетпейтіні - тауықтың кетегіндей кішкентай бөлме де,
қолына ілінгенін кие салып, олпы-солпы жүретін Балайым да күн санап алыстап
бара жатқан тәрізді.

        Баяғыда танысқан кездері,
одан бергіде - талай қол ұстасып қыдырған кездері, тіпті одан бергі -
үйленгеннен кейінгі алғашқы күндері Балайымның үріп ауызға салғандай ұяңдығы
Әбдібекке ала бөтен ұнайтын-ды. Әсіресе, оның төмен қарап, күліп тұратын
жібектей жұмсақтығын бәрінен де артық көретін еді. Енді келе-келе оның сол
үнсіз «сен білесіңі» мезі ғып жібергендей. Үйіне барса болды - біреу әдейі қамап қойғандай аяқ

астынан ашу қыса бастайды. Қанша
ашу қысса да Балайымға дүрсе қоя берудің тағы есебін таппайды. Сөйтіп іштей күйіп-пісіп отырады-отырады да,
әбден қалжырап барып сабасына түседі.

        Содан бір кездерде «бұ не тіршілік» деп өзінше ойға қалады. Өйтіп ойға қалса болды, Балайым
көз алдынан кетпей қояды. Сонда: «Ау,
бұның не?- деп еді оған Әбдібек іштей күйзеліп. - Лезде өзгеріп
кеткенің. Баяғыда құпиясы таусылмайтын майда жібек
қылығымен де, әдемі-әдемі сөзімен де,
сыңғырлаған күлкісі, жапырақ сыбдырындай
жүріс-тұрысымен де ертелі-кеш
тәнті ғып отыратын келіншегім болса деп армандайтын
ем ғой».

         Автобустан түсіп,
кеңсеге келгенше қиналумен болды. Айналып келіп күбірлейтіні «қателесті деген
осы да». Шіркін-ай, қазір
ойындағысының бәрін біреуге лақ еткізіп, ақтара салар ма еді...

          Кабинетіне кеп отырған соң,
нән графиндегі мұздай суды сімірді-ай кеп. Сол-ақ екен, көзінің алды бусанып, бойы
сәл-пәл жеңілдегендей болған. Сол-ақ екен, осындайда бүкпесіз сыр айтып
отыратын жақын біреудің жоқтығына өкінді. «Бүйткенше, баяғыда ауылға тартып кетпеген
екем, - деп ойлады. - Осы күнге шейін етек-жеңімді жиып, кеуде қатарына қосылып
қалатын ек».

         Сәлден кейін тағы басы
солқылдап ала жөнелді. Жаңағы мұздай су да кілкіп тұрып қалғандай - жүрегі
айнып, құлағы шыңылдайды. Әбден қиналған соң директордан бүгінге мұрсат сұрамақшы
боп бір оқталды. Артынша ойда жоқ жерде осыншалық босаңсуының мән-жайын үлкен кісінің
біліп қоятынын ойлады. «Сезіп қалса, ұят болар».

         Өстіп әрі-сәрі отырғанда
есепші Жамал кіріп келді. Шымқай қызыл көйлек киген екен. Дөңгелек жүзі де алаулап
тұрғандай көрінді.

-        Өткендегі шаруаны ұмытқан
жоқсыз ба?

-        Отырсаңшы.

-        Бастықтың кабинетінде көп
кідіре беруден қаймығамыз кейде, - деген Жамал шеткі орындықтың біреуін ыңғайлай
беріп.

         Әбдібек манағы су сімірген
сәттегідей аз-кем көтеріліп қалды. Жамал демекші, осы келіншек кейінгі кездері
Әбдібекті көп айналсоқтайтын боп кетті. Орайын тапса, әзілден де қашпайды.
Орайын тапса, жай-күй сұрап, іш тартып та қоятыны бар.

        Әнеугүні түске жақын Әбдібек
жақын маңдағы асханалардың біріне барып, түстенгелі отыр еді, дәп өстіп Жамал
кіріп келген. Шаруа жайын әңгімелесіп болған соң кенеттен:

-        Байқап жүрмін, түс кезінде
үйіңізге бармайды екенсіз. Асханада ылғи кезекте тұрғанша, кей-кейде осында-ақ
шай ішуге болар, - деген. Қапелімде не айтарын білмеген Әбдібек:

-        Сіз шайға шақырсаңыз, одан
артық маған ешбір қажеті жоқ, - деп әзіл айтқан.

-        Шынында, біз күнделік бір
мезгіл шай ішеміз, келіп тұрыңыз, - деді Жамал жаңағы әзілге онша малданбаған сыңай
танытып.

        Сонымен, Әбдібек түсте көбіне
бухгалтериядағылармен бірге шай ішетін болған. Ол сәттері бұған тиетін кесе
біткеннің бәрі Жамалдың қолынан өтер еді. Сондағы оның дес бермес кербездігі,
ылғи да құпия сырдай көрінетін әдемі күлкісі Әбдібекті талай әбігерге түсірген.
Кейінгі күндерде Жамалды көрсе болды, бір жағы - қуанып қалады, бір жағы -
қиналады. Тіптен сондай бір сәтте Жамал мен Балайымды ойша қатар отырғызып, екеуіне
кезек-кезек тесіле қарағаны да бар. Сүйріктей саусақтарындағы жүзіктері
жарқырап, құпия күлімсірей кесе ұсынған Жамал. Үстіндегі шыт көйлегінің жағасы мыж-мыж,
көзі кіртиіп, әрең отырған Балайым.

        Жамал шығып кетті. Әбдібек
маңдайының терін сүртті. Сосын көңілі қобалжып, орнынан тұрды. Сосын әлденеге
ашынғандай қайтадан креслоға сылқ ете түсті. «Бұ қалай сонда? Өстіп ілініп,
салынып жүре беру керек пе?». Сосын: «Сөйлеспесе болмас», деп ойлады. Бірақ
кіммен сөйлесерін буып-түймегені өз алдына, тіптен бажайламаған да еді. Әйтеуір,
бір білетіні - кейінгі кездері көңілі тоғаймай-ақ қойды. Ылғи көңіл орта болған
соң жоқ іздегендей жан-жағын қармана беретін сияқты. Ал, сонда не іздейтіні -
тағы беймәлім.

         Ол шойын жәшіктегі бір бума
қағазды алдына жайып салып еді, әр тұстан мен мұндалаған қалың цифр қаптап шыға
келді. Сол нөпірге қайта-қайта көз жүгірте беріп «Әлгі Жамалдың қайта-қайта
қадағалағаны қайсы еді, неде болса, содан бастайын» деп ойлаған.

        Кешкісін үйге келген соң
күндізгі бір дүдәмал ой жетеледі білем:

-        Балайым-ау, осы сен
үсті-басыңа қараудан қалып барасың. Жинақылау жүрсеңші, - деген Әбдібек.

          Балайым оны қаперіне де алмағандай.
Қаперіне алмағаны ғой:

-        Сенің осы тақуалығың-ақ
қалмады-ау. - Бар тапқаны - ертеден қара кешке дейін бой түзейтін кәрі қыз емеспін.
Оның үстіне екіқабат болсам, кім мін тағар екен, - деп күлген де қойған.

         Әбдібек не дерін білмеді. Co
сәт оның көз алдына Жамал кеп тұра қалған. Жанынан өтсе болды, жұпар леп есе жөнелетін
сырбаз келіншек қазір де бір жағы - наздана, бір жағы - қызғана қарайтын тәрізді.

         Бір күрсініп алды да,
қолындағы кесесін төңкере салды. Іштейгі күйзеліс пе, әлде тоңтеріс ой ма,
әйтеуір бір ауыр жүк иығынан түспей қойған Әбдібек артынша жатып қалған. Сол
жатқаннан таң саз бергенше жайсызданумен болған.

          Таңертең фабрикаға ертелеу
кеп, орнына отыра бергені сол еді, біреу есік қақты. Жамал екен.

-        Төрлетіңіз, - деген Әбдібек
басын көтерместен.

-        Сәлеметсіз
бе?

-        Немене,
мұнша ертелеп келгенің?

-        Есен-саулық
сұрауды қойған-ау, бұ жұрт.

-        Жақсымысың.

-        Енді
әлгі сұрауыңызға жауап беруге
болар. Сіздің өстіп ерте
келетініңізді кеше-ақ сезгем.

         Дәп қазір ол шынында
да Әбдібектің көңіліндегісінің бәрін
дәп танып отырған тәрізді. Тесіле қарағаны, сәл қабақ шытқаны, соны айтып тұр.

-        He
болған бұл, бүгін тағы өң-түс
жоқ қой өзіңде, - деді Жамал әлден
уақыттан кейін.

-        Шынымды
айтсам - ақтарыла сырласатын адам таппай отырмын.

-        Сіздей
жігіттің бүйтіп таусыла бергені тіпті жараспайды екен.

-        Жараспаса
қайтейін...

-        Кейде
бала сияқтысыз.

-        Маған
бес-алты ауыз жылы сөзіңді
қиямысың.

-        Ол
шипа болса, аянатын не бар. Дегенмен, отағасысын үйден көңілдендіріп аттандыра
алмаған әйеліңізге ренжіп
отырғанымды несіне жасырайын.

-        Ә-өй,
оны қайтесің.

-        Оттың
басынан жарастық кетті дегенше... Ол басымыздан өткен.

        Мына сөз Әбдібекке
инедей қадалды. Содан кешегі түн Балайымның
ебіл-дебіл боп отырып қисынсыз бірдеңелерді
айтқаны есіне түсті. Есіне түскен бойы тыжырынып қалған. Оның кірпік қаққанына
дейін бағып отырған Жамал.

-        Мұндайда басалқы бірдеңе айтудың өзі
қиын, - деген мұңайған пішінмен.

-        Жамал,
жаңа өзіңді көргенде қуанып қалғанымды байқаған
да шығарсың. Бүгін мен қилы-қилы халдемін.  Әттең, оңаша жерде болса,
көкейдегінің бәрін ақтарып-ақ салар ем. Әлі де бір реті келер. Түбінде
оны сенен басқа жанға айтпаспын да.

-        Несін
тықпыштай берейін. Осында алғаш келген күніңізден
бастап, сізді бір түрлі жақын тартып кеттім. Мұның өзі ұят та шығар, айыпқа бұйырмаңыз.

           Әбдібек не айтарын
білмеді.

XII

           Қыстың аяқ кезіңде Балайым
аман-есен босанып, ұл туды. Сол қуаныштың ертеңіне Әбдібек қызметке ерте келді.
Кеңседе жан жоқ екен. Әрі-бері ұмсынып көріп еді, жұмысқа қолы бармады. Сонан
соң тәуекел деп Жамалдың үйіне телефон соққан.

-        Қисынсыз мазалағаныма кешірім
өтінем, - деген Әбдібек. - Бүгін сондай бір жағдай боп тұрғаны.

-        Таң алакеуімде ешкім телефон
соқпаушы еді, - деді Жамал жұмбақтай сөйлеп. - Қалай батылыңыз барғанын.

-        Кеше біздің үйге бір жігіт
кеп, - дей беріп еді, Жамал түсіне қойды.

-        Құттықтаймын! Ұлыңыздың бауы
берік болсын! Жамалдың дауысы жарықшақтанып шыққанын Әбдібек анық сезді.
Дегенмен, ештеңе білмегенсіп:

-        Бүгін таң алагеуімде ояныппын.
Үйде бір өзім. Қиын екен, -
деген.

-        Әй,
еркектер-ай, сәл болса, өстесіздер. Әйтпесе мен сияқтылардың шықпай жүрген жаны.

-        Ондай
беріктік бізге бұйырмаған
ғой.

       Әбдібектің ойына
Жамалдың жалғыздығы түсті. Күйеуімен
ажырасқанына екі жыл болғанын, төрт бөлмелі үлкен үйде өзі ғана тұратынын сырт
адамдардан естіген. Әзірге білетіні - осы. Арғы жағын қазбалап сұрамаған.
Сұраса болды, тұнығы лайланатындай көрінеді. Әлі күн-

ге Жамал да жартымды ештеңе дей қойған жоқ.

-        Heгe үндемей қалдыңыз?- деді
Жамал.

-        Қызметке ертерек келсеңші.

-        Шынымен-ақ жалғызсырағаннан
саумысыз?!

-        Ертерек келші.

-        Кей жұрттың көзінен де,
сөзінен де қорқам.

-        Ол мәреден өтіп кеткен
сияқтымыз.

-        Қай-дам,
- деді Жамал.

-        Күтем,
- деген Әбдібек сол екі ортада.

         Жамал, «қойшы, несіне пәлденем» деп әлгі
қызыл көйлегін киді де, асығыс үйден
шықты. Жолай оның ойы әр қиырды бір шарлады. Көңілінде
иірім-иірім боп, көп толғаныс жатты.
Сол иірімдер үйіріліп келіп Әбдібектің

айналасынан шықпайтын тәрізді:
«Ол ұлды боп, қуанышы қойнына
сыймай отыр. Сонда қалай? Дәп қазір мені іздегені...
Өйткен күнде әншейін-ақ арагідік көңіл көтеретін
құпия-қосақ болғаным ба?».

         Кеңседе екеуінен
басқа ешкім жоқ. Аядай кабинеттегі жалғыз
терезенің алдында Жамал тұр.
Әбдібек бір шетте, одан көз алмайды,

-        Ал,
сүйіншіге не сұрайсыз? - деді
Жамал.

        Әбдібек оның жанына
жетіп барды. Жетіп барды да, қолынан ұстай алды:

-        Heгe мүнша көңілсізсің? Менімен бірге
қуанады деп жүрсем.

        Жамал жалт беріп,
кабинеттен жүгіре шығып кетті. Co бойы
көз жасына булығып, орнына әрең
жеткен.

 

XIII

 

         Сол күні Жамал түс
кезінде дүкенге барып, жас нәрестеге, Балайымға толып жатқан сауқат алды да,
ешкімге айтпастан қаланың шетіндегі
әйелдер босанатын үйге тартты. Жол бойы екі ұдай ойдан арыла алмай-ақ қойды.

       «Менің жайымды қайдан білсін»
деп бір толқиды. «Нәрестенің не айыбы бар» деп тағы толқиды. «Рас, Әбдібектің
жөні бір басқа...». Есік алдына жеткенде жүрегі дүрс-дүрс соқты. «Осы босағадан
мен де бір күн аттар ма екенмін» деп күбірлегенін біреу-міреу естіп қоймады ма
дегендей, жан-жа-

ғына жалтақ-жалтақ қарады.

         Әкелген сауқаттарының
бәрін әшекейлі кәрзеңкеге салып, бір
жапырақ қағазға асығыс хат жазды.

«Балайым!

Аман-есен босанып, ана
болғаныңмен құттықтаймыз!
Екеуіңе де мықты денсаулық, бақыт
тілейміз!

Әбдібек қызмет істейтін коллектив
атынан Жамал!»

           Сауқат таситын
кемпір көп ұзамай жауап хатты
да әкеп берген.

          «Жамал апай!
Сіздерге көп-көп рақмет! Екеуіміз де жақсымыз. Енді екі-үш күнде үйге қайтатын шығармыз. Әбдібекке айтарсыз, бүгін жолығып кетсін.

Б а л а й ы м!»

       Қайтып келе жатып, «өзінен үлкен
екенімді қайдан біледі», деп ойлаған.
Сосын «әлдеқандай болуын қарашы» деп бір қойды. «Әбдібекке айтарсыз, бүгін
жолығып кетсін» дейді, ә.

 

XIV

 

          Жаздың аяқ кезі,
бала алты айлық болған кезде Балайым тағы ойға қалды. Сосын бір күні Әбдібекке:

          Сезіп жүрсің бе?-
деген.

-        Шамасы
аяғың ауырлай бастаған білем.

-        Иә.

-        Е,
несі бар, бір-біріне серік болар.

-        Оқуымды
қайтемін?

         Әбдібек ызыңдап мазаны алған
шыбынды қағып тастағандай:

-        Co
да сөз боп па? Бір реті келер, - дей салды тағы да. Онсыз да тығылып отырған Балайым:

-        Зәуімде
бір жолыға қалған көңілжықпас жамағайын сияқты
бер жағыңмен жұбатқансығаның - қай тапқаның. Осы үйдің отағасысың. Біздің жайымызды да бірауық ойласаң
қайтеді, - деген.

-        Несіне түрткілей бересің, -
деген Әбдібек жайбарақат.

-        Институттан шығарып жіберуі
де кәдік.

-        Шығара
алмайды. Ол - бір. Екіншіден, мына баланы кім қарайды, соны ойладың ба?

         Балайым бұл жолы да
жартымды уәж таба алмай, көкірегіндегі
күйініші қыж-қыж қайнап, төмен қараған күйі
үнсіз қала берген.

 

XV

 

          Балайым оқудан біржола
қол үзді. Екі жыл үйден ұзап шықпаған соң ба, енді анау-мынауға
елеңдеуді де қойған. Бар білетіні - екі баласына қарау. Сосын үй ішінің таусылмайтын күйбеңі. Кей-кейдегі
Әбдібектің реніші де, кей-кейдегі
оның кешігіп келетіні де, ішіп келетіні де әбден
үйреншікті болып кеткен.

          Баяғыда оның бәрін
ойлай-ойлай әбден таусылып біткен. Әлгі бір күні-түні сыздап ауыратын
жараның аузы бұл күндері бітеліп, мүйіз боп қалғандай.
Мүйіз боп қалғаны ғой, зәуіммен бірдеңені аңсап, алабұртқан сәттерде де өз-өзін тежеуі оп-оңай. Содан болар, ілбіп өтіп жатқан қоңырқай күндерге біржола мойынсұнып алған сияқты.

          Олар баяғы аядай
бөлмеде екі жыл тұрған соң
жаңа пәтер алды. Үй кеңіп, қол ұзарған соң да Балайым оншалықты
селт ете қойған жоқ. Heгe
екені белгісіз, жұрт сияқты қызметке бару, әйтпесе, жүртпен
әмпей-жәмпей

араласу онша қызықтырмайтын
секілді. Әйтеуір, есікпе-есік екі көршісімен сіз-біз десіп тұрады. Сол екі үйдегі өзі қатарлы келіншектер жиі келіп-кетіп
жүреді. Кейде сырларын айтады. Соның бәрінде де Балайым ештеңеге елігіп

кете қоймайды. «Иә-иәмен» қала береді.

         Әнебір күні көрші
келіншектердің бірі әдейілеп үйіне шақырып,
меймандарымен таныстырып, «аз-кем көңіл көтеріп
отырайық» дегенде де оны
қонақтарының алдында ұялтқысы келмей бір сәтке ғана бөгелді. Соның өзіне әрең-әрең шыдаған.

-        Ал,
сау болыңдар, - деп асығыс кетіп бара жатқан Балайымға:

-        Осы
сенің ішің неге пыспайды?- деді көршісі күліп.

-        Балаларым
ше?- деген ол таңданған пішінмен.

 

XVI

 

         Айдың аяқ кезі
болатын. Кеңседе тез құнттайтын
шаруа көбейш кетті, Әбдібектер сенбі күні де қызметке келген. Әдетінше тағат
таба алмай, көрші бөлменің есігін ашып еді,
бухгалтериядағылар да түп-түгел екен - тойға жиналғандай-ақ шетінен өсем киініп алған. Әбдібектің амандасуы мұң екен, бәрі күлімсірей қарап
қалыпты. Тек Жамал ғана болмашы бас
изеген боп, бей-жай отыра берген.

         Кабинетіне келген соң
«Жамалдың мұнысы несі» деп ойлаған. «Әлде біреу-міреу бірдеңе деді ме
екен?». Сосын бір сәттері «әншейін,
көптің көзінше ұялғаны шығар»
деп өз-өзін жұбатқан болды.

         Әбдібек тиесілі
шаруасын асығыс оңтайлап боп, әрі-бері
Жамалды күтіп еді, келмеді. Өзі бухгалтерияға баруға именді. Бәрі қағаздан бас
алмай жатқанда - ұят қой. Қанша байыптанса да көңілі тыншымай қойды.
Қызыл

көйлегімен жарыса сұлу жүзі алаулап, Жамал қазір жүгіріп келетіндей, алаңдай берген. Алаңдап
отырып: «Бұ қалай өзі? Мазақ қылғаны ма?» деп ойлады.

        Әрі-беріден кейін үй
ішіне де бір соғып өткен. Әлгі бала
жылап Балайым түні бойы көз ілмеген. Манна таңертеңгілік
әбден шыдамы таусылған соң бір мезгіл жұбатпақшы боп, әуреленіп көріп еді, одан сайын шырылдап,
тіптен көнбей қойды. Содан:

-        Жағы
сенбейтін бұ не пәле өзі!-
деп төсегіне топ еткізіп жатқыза салған.

          Күн өткен сайын
Балайымнан да, балаларынан да бірте-бірте қашықтап бара жатқанын сезеді.
Кейінгі кездері ондай сәттерде дереу
Жамалды іздейтін боп жүр. Құлазыған
көңіліне сол ғана медеу бола алатындай. Міне, қазір де Жамалды көруге, онымен жылы-жылы
сөйлесіп, сыр ашуға ынтық боп отыр.
Сәті түссе, қатпар-қатпар әңгіменің
бар тізгінін бос жіберуге әбден бекініп алған.

 

XVII

 

          Түс қайта жұмыс бітті. Жұрт бір-бірлеп тарай бастады. Бухгалтериядағылардан ертерек
шыққан Әбдібек жақын көшенің қиылысына кеп аялдаған - Жамалды күтпекші. Ойы
әрі-сәрі. «Мені қайтесіз, әйеліңіздің екі көзі төрт боп отыр ғой, ертерек
барсаңызшы», деп өте шықса қайтем» деп те қиналады. Қинала тұрып - қимайды. «Өйтпейтін шығар. Өйтпеуге тиіс».

Әлден уақыттан кейін Жамал жанынан өте бергенде:

-        Сәл кідіре тұршы, - деген
ентіге.

-        Бір-бірімізді жаңа көргендей
қалт тұра қалғанша, жүр сөйлесейік те.

-        Анада бір «шақырғанмен
бармайтыныңызды білем», деп ең. Сол ықыласыңнан айнып қалған жоқпысың?

-        Айнымасам қайтеді.

-        Шақырғанға бармасаң -
шақыруға зар боларсың демеуші ме еді.

-        Оған зар болмай-ақ қойыңыз.

-        Heгe?

-        Шынымен-ақ қалауыңыз сол
болса, шақыруым қашпас. Бірақ бүгін болмайды.

-        Heгe?

-        Әзірленуім керек.

-        Маған қара су да жетеді.

-        Мен үшін ең қымбат мейман
екеніңізді ұмытпаңыз.

-        Сонда
да.

-        Жоқ,
болмайды. Ертең күтемін.

         Жамалдың «ертең
күтем» дегені Әбдібекке соншалық жылы
естілген. Co сөзді тағы естігісі кеп:

-        Күтесің
ғой, - деген балаша тақақтап.

-        Күтем,
- деді кенет ауыр күрсінген Жамал. Әбдібек сол
«күтем» деген сөзді құшақтап
қала берген. Жамал қызыл көйлегі
алаулап, жеңіл басып ұзап
барады.

         Әбдібек әлден соң
анадай жердегі қисық орындыққа отырып
алып, ұзақ керілді. Сосын
сағатына қарады. Үштен асып барады
екен. Сосын «әлгі Балайым жаңа костюмім мен
ақ көйлегімді өтектеп қойды ма екен» деп күбірледі. Сосын ертең Жамалдың үйіне мұп-мұздай киініп ап, гүл ұстап
баратынын ойлап, тағы да рахатгана керілген.

 

XVIII

 

            Кешкілік Әбдібек ертең Жамалдың үйіне
баратынын ойлап, көңілі өсіп, дүрдиіп жатқан-тын. Қазан-табақты жуып, сүртіп,
керекті киімнің бәрін

өтектеп, балаларын ұйықтатып болған соң, Балайым бір қиялмен күйеуінің
жанына кеп:

-        Мені күтіп жатырсың ба?- деп
еркелей еңкейе беріп еді, Әбдібек:

-        Осы сенің үсті-басыңнан
күлімсі бір иіс шығады. Жүректі айнытатын, -      деді қатқыл дауыспен.

        Біреу дәл төбесінен оңдырмай
қойып қалғандай Балайым сүйретіле, кейін қарай ысырыла берген. Сол сәт шыт
көйлегінің кір-кір өңіріне екі-үш ыстық тамшы үзіліп-үзіліп түсті...