ВЕРНУТЬСЯ

Сенім

   Ұлы
сенiм! Қонады ол таңдай елiн,

Сонымен өмiр сүрер талмай ерiң.

Қоймаңдағы сақтаулы
байлығыңдай,

Сенiм деген, шiркiн-ай, қандай едiң?

Сол байлықты ұрлатып
алмасам деп,

ұрлатып ап. . .
кедей боп қалмасам деп,

Үмiт пенен шаттықтан күзет қойып,

көмектес деп өлеңге
жармасам кеп.

Сенгiм келед тауға да, белеңге де,

Тайызға да, тұңғиық
тереңге де.

Кәдiмгiдей.
. .Шынымен сенгiм келед,

Осы өмiрдiң
мәнi бар дегенге де.      

Қар жауды

    Қар жауды тағы. Қар жауды қырға.

Жып-жылы жазды ойладық

Дала да, қыр да,өлең де, мұң да -

бәріміз қарға айналдық.

Желтоқсан деген жағалы қыстың,

Үскірік дауыс - зіл батпан.

Қар басқан қайың қағады үстін

Көктемді күтіп қыр жақтан.

Қаңтар-ау, еріп кетуге тұр шақ,

Ақ қарың - аппақ жүрегің.

Меңсіз далада аяз тұр жусап,

Ұстатпай жанға жүгенін.

Қараша ауыл ақ қарды кешіп,

Шыға алмай қыстан шақ тұрдың.

Қолдағы күрек ақпанды көсіп,

ауладан әрмен лақтырдың.

Балбал тастар

    Балбал тастар!

Кәрісің бе, жассың ба?

Жаңалыққа доссың ба, әлде, қассың ба?

Тасқа айналған адамсың ба сен, әлде,

Адам болып келе жатқан тассың ба?

Көрер күнің көп пе, әлде, аз-ақ па?

Өңіңдегі шаттық, әлде, азап па?

Жусандардың ұлты - қазақ,

білемін,

Ал сенің ше?

Сенің де ұлтың қазақ па?

Қазақсың ғой,

танып тұрмын сөзіңнен,

Тас кеудеңе ұлы тарих көз ілген.

Өзің тұрған мына аңыз далаға,

Қарайсың сен ғажап қазақ-сезіммен.

Балбал тастар,

мәнімізге мән қоса,

Бала кездегі суретім

   Алдымнан сан жол ашылды,

Уақыттың білдік құдыретін.

Көзіме оттай басылды,

Бала кездегі суретім.

Асаудай алға асыға,

өтеді жылдар. Өтер күн.

Жауқазын гүлдей ашыла,

Жәудіреп отыр екенмін.

Балалық күнім. Мерекем!

Төккендей бейне кестеге.

Жүзімде менің жоқ екен,

Бақыттан өзге ештеңе.

Шаттықтан сұлу шық тұнып,

Ертеңге деген сенім тұр.

Көзімде менің тұп-тұнық,

Мөлдірлік деген өмір тұр.

Пәктігіменен жасқап қап,

Тірлікке терең бойламай,

Бір арман тұрды асқақтап,

Страницы