ВЕРНУТЬСЯ

   Алдымнан сан жол ашылды,

Уақыттың білдік құдыретін.

Көзіме оттай басылды,

Бала кездегі суретім.

Асаудай алға асыға,

өтеді жылдар. Өтер күн.

Жауқазын гүлдей ашыла,

Жәудіреп отыр екенмін.

Балалық күнім. Мерекем!

Төккендей бейне кестеге.

Жүзімде менің жоқ екен,

Бақыттан өзге ештеңе.

Шаттықтан сұлу шық тұнып,

Ертеңге деген сенім тұр.

Көзімде менің тұп-тұнық,

Мөлдірлік деген өмір тұр.

Пәктігіменен жасқап қап,

Тірлікке терең бойламай,

Бір арман тұрды асқақтап,

Құлармын деп те ойламай.

Ойпыр-ай, мұнша тұнық па ең,

Көңілде мүлдем жоқ қылау.

Балалық ерке қылықпен,

Жылаудың өзі шаттық-ау.

Тұлымы толқи жүгіріп,

Самалмен ойнап, жүйіткіп.

Көрінген затқа сүрініп,

Құлаудың өзі биіктік.

Балалық күнім - Базарым!

Алаңсыз, ессіз жүгіретін.

Мөлдіретіп жанарын,

Алдыма тосты суретін.

Тірліктің парықн білген кім,

Атыңды бір сәт кері бұр.

Жоғалып қалған күндердің,

Көшірмесі еді бұл.

Қалдық біз солай кезігіп,

Бүлдіршін және мұңлық қыз.

Сағыныштан жүрек езіліп,

Қоштаса алмай тұрдық біз.