ВЕРНУТЬСЯ

     Бәйшешектер жиырма күн ғана өмiр 

сүредi
дейдi.

 

    Қыс таусылды. Қалды алыс
сары жiбек күз.

Ертең-ақ құлпырады
үлбiреп түз.

Келiп қалған көктемнен
зәресi ұшып,

Шатырдан құлап өлдi су
жүрек мұз.

Шуағына тәнті боп өрт
аспанның,

Ақ бұлақ таңдай қағып
қолпаштар мың.

Маужырап күн шуаққа жонын
тосар,

қартайған қу сүйегi жартастардың.

Көктем келдi көгiлдiр. Жылыды
бақ.

Тiршiлiкке жүгiрдi тiрi
бұлақ.

Кемiредi ақ күшiк
жоқшылықты,

қоғамның бiр бұрышына
тығылып ап.

Өттi-ау өмiр!

Тоқтамас ағыс мүлде,

қысқа ғұмыр қарайды алыс күнге.

Күлiп тұрып және де жылап  тұрып,

Бәйшешектер билейдi қар үстiнде.