ВЕРНУТЬСЯ

    Момын ауыл, Сағым ауыл керемет,

Әр таңына сенiм нәрiн себелеп.

Ескi көркiн ұзартады ескi ауыл,

Көшелерiн бiр-бiрiне шегелеп.

Сағынышпен күтiп сенi жанары,

ғажап сұлу бiр әнiне салады.

Бiздер жүрген көшелерiн бүтiндеп,

қағып-сiлкiп, қайта төсеп алады.

Ауыл менен қазақ деген - бiр ұғым,

түсiнер кiм қандайлығын құнының?

Қайран ауыл, бiр өзiңнен басталған,

өлең жайлы менiң тұңғыш ұғымым.

Мен ғана емес, күллi ақын ауылдан,

қас дарындар күмбiр күймен "ауырған".

Әншi, ғалым, қас батырлар мейiрiмдi,

жарты нанын аямайтын бауырдан.

Ауыл менен дарын деген бiр есiм,

солар барда шаттанасың, күлесiң.

Қайғы шегiп, мұң арқалап, баз кешiп,

Түңiлгендер ауылға кеп түнесiн.

Ие алмаған қиындық пен азап бiр,

ниеттерi, жүректерi азат кiл.

Паналайды сол бiр дархан ауылды,

қалаға кеп сағы сынған қазақ тiл.