ВЕРНУТЬСЯ

   Ей, Ер-тұрманы жоқ пырақ күн,

Аялдай тұршы басында,

Тіршілік атты суаттың.

Таң атқанда қара түн,

қазанда ұйып қалатын.

Шешем ошақ басында,

Үміт отын жағатын.

Момын ауыл жүдейтін,

Төзім-бақан тірейтін.

Таудан түскен жалғыз жол,

Аулымызға түнейтін.

Сол жолменен көз көрген,

Аулымыз да өзгерген.

Бақыт, Шаттық келетін,

Кетед және сол жолмен.

Я, ақ сүйек қара өлең,

Сонда арман боп қарап ең.

Жаттап алып бала қыз -

Қара шашым тарап ем.

Сары күзге өкпелеп,

Сағыныш боп кеткен ек.

өткен күндер ішінен,

сыңсиды бір ақ терек.

Көңілде жүр күрең күн,

Күрең ойға тірелдім.

Күрең тай мен сені іздеп,

Сары күзге кірем мың.