ВЕРНУТЬСЯ

    Сай-сала бір-біріне гүл берісіп,

Жусанға жұтылады түндегі шық.

Өмірден оның да аузы күйген білем,

Жел отыр шалшық суды үрлеп ішіп.

Ол енді жылжытам дер бөктер, шыңды,

Бұлт кетті қалқып жыртық шекпен сынды.

Сабағынан үзіліп өкпек желмен,

Тыныштық құздан құлап кеткен сынды.

 Көктем бұл -

келіп жеткен шашуын ап,

Титтей бұлақ ағады тасынып-ақ.

Қаланы аралайды қырдың желі,

Адамдар тобырына қосылып ап.

Қыр желі ол әр қаланы,

Көліктің көптігіне таң қалады.

Тек қана Алматыға келе алмайды,

Алатау қызғанады ол қаланы.