ВЕРНУТЬСЯ

    Құйынға билік айтты дала шаңы,

Қамыс соны талқылып, таласады.

Илеу-қала салуда құмырсқалар,

Күн сайын өсіп жатыр «қала» саны.

Көктем жүр шуағымен үңгіп маңды,

Сұлулықтан шошынып сұмдық қалды.

Тұнып тұрды жып-жылы самал даусы,

Көк құрақ

-        
Орманбыз!- деп мүлгіп қалды.

Құмырсқа аралап жүр сол орманды,

Іздейтін секілді ол да жоқ арманды.

Көбелек - сабағы жоқ гүл секілді,

Бал ара сол жайында хабарды алды.

Қара жол ақ бұлақты аттай барып,

Сонау тауға беттеді бақты айналып.

Қара жермен жарысқан киіктерге,

Құйындар жалт қарады тоқтай қалып.

Тас жатыр бойын жуып бұлақ асты,

Ақ бұлақ көл іздеумен мың адасты.

Тымық дала...

Гүрс етті мылтық даусы,

Зәресі ұшып құйындар тұра қашты.

Сұрақ даусы барады иіп талды,

Мылтық даусы!...Орнында киік қалды.

Таңданатын несі бар,Тарих куә,

Жүйріктерге талай жол тұйықталды.

Төрт тұяқты өмірің дамылдапты,

Топырақты қып-қызыл жалын жапты.

Кең далада бірге өскен бауырына,

Құйындар кеп топырақ салып жатты.