ВЕРНУТЬСЯ

    Уақыт жүйрiк. Не
iстейтұғын мұршаң бар,

Күн мен түндi есептейдi
кiл сандар.

Құйындарға аң-таң
болып қарайды,

Қыдыруға қолы тимей
жусандар.

Жусандардың iшкi iсiне
кiрiспей,

Құм жатады шаршап, тынған
ұлы iстей.

Бейнетқор да адал
құмырсқалардың,

Iзi жатыр құмға түскен
тiгiстей.

Кейде нөсер жауады бiр
төпеп кеп,

Таңдамайды - тау
үстi деп, етек деп.

Шырмауықтар шырматылып
тағдырға,

Өзендер жүр
бiрiн-бiрi жетектеп.

Соның бәрiн. . .
көңiлiммен шарлаймын,

өмiр көшер шаттығына
жалғай мұң.

Өлеңiмнен көмек сұрай
келедi,

Теңiзге өзiн түсiндiре
алмай құм.

Сары құм-ай, қинайды
өмiр сенi де,

Не айта алам сенiң
бұйрат белiңе?

Адамдар да түсiнбейдi
бiр-бiрiн,

Мықты болсаң, түсiнiп
көр менi де.