ВЕРНУТЬСЯ

    Жел,

Кімді көріп тоқтадың?

Тына қалдың.

Орнай қалды бақта мұң.

Үп етуге жоқ қалің.

Әлде сенің өлген күнің осы ма?

Жұрттан өлі денеңді де жасыра,

Туған күні жоқ таулардың,

Мұң шағасың тасына.

Қайдан ұқсын тас сені,

Жаңбыр десем,

көзіңдегі жас па еді?!

Көрсетпеші!

Күлмей ме екен қас пері.

Жүр, Екеуміз ақ бұлаққа баралық.

Мөлдір шықтан гүлге монша тағалық.

Ақ бұлақпен жарысып,

Сонау көлге,

одан да әрі баралық.

Сен де еркеле,

Жапырақтар сыбдырына асылып,

өкінішің ақ бұлаққа шомылсын.

Алдымызда күліп тұрсын дос-үміт,

Келер күні жақындады қардың да,

Сағынышқа бетін бояп тал мұнда,

Бір үмітті асырап ап,

Ол да күліп тұр ғой, әне, алдыңда.

Жел, кімді көріп тоқтадың?

Менің-дағы қозғалуға жоқ халім.

Жұбаттым ғой мен сені,

Енді мені сен жұбатшы,

өліп қалар шақтамын.