ВЕРНУТЬСЯ

Соғыстар келіп су ішкен

    Ен-таңба салмай
күндерге,

Өтетiн уақыт өктем-ақ.

Соғыстар жүрген бұл
жерде,

Шинелiн оқпен көктеп ап.

Маңдайдан ащы ағып тер,

Ұмыт та қалып аялы үн.

Бұл жерде жазған
танктер,

Соғыстың өмiрбаянын.

Қабырғасы елдiң кетiле,

Оққа ұшып жатса арыстар.

Таласып газет бетiне,

Суретке түстi соғыстар.

Көк майса шөбiн отап
бар,

Жаншылып жатты өлiп қыр.

Бос қалған сорлы
окоптар,

Солдатын өзi көмiп бiр.

Оқтары шашып өлi дем,

Тапап бiр суыт жүрiспен,

Сай-сала бір-біріне гүл берісіп

    Сай-сала бір-біріне гүл берісіп,

Жусанға жұтылады түндегі шық.

Өмірден оның да аузы күйген білем,

Жел отыр шалшық суды үрлеп ішіп.

Ол енді жылжытам дер бөктер, шыңды,

Бұлт кетті қалқып жыртық шекпен сынды.

Сабағынан үзіліп өкпек желмен,

Тыныштық құздан құлап кеткен сынды.

 Көктем бұл -

келіп жеткен шашуын ап,

Титтей бұлақ ағады тасынып-ақ.

Қаланы аралайды қырдың желі,

Адамдар тобырына қосылып ап.

Қыр желі ол әр қаланы,

Көліктің көптігіне таң қалады.

Жаһандану

    Жаhандану ақылды да, жүйрiк те,

Қаша алмадық,

көнбiс ойды кидiк те.

Өлеңдегi әрiптерiм таңқалды,

цифрлардың қолындағы билiкке.

Сапырылысты үмiт, күдiк оттары,

Кейбiреулер жалқау күнiн жоқтады.

Теңiз отыр басқа жаққа көшем деп,

Кейбiр өзен демалам деп тоқтады.

Жаhандану бiреулерге ұнап тұр,

Қандай өзi, қай жақта деп сұрап тұр.

Жаhандана алмайтұғын сағыныш,

Сөйлемдердiң көшесiнде жылап тұр.

Жаhандану, сұсты сенiң есiмiң,

Сен боп сөйлер қала, сана, бесiк үн.

Гиперион

    Стефан Цвейг

 

   Сен өзіңнің нені ойлап мұңданатыныңды білесің бе?

   Ол уақыт кеткелі бері қаншама уақыт өтті, 

   сен оны дәл айта да алмайсың,

   бұл өзі қашан болып еді, 

   бірақ, әйтеуір, ондай кездің болғаны анық,

   ол қазір де бар, ол кез сенің өзіңде. 

   Енді сен бұдан да бақыттырақ уақытты, 

   бұдан да керемет әлем болса деп тілеп жүрсің.

 

   Диотима Гиперионға

 

Ауыл

    Момын ауыл, Сағым ауыл керемет,

Әр таңына сенiм нәрiн себелеп.

Ескi көркiн ұзартады ескi ауыл,

Көшелерiн бiр-бiрiне шегелеп.

Сағынышпен күтiп сенi жанары,

ғажап сұлу бiр әнiне салады.

Бiздер жүрген көшелерiн бүтiндеп,

қағып-сiлкiп, қайта төсеп алады.

Ауыл менен қазақ деген - бiр ұғым,

түсiнер кiм қандайлығын құнының?

Қайран ауыл, бiр өзiңнен басталған,

өлең жайлы менiң тұңғыш ұғымым.

Мен ғана емес, күллi ақын ауылдан,

қас дарындар күмбiр күймен "ауырған".

Страницы