ВЕРНУТЬСЯ

Шырт ұйқыда жатыр ару Астанам

    Шырт ұйқыда жатыр
ару Астанам,

Мына бiздей ақындарын тоспаған.

Ақ қалам да
ұйқылы-ояу қалғиды,

Сөйлемдердi сүйреп әкеп тастаған.

Көшеде қыс. Ақ
шабытын жүз бұрап,

Ақындарға елiктейдi
мызғып ап.

Жан түсiнбес жазуларын жазады,

Сауатсыз мұз тереземдi сызғылап.

Қалар артта көсегесi көк түндер,

Қалады ғой бар болса
да жоқ күндер.

Көше бойлай, бүршiк жарып, мәз болар,

саясаттан түк хабары
жоқ гүлдер.

Сол гүлдерден басқа
жанды менсiнбей,

Қалың ойды қалың шаштай тараймын

    Қалың ойды

қалың шаштай тараймын,

күдiктердi қара түнге қамаймын.

Санадағы жалғыз түйiр үмiттi,

қайта-қайта санаймын.

Таң атады күлiмдей,

Күн батады бiлiнбей.

Шимай-шимай қағаздарды лақтырдым,

Жанып-жанып бiткен ойдың күлiндей.

Жанып бiткен. Қалар емес сонда да.

Ақ қаламым жүгiретiн қолбала.

Қара түндi қағаздайын умаждап,

Отыратын мен ғана.

Түнгi көше қарманып,

өздерiнiң жоқтығына таң қалып.

Бұрылыстарда бұғып тұрған үрейлер,

бiр-бiрiне қарасып.

Дала суреті

    Құйынға билік айтты дала шаңы,

Қамыс соны талқылып, таласады.

Илеу-қала салуда құмырсқалар,

Күн сайын өсіп жатыр «қала» саны.

Көктем жүр шуағымен үңгіп маңды,

Сұлулықтан шошынып сұмдық қалды.

Тұнып тұрды жып-жылы самал даусы,

Көк құрақ

-        
Орманбыз!- деп мүлгіп қалды.

Құмырсқа аралап жүр сол орманды,

Іздейтін секілді ол да жоқ арманды.

Көбелек - сабағы жоқ гүл секілді,

Бал ара сол жайында хабарды алды.

Қара жол ақ бұлақты аттай барып,

Сонау тауға беттеді бақты айналып.

Бәйшешек

     Бәйшешектер жиырма күн ғана өмiр 

сүредi
дейдi.

 

    Қыс таусылды. Қалды алыс
сары жiбек күз.

Ертең-ақ құлпырады
үлбiреп түз.

Келiп қалған көктемнен
зәресi ұшып,

Шатырдан құлап өлдi су
жүрек мұз.

Шуағына тәнті боп өрт
аспанның,

Ақ бұлақ таңдай қағып
қолпаштар мың.

Маужырап күн шуаққа жонын
тосар,

қартайған қу сүйегi жартастардың.

Көктем келдi көгiлдiр. Жылыды
бақ.

Тiршiлiкке жүгiрдi тiрi
бұлақ.

Кемiредi ақ күшiк
жоқшылықты,

Страницы