ВЕРНУТЬСЯ

Гельдерлиннің поэзиясы

    Стефан Цвейг

 

   Пәк боп туған адамдар, жұмбақ жандар,

   Ән оның жамылғысын жұлмасын тек.

   Бір бастасаң, қайтадан өзгермессің

 

            Гректер төрт
стихияны атайды: от, су, ауа және жер, Гельдерлиннің поэзиясы осылардың үшеуін
қамтыған: мұнда тек жер жоқ, салмақтылықтың, беріктіктің символы болып табылатын
жер, күңгірт те тұтқыр, жалғастырушы да, жасап шығарушы да ретіндегі жер Гельдерлинде
жоқ.

Ер-тұрманы жоқ пырақ күн

   Ей, Ер-тұрманы жоқ пырақ күн,

Аялдай тұршы басында,

Тіршілік атты суаттың.

Таң атқанда қара түн,

қазанда ұйып қалатын.

Шешем ошақ басында,

Үміт отын жағатын.

Момын ауыл жүдейтін,

Төзім-бақан тірейтін.

Таудан түскен жалғыз жол,

Аулымызға түнейтін.

Сол жолменен көз көрген,

Аулымыз да өзгерген.

Бақыт, Шаттық келетін,

Кетед және сол жолмен.

Я, ақ сүйек қара өлең,

Сонда арман боп қарап ең.

Жаттап алып бала қыз -

Қара шашым тарап ем.

Сары күзге өкпелеп,

Таң атады қызыққа тоймағандай

    Таң атады қызыққа тоймағандай,

Кешке қайта батады ойлана алмай.

Қаптаған материктер арасында,

Алып Күн жасырынбақ ойнағандай.

Екi тау тұр, бiр ойға беттегендей,

Ортада - көл, берерiм көп дегендей.

Шөлдеп келiп сол көлден су iшкенде,

Екi тау бiр табақтан ет жегендей.

Ақ сәулесiн тұрады ай таратып,

Көк құрақ шаш тарайды шалқалатып.

Жаңғырық та сөнбеуге жаттығады,

Тауларға ол да өзiн қайталатып.

Жаңғырық-ай, бос үнмен жететiнiң -

өмiрiң-ау.

Жоқ сенiң төте тiлiң.

Сүйектім! Алтын тиектім

    Қой тастар - таудың елшісі,

Ұсақтап кеткен демеңіз.

Надандық - жаудың елшісі,

Қайраңға тартар кемеңіз.

Барыңды бордай ұсатпақ,

Көбелек-ойды қуғандар.

Жалаңаш сөзді құшақтап,

Шешінген газет-журналдар.

Заман тұр әрі-сәріде,

Надандық, міне, түсті алға.

Ет өліп кетті бәріне,

Тірілтіп алар күш бар ма?

Шөпшек пе екен, Шөп пе екен,

Тани алмадым түріңді.

Тартқыламақ-а көп бөтен,

Көкпар ғып қазақ тілімді.

«Біз - қазақ!» деге ұлыны,

Тау қылып қайта құрарға,

Көктем мен күз

    Өмірін
жалғыздықпен өткерген түз,

Біз
оған таңданумен шектелгенбіз.

Бұл
адам табиғатты қалай ұқсын,

Бір-бірін
түсінбейді көктем мен күз.

Көктем
тұрып: «Мен - өмір сәні» дейді,

Күз:
«Кәрілік - өмірдің мәні» дейді.

«Жапырақ
жасыл түсті» дейді көктем,

Күз
айтады: «Жапырақ - сары» дейді.

Үзілмесе
екен деп тоқтық әні,

Бейбіт
таңым, тағы да аттың әні.

Көктем
мен күз айтысып келедә әлі,

Қыс
келіп екеуін де жоқ қылады.

Страницы