ВЕРНУТЬСЯ

    Өмірін
жалғыздықпен өткерген түз,

Біз
оған таңданумен шектелгенбіз.

Бұл
адам табиғатты қалай ұқсын,

Бір-бірін
түсінбейді көктем мен күз.

Көктем
тұрып: «Мен - өмір сәні» дейді,

Күз:
«Кәрілік - өмірдің мәні» дейді.

«Жапырақ
жасыл түсті» дейді көктем,

Күз
айтады: «Жапырақ - сары» дейді.

Үзілмесе
екен деп тоқтық әні,

Бейбіт
таңым, тағы да аттың әні.

Көктем
мен күз айтысып келедә әлі,

Қыс
келіп екеуін де жоқ қылады.

Талайларды
мәрттікпен ойландырдық,

Аңғалдықпен
талайды қайран қылдық.

Талайлардың
күзі жоқ,

Көктемі
де,

Талайға
арман болды қайран Бірлік.