ВЕРНУТЬСЯ

    Ай-қабақ түннің
әніне салғанда дала,

Аң шыңға барып түн
бұлты қонғанда жаңа.

Дөңгелеп тұрған
дүние дүрсілін тыңдап,

Екеуміз ғана қалып
ек жалғанда дара.

Әмірші уақыт еркіне
көндіре келіп,

Түн көшіп еді
жұлдызын сөндіре беріп.

Қоштасқан сәттен
болсын деп мәңгілік белгі,

Аспаннан біздер қос
жұлдыз белгілеп едік.

Куә даланың қап-қара
шашымдай түнін,

Кезіп бір келмей
сағыныш басылмайтұғын.

Дүнией-ай,

біздер сол кезде
неге ойламадық,

Ол жұлдыздардың
ешқашан қосылмайтынын.