ВЕРНУТЬСЯ

    От болып лаулап керемет жану үшін мен,

Ақ махаббатым,

Жебеші ақ ырысыңмен.

Суық бөлмеде отырып хат жазайын бір,

Саусақтарымды жылытып сағынышыммен.

Заңғар аспаннан жаныма жасын алайын,

Тау өзеніндей биіктен тасып ағайын.

Өктем боп келген өкпелі ағайындарды,

Көктем боп қарсы ап,

өлеңге қосып алайын.

Өткен күндерде Менің де есем бар кеткен,

Менен де мынау ғажайып көшер ме көктем.

Сағыныш деген - бұл да бір көктемгі жаңбыр,

Сатұр да сұтыр төбемнен нөсерлеп өткен.

Тербеші мені, тербеші байтақ әніңмен,

Атыңды атап күн сайын қайталайын мен.

Маған кеп соққан салқынның барлығын-дағы,

Сағынышыммен жылытып қайтарайын мен.