ВЕРНУТЬСЯ

    Шерқала мен Айрақты
кеудесiн оқ тескен

батырлар сынды көрiнедi маған.

 

Ақселеу Сейдiмбек

 

    Маңғыстаудың таулары пышақпен
кескендей тiк құз жасап таусылады. Шамасы бұл дала: 

шұбалаңқылықты ұнатпайды,

мiнезiн де iшектей шұбатпайды.

Сыр бермейдi көрiнген көк аттыға,

Жан
жүрегiн жатса да бұрап қайғы.

Қасқайып
анау тұрған - "Жабай ұшқан"

Қайрақтай
ғып өткiр жел қалай ысқан.

Сол
құздан құлатып ап жалғыз ұлын,

Сорлы
Жабай жүрегi нала құшқан.

Ал
баласы. . .бейкүнә, құлын-арман,

жартас
қысып ұстап қап,тiрi қалған.

Бұл ғажапты бiлмеген
Жабай байғұс,

өзiн құздан лақтырып,күлi қалған.

"Жабай
ұшқан" атанған сол тау едi,

талай
жыр мен аңызға арқау едi.

Бұл тауларда мұң да көп, сұлулық та,

Тiк құздарын мекендер арқар елi.

Ал
мына тау жаңа кеп шеткерiден,

Түрегелiп тұрғандай шекпенiмен.

Анау тау қара түнгi ай бетiнде,

Аумайды ұлып тұрған көк бөрiден.

Мекендеп жүрiп осы бөктер шыңды,

Көк бөрi тауға айналып кеткен сынды.

Ал
мына тау асығып осы жерге,

ентiгiп қазiр ғана жеткен сынды.

Тас
жiгермен тосатын бақытты алдан,

Аппақ
таулар жантайып жатып та алған.

Мұз мұхиттың адасып айсбергi,

Осында
кеп, тау болып қатып қалған.

Сон-о-оу
жерге жаяулап жүрiп барған -

Анау
таудың қабағы сұлық қалған.

Ал
мына тау сүрiнiп кете жаздап,

еңкейiп қап, сол күйi тұрып қалған.

Таң қалар бұл ғажапты көрiп пенде,

Сүйсiнтер биiктiкпен, көрiкпен де.

Мына бiр кiшкене тау жолға шығып,

Қол көтерiп тұрғандай көлiктерге.

Ақ бұлақ таспен ойнап, бөлшектеп те,

Құлайды ұзындығын өлшетпекке.

Құз басына шығады арқарлар да,

Жан-жаққа
өзiн өзi көрсетпекке.

Тау кезем көңiл мұңнан аршылғанша,

Әлi де жан баспаған тау-шың қанша.

Бұл таулардың ғажайып нөсерi бар,

Құятын аспанда бұлт таусылғанша.

Ғажапты осы жерге жиып тұрған,

Таулардың көрмесiне ұйып тұр жан.

Қазақтың өзiне тән сұлулық бұл,

Таулардың ақылына сыйып тұрған.

Шаршатқанда қаланың көк тұманы,

осы таулар құтқарар ақ тұмалы.

Сол тауларға қарасам, әр күнiмдi,

Бас Әрiппен бастағым кеп тұрады.