ВЕРНУТЬСЯ

    Кенеттен
бәрі астаң да кестең сабылды,

Ой-орман шулап, түтiп
тастады бабымды.

Сөйлем жүр анау үтiрiн iздеп,
адасып,

Жоғалған аспан өлең iшiнен
табылды.

Дауыл тұрғандай мидағы
тыныш гүл-бақта,

Үрке бiр
қарап үстi-үстi
келген ырғаққа,

Шимай да шимай қағазға
түскен хаостан,

Дәптердiң
бетi
көшiп
жатқандай бiр
жаққа.

Асығыс бәрi -
ұйқас та, ой да асығыс,

Ақ қалам қазiр -
әулие сынды жасын-ұш.

Ішкі дауылмен жапырып келе
жататын,

Шабыт шіркіннің арты - жаз,
Бірақ...басы - қыс.

Жетiп бiр
келiп
қияды-ау бәрiн
таң-қайшы,

Моншақ та моншақ тер үзiп
жатқан маңдай шы?

Сан ғасыр өттi, отырмын
әлi
үстелде,

ұмыттым мүлдем - қағазы
қайсы, мен қайсы?

Шумақтар! Шумақ! Кідірме
тағы алға атта!

Біріңді бірің жетелей
жүгір! Ал, қапта!

Әні, ана-а-ау буын заулап
барады, өзі өзін,

Ұйқастың соңғы ырғағына
әкеп жармаққа.

Заулап барады...соңғы дем, бәлкім,...ақырғы
үн,

Дәл осы сәтте бәрінен-дағы
батылмын.

Ақ түтек шабыт ішінде,

Өртеніп келе жатырмын.

Жыр туды міне!!! Табаным
жерге тиді енді,

Көңілім көктен оралып,
шаршап, үйге енді.

Шабыттың ғажап
астаң-кестеңі тиылып,

Шертіп отырмын «пенделік» деген күйді енді.